Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (34 - вариант)

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Биология
34 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Өт бөлетін без:
A) Бауыр.
B) Ұйқы безі.
C) Ішек безі.
D) Сілекей без.
E) Жыныс безі.
2. Ашық дала алқаптарында мекендейтiн құстардың өкілі -
A) Қырғауыл.
B) Қарлығаш.
C) Ақ дегелек.
D) Бүркіт.
E) ‡кі.
3. Тірі ағзаларды зерттейтін ғылым:
A) География.
B) Геология.
C) Ботаника.
D) Биология.
E) Зоология.
4. Алқа тұқымдастардың гүлсерігі:
A) Бес біріккен күлтеден, бес біріккен тостағанша.
B) Жай, алты жапырақша.
C) Пішіндері әр түрлі бес күлте.
D) Бес күлте, бес тостағанша.
E) Бірікпеген төрт күлте, төрт тостағанша.
5. Көбінесе сору аймағындағы тамырлар:
A) Шашақ
B) Ауатамырлар
C) Жанама
D) Негізгі
E) Қосалқы
6. Қозықұйрықтың боз арамқұлақтан ерекшелігі:
A) Қалпақшасының асты ақшыл - жасыл түсті.
B) Негізінен топ - топ болып өседі.
C) Жемісті денесі жер бетіне күзде дамиды.
D) Қалпақшасының асты қызғылт түсті, түбіртегінде сақинасы болмайды.
E) Түбіртегі жіңішке, ұзын, түбіртегінде сақинасы бар.
7. Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы ғылым:
A) Экология.
B) Тәнтану.
C) Физиология.
D) Гигиена.
E) Медицина.
8. Сүйек түзілетін ұлпа:
A) бірыңғай салалы бұлшықет
B) эпителий
C) көлденең жолақты бұлшықет
D) жүйке
E) дәнекер
9. Өсімдіктің азот жинақтаушы - түйнек бактериялары орналасқан орны:
A) Тамырда.
B) Жапырақта.
C) Жемісте.
D) Тұқымда.
E) Сабақта.
10. Дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар:
A) Анаэробтар.
B) Прокариоттар.
C) Автотрофтар.
D) Эукариоттар.
E) Гетеротрофтар.
11. Тоқтау суларда тіршілік ететін жылқы қылына ұқсас жұмыр құрт:
A) ішексорғы
B) суыртқы
C) үшкірқұрт
D) сиыр цепені
E) қылқұрт
12. Сүтқоректілердің зәр шығару мүшесі:
A) Кеңірдек
B) Өңеш
C) Қарын
D) Бүйрек
E) Өкпе
13. Биотикалық факторлар:
A) ылғалдылық
B) адамның табиғатты өзгертуіндегі сан - алуан әрекеттері
C) популяциядағы осбьтар арасындағы, табиғат бірлестігіндегі өзара әсері
D) топырақ құрамы
E) температура
14. Көздің бұзылуы ағзада мына дәруменнің (витаминнің) жетіспеуінен
A) Д.
B) С.
C) А.
D) В1.
E) В2.
15. Шоғырлас полиптер қаңқасының түзілетін заты:
A) Фосфор.
B) Ас тұзы.
C) Магний тұздары.
D) Калий тұздары.
E) Әк (ізбест).
16. Жасыл мүктің топырақтан минералды заттарды сіңіретін мүшесі:
A) Тамыры.
B) Ризоидтары.
C) Сабағы.
D) Қауашағы.
E) Жапырағы.
17. Дернәсілдері балықтың денесінде дамитын былқылдақденелілер:
A) Жалаңаш шырыш.
B) Айқұлақ.
C) Жүзім ұлуы.
D) Ұлу.
E) Сегізаяқ.
18. Тамыр сабағынан көбейе алатын өсімдік:
A) Герань (қазтамақ)
B) Бидайық
C) Қайың
D) Бегония
E) Бальзамин
19. Организмдердің табиғи ортаға бейімделуі:
A) Медицина.
B) Экологиялық физиология.
C) Акклиматизация (жерсіндіру).
D) Физиология.
E) Гигиена.
20. Табиғи өсімдік бірлестігіне жатпайтындар:
A) Қарағайлы орман
B) Егістік.
C) Шыршалы орман.
D) Шалғын.
E) Батпақ.
21. Ақуызға (нәруызға) жатпайтын күрделі зат:
A) токсин
B) өт
C) гормон
D) фермент
E) глюкоза
22. Әрбір нейрондағы аксон саны:
A) 4.
B) 3.
C) 7.
D) 1.
E) 5.
23. Қан айналым мүшесін құрайтындар.
A) Тек қана жүрек
B) Тек қана қан тамырлар
C) Тек қана салатамыр
D) Жүрек және барлық қантамырлар
E) Жүрек және қылтамырлар
24. Шаянның қантамыр жүйесі:
A) Тұйық.
B) Тармақты.
C) Шашақты.
D) Жабық.
E) Ашық.
25. Гомологиялық хромосомалардың бір - біріне жақындауы:
A) Трансляция
B) Кроссинговер
C) Коньюгация
D) Митоз
E) Транскрипция
26. Горилланың адамға жақындық белгісі:
A) 12 жұп қабырғасы.
B) Қол, бас, табан, жамбас құрылысы.
C) Бассүйек құрылысы.
D) Жалпақ төс сүйегі.
E) Аяқ - қолының мөлшері.
27. Бір түр дараларының екінші түр дараларына жемтік болуы:
A) Жыртқыштық.
B) Паразиттік.
C) Арамтамақтық.
D) Бәсекелестік.
E) Селбесу.
28. Қорғаныш реңге жатады:
A) Пішіні бұтаққа ұқсас жұлдызқұрт.
B) Шағатын жабайы араның түсі.
C) Усыз жәндіктердің улы жәндіктерге ұқсауы.
D) Зебрдің ашық өрнегі.
E) Ханқызының есте қалатын айқын түсі.
29. Гетерозиготалы ағзада екі жұп белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы:
A) 4
B) 8
C) 6
D) 1
E) 2
30. Онтогенездік дамуда эктодерма қабатынан пайда болатын:
A) Бұлшық ет.
B) Жүйке тақташасы.
C) Зәр шығару жүйесі.
D) Ішек.
E) Хорда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
3 050
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (51 - вариант)
Тест биология (51 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Тест биология (47 - вариант)
Тест биология (47 - вариант)
Биологиядан тест тапсырмалары
Тест биология (38 - вариант)
Тест биология (38 - вариант)
Ерте егiлетiн мәдени өсiмдiктер (1 - 4 С°) – A) Қауын, қарбыз, асқабақ. B) Арпа, бидай, сұлы, шалқан, пияз, сәбiз. C) Күнбағыс, қызылша. D) Жүгерi, мақта. E) Қияр, қызанақ.
Тест биология (22 - вариант)
Тест биология (22 - вариант)
Жидек жеміс: A) Тұшалада, алмада, асбұршақта. B) Қызанда, жаңғақта, тұшалада, бидайда. C) Қарақатта, жүзімде, шиеде, алхорыда. D) Қарақатта, жүзімде, тұшалада, қызанда. E) Жүзімде, алмада, шиеде, қызанда
Тест биология (9 - вариант)
Тест биология (9 - вариант)
1. Өсімдіктің жер асты мүшесі: A) Тамыр. B) Сабақ. C) Гүл. D) Жапырақ. E) Тұқым.
Тест биология (8 - вариант)
Тест биология (8 - вариант)
1. Тірі ағзаларды зерттейтін ғылым: A) Ботаника. B) Зоология. C) Биология. D) География. E) Геология.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×