Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастыру.
Мендельдің бірінші және екінші заңдары.
Сабақтың мақсаты: Моногибридті будандастыруға түсінік беріп, белгілердің ажырауын мысалдар келтіріп талдау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс.
Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд « Моногибридті будандастыру».

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Нақтырақ ойлан!
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
3. Генетика терминін енгізген ғалым?
4. Тұқымқуалаушылық заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін кім қалады?
5. Мендель зерттеу жұмыстарына не себепті бұршақ өсімдігін алды?
6. Мендель бұршақтың 22 іріктемесін таңдап алып, өсімдіктің негізгі 7 белгісіне көңіл аударды?
7. Гибридология сөзі қандай мағына береді?
8. Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жоспар.
1. Моногибридті будандастыруға Мендельдің жасаған тәжірибесі.
2. Мендельдің бірінші және екінші заңдары.
Моногибридті будандастыру дегеніміз - ата - аналары бір жұп белгілері бойынша ажыратылатын дараларды будандастыру.
Будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта алынған будан өсімдіктердің барлығының тұқымдары сары түсті болып, бірде - бір жасыл түс көрінбеген. Олай болса, ата - аналық екі іріктеменің тек біреуінің ғана белгісі жарыққа шыққан. Бірінші ұрпақта бірден көрініс берген мұндай белгіні Мендель доминантты, ал көрінбей қалған белгіні рецессивті деп атады.
Бұл тәжірибедегі тұқымның сары түсі доминантты, ал жасыл түсі рецессивті белгі.
Әрдайым бірінші ұрпақта әр жұп белгінің біреуі ғана көрініс берген, бұл құбылысты
Біркелкілік ережесі немесе Мендельдің бірінші заңы деп аталады.
Мендель тәжірибені одан әрі жалғастырып, осы бірінші ұрпақтың сары тұқымдарын келесі жылы қайта егіп, оларға өздігінен тозаңдану жүргізген. Күзде пісіп жетілген екінші ұрпақтың өсімдіктерінен барлығы 8023 тұқым жиналған. Сары тұқым - 6022,
ал жасыл тұқым - 2001болған. Есептегенде барлық тұқымның 3 бөлігі сары, ал 1 бөлігі жасыл түсті. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған жасыл түс жасырын күйде болып, екінші ұрпақта шыққан. Доминантты және рецессивті белгілердің арақатынасы 3: 1. Осы құбылысты Мендельдің екінші заңы немесе белгілердің ажырау заңы деп аталады.

Өзіндік жұмыс.
Оқулықтағы 1 - кестені пайдалана отырып, мынадай сұрақтарға жауап жазыңдар.
1. Асбұршақтың 8 іріктемесінің ерекше белгілерін жазыңдар.
2. Бірінші ұрпақ будандарының көрінісіне қарап, доминантты және рецессивті белгілерді жазыңдар.
3. Екінші ұрпақ будандарының арақатынасын жазыңдар.
Логикалық есептер.
№1. Көк көзді жігіттің ата - анасы қара көзді. Ол қара көзді қызға үйленеді. Осы отбасынан бұл белгілері бойынша қандай ұрпақ күтуге болады, егер қара көзді белгі көк көздіге қарағанда доминантты болса?
Жауабы: Балалары қара көзді болады.
2 - есеп.
Адамда оңқайлық белгі солақайлыққа қарағанда басым.(доминантты)
Шешесі солақай, өзі оңқай жігіт оңқай қызға үйленеді. Осы отбасында балалары солақай болуы мүмкін бе?
Жауабы: балалары оңқай да, солақай да болады.
Бекіту сұрақтары:
1. Моногибридті будандастыру дегеніміз не?
2. Біркелкілік заңы деген не?
3. Қандай белгіні доминантты, ал қандай белгіні рецессивті деп атайды?
4. Мендельдің екінші заңын қалай түсінесің?
Қорытынды:
Тест.
1. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеген кезде Г. Мендель
қандай тәсіл қолданды?
А) гибридологиялық
Б) Биохимиялық
С) цитологиялық
2. Мендель бұршақтың 34 сортынан белгілері айқын неше сортын алды?
А) 21
Б) 22
С) 30
3. Мендель өз еңбегін қай жылы жариялады?
А) 1862
Б) 1863
С) 1865
4. Генетика терминин кім ұсынды?
А) Г. Мендель
Б) У. Бэтсон
С). Н. Вавилов
5. Генетика ғылымы зерттейді?
А) сұрыптауды;
Б) эволюцияны;
С) тұқымқалаушылық пен өзгергішлтікті.
6. Мендельдің екінші заңы қалай аталады?
А) Тәуелсіз ажырау заңы;
Б) Ажырау заңы.
С) Біркелкілік заңы
7. Басым белгі қалай аталады?
А) рецессивті;
Б) доминантты;
С) басыңқы
8. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жүргізді?
А) бұршақ;
Б) қызан;
С) намазшамгүл
9. Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?
А) Тәуелсіз ажырау заңы;
Б) Біркелкілік заңы;
С) Ажырау заңы.
10. Көрінбей қалған белгі қалай аталады?
А) рецессивті;
Б) доминантты;
С) аллельді

Тест жауаптары:
1. А, 2. Б, 3. С, 4. Б, 5 С, 6. Б, 7. Б, 8. А, 9. Б, 10. А.
Бағалау. Үйге тапсырма: п. 33. мазмұндау.
64 030
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дигибридті будандастыру
Дигибридті будандастыру
Генетика ғылымы, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары туралы білімдерін жинақтай отырып, Мендельдің заңдылықтарын ұғындыру. Дамытушылық мақсаты
Генетика тарауын қорытындылау
Генетика тарауын қорытындылау
Көкшетау қаласы, М. Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп гимназиясының биология пәні мұғалімі Жусубалина А.Б.
Генетика мен селекция
Генетика мен селекция
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетика мен селекцияның өзара байланыстарын көрсету арқылы этномәдени, экономикалық, экологиялық білім бере отырып, құзыреттіліктерін дамыту.
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Ешмухаметова Бейбітгүл Тұрсатайқызы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы
Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×