Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тері құрылысы, маңызы және аурулары. Гигиена

14 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Тері құрылысы, маңызы және аурулары. Гигиена.

«Ғылым адам санасына болмысы бөлек ерекше ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана ұялайды».
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға терінің маңызын, құрылысын, теріде болатын түктер мен шаштың ерекшелігі туралы айтып, теріде болатын аурулар, түрлері және оларды емдеудің ұлттық тәсілдерінен мағлұматтар беру;
дамытушылық: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулық сақтау мәселелері жайындағы ізденістері мен пікірлерін, ой туындылары өрісін дамытуға шақыру;
тәрбиелік: оқушыларды кез - келген аурудың емі болатындығын, ұлттық емдеу тәсілдерінің адам өміріндегі сас маңызды екендігін түсінуге баулып, гигиеналық талаптарды қатаң орындауына, тазалыққа, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ұжымдық оқыту.
Әдісі: жеке, жұптық, құрамы ауыспалы жұптар, топтық.
Қолданылған әдістер: түсіндіру, ойландыру, жаттықтыру, баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: тері құрылысы көрсетілген муляж, «тері аурулары» туралы таблицалар, слайдтар, қосымша деректер, көрмелер, ылғалды препараттар (бунақденелілер).

Пәнаралық байланыс:
1. Медицинамен: тері аурулары (күйік, үсік және т. б.) болған жағдайда қолданылатын дәрі - дәрмектер туралы айту.
2. Химиямен: теріні ыстықтан, оттан және химиялық заттардан (қышқыл, сілті улы заттар) қорғау керектігін айту.
3. Экологиямен: жерден шығатын ыстық суды адамдардың шипа ретінде пайдалана алады, сол себептен, оны әулие жер деп, үнемі қорғап, күтеді.
4. Тарихпен: оқушыға ауылдағы ақсақал, үлкен кісілерден шипалы батпақтың тарихы жайлы материалдар жинау тапсырылады.
5. Географиямен: ұлттық емдеу тәсілдерінде қолданатын судың нұрлы және қоғам аймақтары туралы баяндау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) сабаққа бағыттау;
ә) оқу құралдарына көз жүгірту;
б) топқа бөліп отырғызу.

ІІ. Сабақтың негізгі кезеңі:
Біз енді өткенді жинақтап, жаңа тақырыпты меңгеруге қозғалыс жасаймыз. Бүгін жеке құрамымызды ауыстырып, топтық түрде өз білгенімізді ортаға салып, сабақты айқындап, қорытындылаймыз.
«Кірісу».
- Ал, балалар өткенді қайталаймыз:
1. Қандай жүйелермен таныстық?
2. Өмір – қозғалыс екенін білесіздер. Біздің жеңіл және еркін қозғалуымызға не мүмкіндік береді?
3. Барлық ағзалардың тері құрылысы бірдей ме?
4. Олар қандай болып келеді?

Терінің маңызы, құрылысы, қызметі?
Сұрақтар:
1 - Топ. «Тері маңызы, құрылысы».
1. Терінің маңызы.
2. Терінің құрылысы.
3. Терінің мүйізделген құрамы.

2 - топ. «Тері аурулары».
1. Жылу реттеудегі терінің маңызы.
2. Тері аурулары, пайда болу себептері.
3. Адам күйгенде, үсігенде, зардап шеккенде көрсетілетін алғашқы жәрдем.

3 - топ. «Тері гигиенасы».
1. Терлеудің организм үшін маңызы?
2. Теріні неліктен таза ұстау керек?
3. Шаш, тырнақ, киім және аяқ киім гигиенасы.

«Жанға шипа, дертке дауа» айдары.
- Ал, балалар теріге байланысты қандай ұлттық емдеу тәсілдерін білесіңдер?
(әр топтан оқушылар өз көрген - білгендерін, естігендерін, оқығандарын ортаға салады)

Оқушылар мынандай ұлттық емдеу тәсілдерін айтады:
1. Шиқанға пиязды отқа пісіріп, жылы күйінде байлайды.
2. Шаш түсе берсе, ақ ешкінің сүтімен жуады.
3. Сүйелді кетіру үшін малдың жүнінен есілген жіпті өртеп, күлін суға араластырып жуады.
4. Терідегі жараны қайың ағаштың қабығымен сүртеді.
5. Терінің бөрітуі, күйік секілді жараларға компресс түрінде асқабақтың ұлпасын енгізіп, басады.

ІІІ. Қорытынды.
Тері – жылу реттейтін мүше. Адам денесінің қызуы бір қалыпты, тұрақты болады. Жылудың бір маусымында адам тыныққанда немесе жұмыс істегенде дененің қызуы +37С - тан аспайды. Адам ағзасында жылу үнемі өндіріледі, ал оның артық мөлшері тері арқылы және адам тыныс шығарғанда сыртқы ортаға бөлініп отырады.
Теріде болатын аурулар:
Күбіртке – саусақтағы тырнақ күбесінің іріңдеп қабынуы. Бұл көбінесе жарақаттан болады. Жұмыс үстінде жараланған саусаққа микроб түссе, оны іріңдетеді, ірің солқылдатып, олар тіпті сүйек пен буынға да шығады.
Терінің әр түрлі жағдайының әсерінен пайда болатын толып жатқан аурулар бар. Тері ауруларын зерттейтін ғылым – дерматология (грекше dermatos - тері, logos - ғылым, ілім) деп аталады. Терінің әр қабатында орналасқан рецепторлар суықты, ыстықты, қысымды т. б. сезеді.

Ой - түйін:
1. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны.
2. Тері үш қабаттан тұрады: сыртқы, ішкі, шел.
3. Теріні дұрыс күтпегеннен әр түрлі аурулар туындайды. Мысалы, күбіртке, шиқан, күйік, үсу, бөртпе.
4. Тері гигиенасын өте қатты сақтау керек.
5. Терінің әр қабатында орналасқан рецепторлар болады, олар суықты, ыстықты, қысымды, т. б. сезеді.
ІV. Бағалау.
Бағалау парағын толтыру.
8 354
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бұлшық еттердің негізгі топтары (слайд)
Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы және маңызы. Адам организміндегі бұлшық еттердің негізгі топтары (слайд)
Бұлшықеттердің маңызы мен құрылысы туралы білім беру; Оқушылардың заман талабына сай сапалы биологиялық білім дағдыларын, дүниетанымын қалыптастыру, табиғаттың біртұтастылығы туралы көзқарастарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушылардың ойын арқылы ой - өрістерін, ойлау шапшаңдығын дамыту. Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту;
Терінің құрылысы мен қызметі
Терінің құрылысы мен қызметі
Биология пәні мұғалімі: Демеугалиева Гулнафис
Тері. Жылу реттеу
Тері. Жылу реттеу
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №48 орта мектептің биология пәні мұғалімі Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Саулебаева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×