Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары

28 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Биология
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары. (презентациясымен)

I сайыс. Бұл кім?
Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін кім қалады? (Г. Мендель )
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты (Томас Морган )
Қойдың арқар - меринос қолтұқымын алды (Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин)
Тұқымқуалаушылық материалының көзі – ДНҚ екендігін дәлелдеді? (Джеймс Уотсон)
Қазақстанның молекулалық биология және гендік инженериясы ғылымын дамытты (Мұрат Әбенұлы Айтхожин (1939 - 1987))
ДНҚ – ның молекулалық құрылымының моделін жасады (Фрэнсис Крик)
Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарлар заңың ашты (Николай Иванович Вавилов)
Дәнді және техникалық дақылдардың жоғары өнімді сорттарын алды (Карим Мыңбаев)
Қазақтың ақбас сиырын шығарған ғалым (Бағрам Мұсаұлы Мусин)
Генетика терминін ең алғаш ұсынған ағылшын биологі (У. Бэтсон )

II сайыс. “РАФТ ”
I топ басшысы Г. Мендель
Егер де мен...
II топ басшысы Т. Морган
Егер де мен...

III сайыс “Генетикалық есептер”
Қызғалдақтың күлтесін қызыл түсін анықтайын ген, ақ түсін бақылайтын геннен басым. Күлтесі қызыл қызғалдақ пен күлтесі ақ қызғалдақты шағылыстырғанда алынған ұрпақтың генотипін және фенотипін көрсетіңдер

Суреттегі шағылыстыру үлгісіне көңіл аударыңдар. Гендердің өзара әсерінің қай типіне жатады? F2 ұрпақтардың генотипін анықтандар.
Осы шағылыстырудағы супрессор генін көрсетіңдер.

Суретті қараңдар. Бірінші және екінші ұрпақ шымшықтарының генотипін анықтаңдар

Үлгіде адамда гемофилия ауруының тұқым қуалауы берілген. Мұндай тұқым қуалау типін қалай атайды? Шешесі гемофилия гені бойынша гетерозиготалы болса, әкесі сау болса, отбасының ұрпақтары қандай болмақ? Үлгісін жазып түсіндіріңдер

IV сайыс. “ Білім биржасы ”
Мендельдің II заңы - ажырау заңы
I ұрпақтағы алынған гибридтерді өзара будандастырған жағдайда, II ұрпақта белгілердің ажырауы жүреді.

Мендельдің III заңы - тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Бір - бірінен айқын екі жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жағдайда екінші ұрпақта белгілер жұбының тәуелсіз тұқым қуалауы және олардың ата - аналарына ұқсамайтын жаңа үйлесімдер түзуі байқалады. Басқаша айтқанда, дигибридті будандастыру бір - біріне байланысы жоқ екі моногибридті будандастыру болып табылады.

Харди – Вайнберг заңы
Популяциядағы генотип пен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын заң.
Морган заңы
Бір хромосоманың бойында орналасқан және тіркесіп тұқым қуалайтын гендер тобы тіркесу топтарын құрайды.

Комплементарлық
Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты
гендердің бірін - бірі толықтырып жаңа белгіні
шығаруы
Полимерия
Аллельді емес бірнеше гендердің дара әрекеттесіп бір белгінің көріну дәрежесін айқындайтын жағдай
Эпистаз
Бір геннің екінші генді жойып жіберуі
Супрессор ген
Басым ген

IV а. Венн диаграммасы
● Хромосомалық мутация
●Геномдық мутация

V сайыс. “Футбол ойыны”
(Шарты: Топ бойынша сұрақтар беру арқылы, топтар гол ( дұрыс жауап) соғады. Екі топ мүшелері кезектесіп жеке - жеке сұрақ қояды.)
I тайм

1865 ж. Г. Мендель тұқымқуалаушылық заңдарын ашты
1900ж. голландық Г. де Фриз, неміс К. Корренс және австриялық ғалым Э. Чермак тұқым қуалау заңдарын екінші рет ашты
1901 ж. адам қанының тобы анықталды
1905 ж. Э. Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін анықтады
1906 ж. У. Бэтсон генетика терминін ұсынды.
1908 ж. цитоплазмалық тұқым қуалауды зерттеудің негізін неміс ғалымдары К. Корренс пен Э. Бауэр салған
1908 ж. ағылшын математигі Харди мен неміс дәрігері Вайнберг популяциядағы генотиппен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды
1909 ж. ген, генотип, фенотип, терминдерін дат биологы В. Иогансен енгізді.
1911 ж. Т. Морган хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговерді ашты.
1920 ж. Н. И. Вавилов тұқым қуалау өзгергіштігінде сәйкес қатарлар заңын ашты.
1927 ж. орыс ғалымдары Г. Надсон мен С. Филиппов радиоактивті сәулелердің төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарға мутация тудыратынын дәлелдеді.
1930 ж. цитоплазмалық аталық ұрықсыздық құбылысын америкалық ғалым М. Родс ашты.
1933 ж. жыныспен тіркесіп тұқым қуалау заңын Т. Морган ашып, Нобель сыйлығына ие болды.
1944 ж. ДНҚ - тұқымқуалаушылықтың материалдық негізі екендігін американ ғалымы О. Эври дәлелдеді.

VI сайыс. Генетика және халықтық педагогика. Мақалдың жалғасын табыңыз.
● Тектіден текті туар... (сараланып)
● Теріңді өзгерте алсаң да... (тегіңді өзгерте алмассың)
● Аяғын көріп асын іш...(анасын көріп, қызын ал)
● Жеті атасын білген ер... (жеті жұрттың қамын жер)
● Жеті атасын білмеген... (құлағы мен жағын жер)
● Жұртыңды ауыстыра алсаң да... (ұлтыңды ауыстыра алмайсың)
● Салтыңды ауыстыра алсаң да... (халқыңды ауыстыра алмайсың).

VII сайыс. Синквейн
I топ
Тұқымқуалаушылық
II топ
Өзгергіштік

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 896
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Генетика және селекция негіздері
Генетика және селекция негіздері
«Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша 9 - сынып оқушыларының білімін тексеріп, бағалауға арналған тест тапсырмалары
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 10 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 10 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 10 сынып Биология 10 сынып Жаратылыстану - математика бағыты Барлығы 68 сағат (аптасына 2 сағат)
Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі
Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі
Гендер мен хромосомадағы тұрақты өзгерістер нәтижесінде қалыптасқан өзгерісті айтады. Мутация» терминін алғаш Г. Де Фриз өзінің «Мутациялық теория» атты классикалық еңбегінде пайдаланып, ғылыми әдебиетке енгізген.
Генетика мен селекция
Генетика мен селекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып, құзыреттіліктерін дамыту.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің Биология пәні мұғалімі Саулебаева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×