Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар

13 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Ашық сабақтың тақырыбы: Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Микроорганизмдердің тұрмыста ертеден пайдаланғаны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Микробиология ғылымының негізін қалауға үлес қосқан ғалымдар еңбегімен таныстыру. Прокариоттар мен эукариоттар туралы білімдерін дамыту, есте сақтау және ойлау қабілеттерін жетілдіре, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру салауатты өмір салтын қолдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Дәстүрлі
Әдіс - тәсілдер: Сәйкестендіру тесті, СТО элементтері (ой қозғау, бағалау парағы)
Пән аралық байланыс: химия
Көрнекіліктер: Слайд шоу, ғалымдардың суреттері, қанатты сөздер, микроскоп, қандауын, заттық шыны, пияз, микропрепараттар т. б.

Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сәйкестендіру тесті
ІІІ. Негізгі кезең
1. Жаңа материалды оқытуға дайындық
А) Ой қозғау
Ә) Венн диаграмасы
(микроорганизмдердің пайдасы және зияны)
2. Жаңа материалды оқыту
А) «Ізденімпаз топ» оқушыларының әкелген қосымша
материалдарымен таныс болайық!
Ә) Кітаппен жұмыс (топпен 3 сұраққа жауап іздеу, хабарлау)
ІV. Бекіту.
№4 Зертханалық жұмыс.
Жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялар жасушасының құрылысын микроскоп арқылы зерттеу, жасуша құрылысының үлгісімен жұмыс істеу.
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма.
Қоштасу!

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
(Амандасу, оқушыларды белгілеу, сабаққа даярлық)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сәйкестендіру тесті
Бірінші бағанадан, екінші бағанаға сәйкес жауапты іздеп, санмен белгіле. Мысалы: 25, 34 т. б.

1 - бағана ----------------------------------------------------------------------------------------------2 -бағана
1 Адам ағзасында хромосома саны?--------------------------------------------------------- 1. Ядро
2 Ядросы толық жетілген организмдер?---------------------------------------------------- 2. Хромосома
3 Ядроның бөлінуге дайындық кезеңі?------------------------------------------------------ 3. Прокариоттар
4 Қандай типті хромосомаларда центромера дәл ортасында орналасады?----- 4. Митохондрия
5 «Карион»?------------------------------------------------------------------------------------------ 5. Эукариоттар
6 Ядросы жетілмеген организмдер?---------------------------------------------------------- 6. Пластидтер
7 Ядро неше мембраналы органоид?--------------------------------------------------------- 7. 2
8 ДНҚ - ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік?--------------------- 8. Интерфаза
9 «Энергетикалы станция» деп аталатын органоид?------------------------------------- 9. Метацентрлі х.
10 Тек өсімдік жасушасына тән органоид?--------------------------------------------------- 10. 46
Сәйкестендіру тестінің жауаптары: 110, 25, 38, 49, 51, 63, 77, 82, 94, 106.

ІІІ. Негізгі кезең
1. Жаңа материалды оқытуға дайындық
А) Ой қозғау

1. Балалар біз сендермен күнделікті тіршілікте микроорганизмдерді пайдаланамыз. Солай емес пе?
2. Микроорганизмдерді табиғаттан қалай көреміз?
Өте жақсы, дұрыс! Біздің облысымызда микроорганизмдерді пайдаланып, қандай өнімдер өндіреді? (айран, йогурт, нан т. б. «Эмиль»)
Енді бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз осы микроорганизмдермен тікелей байланысты. Сабағымыздың тақырыбы: Қарапайым құрылысты алғашқы организмдер. Прокариоттар.

Ә) Кітаппен жұмыс (топпен 3 сұраққа жауап іздеу, хабарлау)
Балалар енді сендер 3 топқа бөлінесіңдер әр топта 5 оқушыдан болу керек. Топтың бүгінгі тақырыбымызбен байланысты аты, ұраны, топ жетекшісі болған шарт. Мен әрбір топқа 3 сұрақтан таратып беремін, сол сұрақтарға жауаптарды бірлесіп, іздеп, жауап қайтарасыңдар. Топ басшылары бағалау парағына бағаларыңды қойып отырады. 3 минут уақыт беріледі. ІСКЕ СӘТ!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 159
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
«Ғажайып микроәлем» элективті курс
«Ғажайып микроәлем» элективті курс
Мектеп курсында өте ұсақ тірі ағзалар әлемі – бактериялар, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, қарапайым жануарлар тарауларын оқуға сағат аз берілген, осыған байланысты элективті курста оқушылардың білімін тереңдету барысында микроорганиздер бөлімі
Табиғаттағы тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
Табиғаттағы тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар
Табиғаттағы тірі организмдер туралы, адам организіміндегі химиялық элементтер жөнінде және тірі организмдер мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар туралы түсінік қалыптасады.
Эукариоттық жасушаның құрылымдық – функциялық құрылыс ерекшеліктері
Эукариоттық жасушаның құрылымдық – функциялық құрылыс ерекшеліктері
1. Биология нені зерттейді? (тіршілік туралы ғылым) 2. Өсімдік жасушасының құрылысы? (ядро, цитоплазма. жасуша қабықшасы, пластидтер, вакуоль)
Жүйелеудің ұстанымдары
Жүйелеудің ұстанымдары
Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер айырмашылығын ажырату, организмдерді жіктеуді үйрету.
Генетика және оның даму тарихы
Генетика және оның даму тарихы
Астана қаласы, «Құрылыс техникалық колледжі» химия және биология пәні оқытушысы Мағауин Жеңіс Тезекбаевич
Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі
Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №34 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Алгазина Роза Каскабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×