Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (5 - вариант)

25 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Биология
5 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Өсімдіктің генеративті мүшелері:
A) Гүл, тұқым, жеміс.
B) Тамыр, жеміс.
C) Сабақ, гүл.
D) Тамыр, сабақ, жапырақ.
E) Жапырақ, тұқым.
2. Үстеп қоректендіру:
A) Топыраққа құм қосу
B) Топыраққа су жіберу
C) Топырақты қопсыту
D) Топыраққа тыңайтқыш шашу
E) Жоңышқа егу
3. Вегетативті жолмен көбею:
A) Жыныс жасушалары арқылы.
B) Жеміс арқылы.
C) Ұрық арқылы.
D) Өсімді мүшелер арқылы.
E) Тұқым арқылы.
4. Тұқым себетін топырақ:
A) Тығыз болу қажет.
B) Өте құрғақ болған тиімді.
C) Ауа еркін өтетін болу қажет.
D) Өте дымқыл болуы қажет.
E) Батпақты болу қажет.
5. Астық тұқымдас емес өсімдік:
A) Бидай.
B) Сұлы.
C) Жүгері.
D) Картоп.
E) Қарабидай.
6. Йод алынатын өсімдік.
A) Балдыр
B) Плаун.
C) Бактерия.
D) Саңырауқұлақ.
E) Шаңжапырақ (қырықжапырақ).
7. Қалпақшалы улы саңырауқұлақ -
A) Майқұлақ.
B) Түлкіжем.
C) Ақ саңырауқұлақ.
D) Жалған түбіртек.
E) Арышқұлақ.
8. Гидраның ауыз қуысының айналасындағы қармалауыштарының саны:
A) 15 - 18
B) 15 - 20
C) 1 - 3
D) 3 - 4
E) 5 - 8
9. Қазақстанда кездеспейтін паразиттер:
A) Үшкірқұрт
B) Ішексорғыш
C) Эхинококк
D) Миқұрт
E) Суыртқы
10. Тоспа ұлуының қан айналым жүйесі:
A) ашық
B) үлкен қан айналу жүйесі
C) тұйық
D) кіші қан айналу жүйесі
E) болмайды
11. Астық қорына зиян келтіретін кене:
A) Өрмеккене.
B) Қамба кенесі.
C) Қышыма кене.
D) Алма кенесі.
E) Берішкене.
12. Құстардың зәр шығару мүшесі.
A) Бауыр.
B) Имек түтікшелер.
C) Қуық.
D) Екі бүйрек.
E) Екі жасыл без.
13. Ағза мүшелерінің қызметін зерттейтін ғылым:
A) Гигиена.
B) Өсімдіктану.
C) Физиология.
D) Жануартану.
E) Психология.
14. Жүйке жасушасының атауы.
A) Аксон.
B) Дендрит.
C) Нейрон.
D) Жүйке.
E) Түйін.
15. Адамның омыртқа саны:
A) 29 - 31
B) 33 - 34
C) 34 - 36
D) 28 - 32
E) 40 - 42
16. Қанның қызметіне жатпайтыны:
A) дене температурасын реттеу
B) заттарды тасылмалдау
C) оттегін тасылмалдау
D) ағзаны қорғау
E) заттарды артық қорға жинау
17. Шылым шегу зардабынан болатын өкпе ауруы:
A) Плеврит
B) Тұмау
C) СПИД
D) Силикоз
E) Пәле, рак
18. Күрделі заттардың жай заттарға ыдырауының аяқталуы
A) Қарында
B) Аш ішекте
C) Тоқ ішекте
D) Ауызда
E) Ұлтабарда
19. Эритроцит құрамына кіретін химиялық элемент:
A) кальций
B) темір
C) калий
D) азот
E) оттегі
20. Тері рецепторының орналасқан қабаттары:
A) Сіңірлі.
B) Шел.
C) Майлы.
D) Сыртқы.
E) Ішкі.
21. Көз алмасының қасаң қабықшасы
A) жарық сәулесін еркін өткізеді.
B) зақымданудан қорғайды.
C) қанмен қамтамасыз етеді.
D) бояғыш заттың (пигмент) мөлшері мен таралуын анықтайды.
E) көз ішіне сәуленің түсуін реттейді.
22. Ақуыз және рибонуклеин қышқылы бар органоидтар:
A) Ядро.
B) Гольджи жиынтығы.
C) Рибосомалар.
D) Жасуша орталығы.
E) Митохондриялар.
23. Ферменттер табиғаты жағынан:
A) Майлар.
B) Ақуыздар (нәруыздар).
C) ДНҚ.
D) Минералды тұздар.
E) Көмірсулар.
24. Митоздық бөліну нәтижесінде 1 жасушадан пайда болатыны:
A) 4
B) 3
C) 6
D) 5
E) 2
25. Жасыл түсті тегіс қабықты ас бұршағының генотипін анықтаңыз.(А - тұқымы сары, а - тұқымы жасыл түсті, В - тегіс қабықты, в - бұдыр қабықты).
A) ааВв
B) ААВВ
C) АаВв
D) аавв
E) АаВВ
26. Эволюциялық ілімнің алғаш негізін қалаушы:
A) Т. Шванн.
B) Ч. Дарвин.
C) Ж. Б. Ламарк.
D) К. Линней.
E) М. Ломоносов.
27. Түрлер арасында қоректері біркелкі болған жағдайда туындайтын:
A) Арамтамақтық.
B) Селбесу.
C) Паразиттік.
D) Тіршілік үшін күрес.
E) Жыртқыштық.
28. Әр түрге жататын ағзалардың өзара жағдай туғыза отырып тіршілік етуі:
A) Паразиттік.
B) Селбесу.
C) Арамтамақтық.
D) Жыртқыштық.
E) Бәсекелестік.
29. Агроценоздарға жататындар -
A) Бақша.
B) Орман.
C) Дала.
D) Тундра.
E) Өзендер.
30. Биосферада атом энергиясын пайдаланғанда -
A) Зиянды газдар жинақталады.
B) Көмірқышқыл газының мөлшері азаяды.
C) Радиоактивті сәулелер жинақталады.
D) Көп мөлшерде оттегі сіңіріледі.
E) Атмосфера құрамы ластанады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
5 261
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест биология (49 - вариант)
Тест биология (49 - вариант)
Биологиядан тест жауабымен
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым. Оқушыларды қоршаған ортаны ластамауға өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. тест 6 сынып
Өсімдіктер дүниесі. Биологиядан тест жұмысы.
Тест биология (13 - вариант)
Тест биология (13 - вариант)
Өсімдіктің генеративті мүшелері: A) Гүл, тұқым, жеміс. B) Жапырақ, тұқым. C) Тамыр, жеміс. D) Сабақ, гүл. E) Тамыр, сабақ, жапырақ.
Өскіннің пайда болуы. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
Өскіннің пайда болуы. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
Өскіннің пайда болуы. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскін және тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар туралы білімдерін кеңейту;
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктің вегетивтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерінің бірі тамырдың құрлысын, оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу мен жан - жақты өсімдіктерді тануға ойлау қабілеттерін жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×