Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Терінің құрылысы, қызметі және маңызы

25 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Тобы: 19 ФКб
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойын арқылы ой - өрістерін, ойлау шапшаңдығын дамыту. Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту;
б) Тәрбиелілік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгіме сұхбат, жаңа технология элементтері, логикалық тапсырмалар, іскерлік ойындар.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Терінің құрылысы, маңызы, қызметі жазылған сөздер үлестіру. Әр сөз өз орнын табу.
1 - топ «Терінің құрылысы».
2 - топ «Терінің қызметі».
3 - топ «Терінің маңызы».

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. «Ер дәулеті – еңбекте».
1. Сұрақты суретте.
1. Денсаулықты нығайту, сақтау туралы ғылым.
2. Жасушаны зерттейтін ғылым.
3. Адам бүйрегінің массасы.
4. Бүйректің өте қауіпті ауруы.
5. Бүйрек қызметін зерттейтін дәрігер
6. Бүйректің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Жауаптары:
1. Гигиена
2. Цитология
3. 150 г
4. Нефрит
5. Уролог
6. Нефрон

2. Тест Сұрақтары.
1. Адам бүйрегінің массасы?
А) 100 г В) 150 г С) 350 г
2. Үрмебұршақ пішінді жұп мүше?
А) өкпе В) жүрек С) бүйрек
3. Бүйректің ойыс жағындағы ішкі кеңейген қуысы?
А) бүйрек астауы В) бүйрек қақпасы С) нефрон
4. Бүйрек ұлпасы неше қабаттан тұрады?
А) 3 В) 2 С) 1
5. Зәр шығару мүшесін көрсет.
А) жүрек В) өкпе С) бүйрек
6. Бүйректің сыртқы қоңырқай түсті қабаты?
А) ми заты В) қыртысты зат С) бүйрек астауы
7. Бүйректің ішкі бозғылт түсті қабаты?
А) ми заты В) қыртысты зат С) бүйрек астауы
8. Бүйрек үсті бездері................ жатады?
А) сыртқы секреция бездеріне
В) ішкі секреция бездеріне С) аралас бездерге
Жауаптары:
1. В 5. С
2. С 6. В
3. А 7. А
4. В 8. В
3. Өзін - өзі бағалау.
7 дұрыс жауап – “5”
5 дұрыс жауап – “4”
3 дұрыс жауап - “3”

ІІІ Жаңа сабақты меңгерту кезеңі.
1. Ой жинақтау.
2. “Білгенге маржан”
1. Тұлғамыздың сыртқы жабыны
2. Жеңіл, еркін қозғалуға мүмкіндік береді
3. Судың мөлшерін белгілі көлемде сақтайды.
4. Денеге әр түрлі микробтар енуден сақтайды.
5. Ысып немесе суып кетуден дене қызуын сақтайды.
6. Түсі меланин пигментіне байланысты әртүрлі болады.
Терінің құрылысы. Терінің құрылысын сурет бойынша талдау.
1. Сыртқы (эпидермис) - Эпителий ұлпасынан тұрады.
2. Нағыз тері (дерма) - Дәнекер ұлпадан тұрады.
3. Тері астындағы май клетчаткасы - Май ұлпасынан түзіледі.

IV“Бақытты сәт” ойыны.
1. Бой сергіту
2. Суретпен жұмыс.
3. Жұмбақтас
4. Сіз білесіз бе?
5. Ойлан, тап!

1. “Бой сергіту”
1 – топ. “Терінің құрылысы”.
1. Тері неше қабаттан тұрады? (..........)
2. Қалыңдығы 4 мм - ге дейін болатын терінің үстіңгі қабаты. (.......................)
3. Тер, май бездері, шаш түбірі, тырнақ негізі бар терінің қабаты. (.......................)
4. Май жасушаларымен толы борпылдақ әрі жұмсақ қабат. (................)
5. Терінің туындысы. (......................)
2 - топ. “Терінің қызметі”.
1. Терінің өкпеге ұқсас қызметі. (........)
2. Денені тым салқындаудан және қызудан сақтау қызметі. (.........)
3. Организмдегі су алмасуды реттеу қызметі. (...........)
4. Тітіркенуді қабылдау қызметі. (.........)
5. Химиялық заттардың зиянды әсерінен қорғайтын қызметі.(.......)
3 - топ. “Терінің маңызы”
1. Теріні басқаша қалай айтуға болады? (.............)
2. Ыстық, суық, күю, үсу жарақаттарын білдіреді. (...........)
3. Қандай пигментке байланысты тері әртүрлі болады? (........)
4. Тері мықты және.................

2. Суретпен жұмыс.
Слайдта берілген суреттерге қарап терінің қызметтерін, құрылысын сипаттау.

3. Жұмбақтас
1. Эпидермис 1. Тығыз мүйізді пластинка
2. Дерма 2. Әрі борпылдақ жұмсақ, ширатылған дәнекер ұлпалық талшықтан тұрады.
3. Май клетчаткасы 3. Көп қабатты эпителийден тұратын қабат.
4. Шаш 4. Терінің созылғыштығын қамтамасыз етеді.
5. Тырнақ 5. Төменгі бөлігі жуан түк бүртігі.

4. Сіз білесіз бе?
• Ең жұқа тері көз қабақтарында
• Ең сезімтал тері ерінде
• Ең қалың тері өкшеде
• Тәулігіне теріден 20 гр. тері майы бөлінеді
• Тәулігіне теріден 1, 5 литр су және тер шығады
• 1 гр. тер бөліну үшін 2, 4 кДж жылу жұмсалады
• Адам терісінде 15000 суық және 16000 жылу рецепторлары бар
• Адам шашы сабын көпіршігінен 500 есе қалың, қылтамырлардан 5 есе, өрмектен 20 есе қалың.
5. Ойлан тап. ( PISA әдісі)
1. Асқар денесіне соққы алып, ауруханаға түсті. Дәрігер оның терісі механикалық әсерге ұшырағандығын айтады. Асқардың әсіресе көзінің қабақ терісі қатты зақымданған. Себебі неде? Түсіндір.
2. Адам тер арқылы тәулігіне, шамамен 1, 5 л су жоғалтады. Ал құрғақ ыстық атмосферада денеден 10 л - ге дейін су бөлінеді?
Себебі неде деп ойлайсыңдар?
3. Кішкентай Қайсар ойнап жүріп қолының ұшын жарақаттап алады. Дәрігер оны тексеріп, оның жарақаттап алған жеріне жаңадан тері түзілісі шығатындығын айтады. Дәрігердің тері түзілісі деп айтып отырғаны не нәрсе?

V. Сабақты бекіту.
Дұрыс пайымдауыңды тыңда және белгіле.
▪ Май бездерінде түктің шығару өзегі мен түбірі болады.
▪ Тері құрылысына қарай 5 – ке бөлінеді
▪ Терінің сыртқы қабаты май клетчаткасы
▪ Тырнақ – тығыз мүйізді пластинка
▪ Тері дәм сезу мүшесі болып табылады
▪ Терінің сыртқы қабаты механикалық әсерден қорғайды
▪ Терінің қышқыл беті микробтарды жояды
▪ Тітіркенуді қабылдайтын терморецепторлар дерма қабатында
▪ Тері жылу реттеуге қатыспайды

VI. Оқушыларды бағалау
VII. Үйге тапсырма.
§54. оқу мазмұндау.
Терінің аурулары, гигиенасы жайлы интернеттен мәлімет жинау.
8 676
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Теріні қоршаған орта мен организм арасындағы шектеуші мүше ретінде анықтай алады
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Терінің атқаратын қызметі
Терінің атқаратын қызметі
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев Жаңажол орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шакирбаева Маржан Адырбайқыз
Терінің маңызы мен құрылысы
Терінің маңызы мен құрылысы
Атырау қаласы, Балықшы кенті, Абай атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Жұмабаева Райса Биғалиқызы
Терінің құрылысы мен қызметі
Терінің құрылысы мен қызметі
Биология пәні мұғалімі: Демеугалиева Гулнафис
Тері. Жылу реттеу
Тері. Жылу реттеу
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №48 орта мектептің биология пәні мұғалімі Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×