Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу

01 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Бөлме гүлдерін ыдысқа отырғызу.
Мақсаты:
Тамырланған гүлді ыдысқа отырғызып үйрету. «Бөлме гүлдері» альбом жинақтау. Үйге тапсырма ата - анамен сауалнамаға жауап алу.

Көрнекіліктер: Бөлме гүлдері, тамырланған гүл, ыдыс, тағы басқа қажетті заттар.
Әдіс - тәсіл: көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Барысы:
Балалар мен бүгін топқа келе жатқанда дәлізден бір гүл тауып алдым, сол гүлді топқа әкелдім.(Қураған гүлді көрсету)
Сендер оның атын білесіңдер ме?
- Қазтамақ
Осы гүл біздің топта бар ма?
Үстел үстіне қойып екінші гүлмен салыстыру.
Балалар салыстырады, қураған гүлге көмек керек екенін айтады.(жері кеуіп қалған жапырақтары қураған)
Көмектесер алдында есімізге түсірейікші:
- Гүл - өсімдік, ол табиғатқа жатады?
- Тірі табиғатқа жатады.
- Балалар, гүлдер не үшін керек?
- Гүлдер әдемілік үшін керек гүл туған иесіне, мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.
Гүлдер қайда өседі?(бейнетаспадан, гүлдердің түрін көрсету)
- Далада, бөлмеде, алаңда, орманда.
Дұрыс, балалар, гүлдер екіге бөлінеді: дала гүлдер, бөлме гүлдері.
- Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
Топырақ, күннің көзі, су қажет.
- Гүлді балшыққа отырғызуға болама?
- жоқ.
- Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен?
- Гүлдер тамыр арқылы қоректенеді.
- Тамыр не үшін керек?
- Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су жібереді.
- Кім гүлдің құрылымын пазламен жинап береді?
(тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі)
Балалар гүлді ыдысқа отырғызып, су құяды.

Сергіту сәті.
Ал балалар тұрамыз, үлкен шеңбер құрамыз
Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым
Билеп, билеп аламыз орнымызды табамыз.

Гүлдер туралы тақпақтар.

Ұмытпай күнде су құям гүлге
Тұрады гүлім құлпыртып түрін

Үйде тұрып өсетін
Әкеп гүлдің көшетін
Топырақты салдым да
Отырғыздым қалбырға

Қорытындылау:
Бөлме гүлін отырғызып, оған күнде күтім жасау керек. Гүлдердің пайдасы адамға өте қажет.

Ү/а «Бөлме гүлдері» альбом жинақтау
Ата - аналарға арналған сауалнамалар.
43 009
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ашық оқу қызметі. Жаратылыстану. "Гүлдер"
Ашық оқу қызметі. Жаратылыстану. "Гүлдер"
Мақсаты: Өсімдіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, гүлдердің түрлерімен таныстыру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке құрылымын ажыратып, атай білуге үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Балалардың табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру. Қазтамақ пен фикус гүлі туралы айтып, оларды бір - бірінен ажырата білуге, тани білуге үйрету және күту ерекшеліктерімен таныстыру. Балаларға картоппен бастырмалау әдісі
Гүлдер
Гүлдер
Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын айтуын, оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу.
Гүлдер
Гүлдер
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Ибайдуллаева Э. Ж
Үй гүлдерін отырғызу
Үй гүлдерін отырғызу
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×