Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Генетика және селекция негіздері

24 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Биология
Білім тексеру
«Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша 9 - сынып оқушыларының білімін тексеріп, бағалауға арналған тест тапсырмалары
І нұсқа
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
А) сұрыптау мен будандастыруды;
Ә) тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті;
Б) адамның шығу тегі мен тарихын;
В) клетка құрамы мен құрылысын.
2. Организмдердің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы:
А) өзгергіштік;
Ә) тұқым қуалаушылық;
Б) будандастыру;
В) сұрыптау.
3. Екі жұп қарама – қарсы белгілері бойынша шағылыстыру:
А) полигибридті;
Ә) дигибридті;
Б) моногибридті.
4. Будандастыру нәтижесінде Ғ1 - де көрінбей қалған белгі:
А) доминантты:
Ә) рецессивті;
Б) аллельді;
В) гомологты.
5. Будандастыру нәтижесінде Ғ1 - де әр жұп белгінің біреуінің көрініс беруі:
А) ажырау заңы;
Ә) өзгергіштік заңы;
Б) Мендельдің бірінші заңы;
В) Мендельдің екінші заңы.
6. Кез келген белгінің бірдей немесе екі түрлі көрінісін анықтайтын жұп гендер:
А) аллельді;
Ә) доминантты;
Б) рецессивті;
В) рекомбинантты.
7. Аллельді гендердің екі түрлі болуы (Аа):
А) гомозиготалы;
Ә) гетерозиготалы;
Б) гомогаметалы;
В) гетерогаметалы.
8. Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы:
А) генотип;
Ә) фенотип;
Б) аллельді;
В) гомологті.
9. Аутосомалар дегеніміз не?
А) жыныс хромосомалары;
Ә) хромосомалардың гаплоидті жиынтығы;
Б) аталық және аналық хромосомалардың біркелкі хромосомалары;
В) дене клеткасының бір түрі.
10. сыртқы орта жағдайларының әсеріне байланысты тұқым қуаламайтын өзгерістердің қалыптасуы:
А) модификациялық;
Ә) комбинативтік;
Б) мутациялық;
В) гендік.
11. Полиплоидия:
А) хромосомалар санының гаплоидті жиынтыққа еселеніп артуы;
Ә) хромосомалар санының еселенбей артуы немесе кемуі;
Б) нуклеотидтердің орналасу ретінің бұзылуы;
В) гендердің өзгеріске ұшырауы.
12. Мутациялық өзгерістердің қалыптасуына қышқылдар, спирттер, алколоидтерді пайдалану мутагендік фактордың қай түрі?
А) физикалық;
Ә) химиялық;
Б) биологиялық;
В) экологиялық.
13. Дене клеткасындағы хромосомалардың саны мен құрылысын зерттейтін генетикалық әдіс:
А) генеологиялық;
Ә) цитогенетикалық;
Б) егіздерді салыстыру;
В) биохимиялық.
14. Тұқым қуалайтын гендік аурулар:
А) даун;
Ә) клайнфельтер;
Б) шершевский - тернер;
В) галактоземия.
15. Жаңа іріктемелер, қолтұқымдар, штамдар алу әдісі туралы ғылым саласы:
А) цитология;
Ә) генетика;
Б) биохимия;
В) селекция.
16. Бір - бірімен туыстық қатынасы жоқ генотиптері әр түрлі дараларды шағылыстыру:
А) инбридинг;
Ә) аутбридинг;
Б) әріден шағылыстыру.
17. Қазақтың ақбас сиыры қандай сұрыптау нәтижесінде шығарылған?
А) мақсатсыз;
Ә) жаппай;
Б) жеке сұрыптау;
В) табиғи сұрыптау.
18. Әріден шағылыстырудың тиімсіз жағы:
А) ауруға шалдыққыш келеді;
Ә) сыртқы орта жағдайына төзімсіз;
Б) тіршілік ұзақтығы төмен;
В) ұрпақ бермейді.
19. Тірі организмдер мен биологиялық процестерді өндірісте қолдану:
А) биотехнология;
Ә) гендік инженерия;
Б) мутагенез.
20. Инсулин гормонын алудың арзан жолы:
А) мутагенез;
Ә) биотехнология;
Б) гендік инженерия.
Дұрыс жауаптары: 1 - ә; 2 - а; 3 - ә; 4 - ә; 5 - б; 6 - а; 7 - ә; 8 - ә; 9 - б; 10 - а; 11 - а; 12 - ә; 13 - ә; 14 - в; 15 - в; 16 - ә; 17 - ә; 18 - в; 19 - а; 20 - б.

ІІ нұсқа
1. Генетика ғылымының негізін қалаған кім?
А) Г. Мендель;
Ә) Т. Морган;
Б) Н. Вавилов;
В) И. Ивановский.

2. Организмдердің өзбелгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілеті:
А) өзгергіштік;
Ә) тұқым қуалаушылық;
Б) будандастыру;
В) сұрыптау.
3. Бір жұп белгілері бойынша шағылыстыру:
А) полигибридті;
Ә) дигибридті;
Б) моногибридті.
4. Будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта бір белгінің көрініс беруі:
А) доминантты;
Ә) рецессивті;
Б) аллельді;
В) гомологті.
5. Будандастыру нәтижесінде екінші ұрпақта екі белгінің де көрініс беруі:
А) біркелкілік заңы;
Ә) өзгергіштік заңы;
Б) Мендельдің бірінші заңы;
В) Мендельдің екінші заңы.
6. Аллельді гендердің екеуінің де доминантты немесе рецессивті болуы:
А) гомозиготалы;
Ә) гетерозиготалы;
Б) гомогаметалы;
В) гетерогаметалы.
7. Будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта аралық сипаттағы жаңа белгінің жарыққа шығуы:
А) толық емес доминанттылық;
Ә) толық доминанттылық;
Б) доминанттылық;
В) дұрыс жауабы жоқ.
8. бір хромосомада орналасқан гендердің тұқым қуалау ерекшелігін зерттеген ғалым:
А) Г. Мендель;
Ә) В. Иогансен;
Б) Т. Морган;
В) Э. Геккель.
9. Организмнің өз ата - аналарынан гаметалар арқылы қабылдаған гендерінің толық жиынтығы:
А) фенотип;
Ә) генотип;
Б) мегатип;
В) кариотип.
10. Алуан түрлі генотиптердің түзілуіне байланысты тұқым қуалайтын өзгерістердің қалыптасуы:
А) модификациялық;
Ә) комбинативтік;
Б) мутациялық;
В) хромосомалық.
11. Гетероплоидия -
А) хромосомалар саны гаплоидті жиынтықта еселеніп артуы;
Ә) хромосомалар саны еселенбей артуы немесе кемуі;
Б) нуклеотидтердің орналасу ретінің бұзылуы;
В) гендердің өзгеріске ұшырауы.
12. Ультракүлгін, рентген, гамма сәулелері мутагендік факторлардың қай тобына жатады?
А) физикалық;
Ә) химиялық;
Б) биологиялық;
В) экологиялық.
13. Гендік мутацияла нәтижесінде пайда болған гендік ауруларды, яғни зат алмасу бұзылуының ауруларын анықтайтын генетикалық әдіс:
А) генеологиялық;
Ә) цитогенетикалық;
Б) егіздерді салыстыру;
В) биохимиялық.
14. Тұқым қуалайтын хромосомалық аурулар:
А) даун;
Ә) қант диабеті;
Б) фенилкетонурия;
В) гипертония.
15. Селекцияның ғылым болып шығуына үлес қосқан ғалым:
А) И. Мичурин;
Ә) К. Тимирязев;
Б) Н. Вавилов;
В) Ч. Дарвин.
16. Өсімдік іріктемелерінің жағымды белгілерін бекіту мақсатында және таза сорттармақ алу үшін қолданылатын будандастыру жолы:
А) инбридинг;
Ә) аутбридинг;
Б) әріден будандастыру.
17. Малдың шаруашылыққа тиімді нақты бір белгісі бойынша ұрпақ алу, көп жағдайда таза сорттамақ алу үшін қандай сұрыптау жүргізіледі?
А) мақсатсыз;
Ә) жаппай;
Б) жеке сұрыптау;
В) табиғи сұрыптау.
18. Арқар меринос қойы қандай шағылыстыру нәтижесінде шығарылады?
А) инбридинг;
Ә) аутбридинг;
Б) әріден будандастыру.
19. Бактерияның көмегімен уран, алтын, күміс алу қандай жолмен іске асырылады?
А) биотехнологиялық;
Ә) гендік инженерия;
Б) Мутагендік.
20. Мутантты штамдар алуға үлес қосқан Қазақстандық ғалым:
А) М. Шығаева;
Ә) М. Айтхожин;
Б) Н. Бутарин;
В) Н. Удольская
Дұрыс жауабы: 1 - а; 2 - ә; 3 - б; 4 - а; 5 - в; 6 - а; 7 - а; 8 - б; 9 - ә; 10ә; 11ә; 12 - а; 13 - в; 14 - а; 15 - б; 16 - а; 17 - б; 18 - б; 19 - а; 20 - а.
76 287
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» қолданбалы курсының оқу бағдарламасы
Биологиядан бағдарланған 11 сыныпқа арналған «Генетика және селекция негіздері» бөлімі бойынша жылдық жоспар берілген. Бұл оқу бағдарламасы ҚР жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде құрылып, біртұтас курс ретінде
Генетика негіздері тарауы бойынша
Генетика негіздері тарауы бойынша
Оқушыларға тереңірек білім беріп, ойлау қабілетін дамыту мақсатында генетика негіздері тарауы бойынша құрастырылған тест сұрақтары ұсынылып отыр.
Генетика тарауын қорытындылау
Генетика тарауын қорытындылау
Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Жусубалина А.Б.
Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы
Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Тұқым қуалаудың хромасомалық теориясы. Тіркес тұқым қуалау және кроссинговер
Тұқым қуалаудың хромасомалық теориясы. Тіркес тұқым қуалау және кроссинговер
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі Шырайымбекова Фатима Ермекқызы
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің Биология пәні мұғалімі Саулебаева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×