Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең әдемі гүлдер

28 сәуір 2013, Жексенбі
Категориясы: Биология
Ең әдемі гүлдер
Мақсаты: оқушыларға әлемдегі ең әдемі гүлдер туралы мағлұматтар беріп, олар туралы қызықты мәліметтер іздету.

№ Гүл аты
Гүл туралы мәлімет

1. Франжипани - Ең әдемі гүлдердің бірі. Неге екенін қайдам бірақ осы уақытқа дейін оны пайда болу жолы табылмай келеді. Бұл гүлдің отаны тропикалық және субтропикалық ормандар. Көптеген елдерде бұл гүл мәңгілік ғұмыр гүлі деп есептеледі.
2. Сакура - Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға итермелейді.

3. Раушан - Бұл гүлдің отаны Иран, ал ертеректе Персия елі болып саналатын. Өз тілдерінде оны «гюль» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны гюлистан дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді екен. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грецияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналған.

4. Лантана - Ең нәзік гүл. Өзінің әдемілігі жағынан орхидеядан кем түспейді.
5. Дендробиум - Бұл орхидеяның түрі, бірақта өзінің әдемілігімен ерекшеленеді.
6. Лотос Бұл гүл әлемдегі ең әдемі гүлдерді бірі. Бұл гүл адамзат тарихында тазалық пен әдеміліктің символы болып келеді.
7. Калла - Өте көп кездесетін гүлдің бірі. оның кейде аққанат деп те атайды. Бұл қарапайым гүл емес, оның бойы толған "у", бірақ соған қарамастан үйлену тойларында оны гүлтесте ретінде көп қолданады.

8. Рудбекия - Бұл гүл бірнеше атауға ие – «қаракөзді сюзанна», «күн қалпағы». Ал негізгі атауды биолог әкелі – балалы Рудбекалардың құрметіне берілген. Рудбекия көңілді, жабайы өсетін, көпжылдық әдемі гүл.
9. Дицентра - Германияда жүрек гүлі ретінде танымал болса, поляктар оны құдай ананың туфлиі деп атайды, ал француздар Жаннетта жүрекшесі деп атаса, орыстар оны жаралы жүрек атайды, барлық ағылшын тілділер оны қанды жүрек деп атайды. Қалай атасада әр елдің бұл гүлмен байланысты өз тарихтары бар. Сезімтал, ертегі гүлі деп айтсақ та аз болмас еді. Гүлдің күлтелері қызыл, ал қызыл немесе ақ түсті болып келеді және сәуір – маусымда гүл жарады.

10. Иксора - Бұл гүлді кейде батыс – үнді жасмині деп атайды. Үнділер халық медицинасында қолданады
11. Орхидеялар - Әлемнің ең әдемі гүлдері болып табылады. Орхидеяларға өте ертеден қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп. Чарльз Дарвиннің өзі бұл гүлді құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған.
12. Лилия - Орхидеямен салыстыруға болатын ғажайып әдемі гүлдердің бірі. Оның әдемілігі адамзатты әлі күнге дейін таң қалдыруда
13 Қызғалдақ - Дүние жүзіне кең таралған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың Отаны туралы пікір таластар өте көп. Бірақ Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
61 806
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Ашық оқу қызметі. Жаратылыстану. "Гүлдер"
Ашық оқу қызметі. Жаратылыстану. "Гүлдер"
Мақсаты: Өсімдіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке құрылымын ажыратып, атай білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Әдемі гүлдер салу
Әдемі гүлдер салу
Балалардың сөздік қорын молайтып, ой - өрісін, тілін, қиялын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
"Флора" кафесіндегі кеш
"Флора" кафесіндегі кеш
Шалқар қаласы, №1 мектеп - гимназиясы. Жоламанова Райса
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл
Әдемі гүлдер
Әдемі гүлдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 "Балдырған" балабақшасының тәрбиешісі Серікбаева Клара Тоғамысқызы "Үздік тәрбиеші" номинациясы бойынша
Әдемі гүлдер
Әдемі гүлдер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті № 7 «Балдырған» балалар бақшасы тәрбиешісі: Серікбаева Клара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×