Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сандар еліне саяхат

05 наурыз 2014, Сәрсенбі
Тақырыбы: Сандар еліне саяхат
Мақсаты: Балалардың тез санау, цифрларды атау және сандарды ретімен қою біліктерін бекіту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойлау арқылы балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту. Заттардың көлемдері бойынша салыстыруға жаттықтыру. Топпен жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ойыншықтар, кеспе сандар, суреттер, қарындаштар.
Әдіс - тәсілдері: ойын, есептеу, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, қоршаған орта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
- Саламатсыздар ма? құрметті қонақтар!
- Балалар, мен қонақтарды көргеніме қуаныштымын, қонақтармен амандасайық. (балалар қонақтармен амандасып орындарына жайғасады)
- Балалар, сендерге аналарың бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыссын деп көтеріңкі көңіл - күй сыйлап кетті. (балаларға көтеріңкі көңіл - күйдегі смайлик тарату). Сендер де аналарыңды қуантып, бүгінгі ашық сабаққа белсенді қатысыңдар жарай ма? Ал сендер қандай балаларсыңдар? Тақпағымызды еске түсірейік
Мен талапты баламын,
Дайын дәптер қаламым.
Есептерді шығарып,
Бестік баға аламын - дей келе сабағымызды бастайық.
- Ал, балалар, бүгін біз математика сабағынан сандар еліне саяхатқа шығамыз. Қалай ойлайсыңдар ол үшін не істейміз?
- Санаймыз.
- Дұрыс айтасыңдар бұл тек математикада ғана емес өмірде де қажет. Сосын...
- Ойланамыз.
- Дұрыс, ойланбай жауап бермейміз, әрі тапсырманы орындай алмаймыз.
- Ал енді саяхатқа шығатын жолды мына карта көрсетеді. Кәне, бәріміз картаға назар аударамыз. Мынау не?
- Дұрыс бұл нүкте. Жолды біз осы нүктеден бастаймыз. Ал мынау біз жүретін жол. Жолда бізге аялдамалар, орман, тау, аң - құстар кездеседі. Осы жолдан таймай жүре берсек қайда келеміз?
- Қамалға.
- Дәл таптыңдар. Міне, біз картаны оқып шықтық. Менің ойымша әр аялдама - ларда бізді тапсырмалар күтіп тұрған секілді. Тапсырмаларды орындай аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар?
- Орындаймыз.
- Жақсы. Ендеше алға. Бір, екі, үш, төрт, бес,
Аяқты басамыз тез тез

1 - аялдама. Балалар бірінші аялдамаға да жеттік. Бұл аялдаманы көптен бері қараңғылық басқан екен. Күннің бетін айлар бойы бұлттар торлап алған. Күннің көзін ашайық, ол үшін сұрақтарға толық жауап беруіміз қажет. (Тақтада күнді жапқан бұлттардың суреті ілінеді, әр бұлтта сұрақтар жазулы, сұрақтарға дұрыс жауап берілсе бір - бірден бұлттарды алып тастаймын, балалардың сұраққа толық жауап берулерін талап ету).
- Бір жылда неше мезгіл бар?(4)
- Қоянда неше құлақ бар?(2)
- Қасиетті сандарды ата.(7, 9)
- Жігіттің неше жұрты бар?(3)
- 2 - мен 3тің қосындысы нешеге тең?(5)
- 1жылда неше ай бар?(12)
- Қазір қай ай?(екінші ай ақпан айы)
- Бір аптада неше күн бар?(7)
- Бүгін аптаның нешінші күні?(2)
- Дұрыс, балалар, сендердің тапқырлықтарыңның арқасында біз екінші аялдамаға өтеміз.

2 - аялдама. Балалар, екінші аялдамамыз орман екен. Қараңдаршы мына орман - ның ағаштары көңілсіз, жабырқау сияқты. Неге? Ағаштарға не жетпей тұр?
- Жапырақтар.
- Дұрыс - ақ. Ендеше ағаштарға жапырақтар сыйлап кетейікші. Ол үшін мына жапырақтарды рет - ретімен қойып шығайық. Кәне, кім бастайды? (Балалар 1 - ден 10 - ға дейін сандар жазылған жапырақтарды талдың бұталарына рет - ретімен іліп шығады)

- Ағашқа неше жапырақ сыйладық? Санайықшы. Санау: 1, 2, 3,......, 10
- Дұрыс ақ. Келесі аялдамаға барайық.

3 - аялдама. Бұл аялдамада балалар сендерге хат тастап кеткен екен. Хат кімнен келген оқып көрейік. Текшебектің хатын оқу. (Амансыңдар ма, балалар мен сендердің осы жолмен келе жатқандарыңды досым қарлығаштан естідім, мен мына үзік сызықтардың не екенін білмей басым қатты. Сендер маған көмектесетіндеріңе сенемін).
- Егер де мына үзік сызықтарды қосып шықсақ, бір зат шығады екен. Текшебекке көмектесеміз бе? Не зат екенін білгілерің келе ме?
- Ия
- Олай болса алдарыңдағы парақтардағы үзік сызықтарды қарындашпен қосып шығамыз. Қане, бастаймыз. (Тапсырманы орындау.)
(Төртбұрыш, шеңбер, үшбұрыш суреті көрсетіледі)
- Не шықты?
- Шаршы, дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш.
- Бұлардың барлығын бір сөзбен не дейміз?
- Геометриялық пішіндер.
- Тік төртбұрышта неше бұрыш бар?
- Үшбұрышта ше? Дөңгелекте неше бұрыш болады?
- Дөңгелекте бұрыш болмайды. Ол шеңбер.

4 - аялдама. Балалар төртінші аялдамада бізді өзен күтіп тұр екен. Ал өзен көлдерде нелер тіршілік етеді?
- Түрлі балықтар, сегізаяқтар.
- Дұрыс, неше түрлі балықтар болады. Ал мына балық сендерге өз тапсырмасын дайындап қойыпты. Тапсырмасын орындасақ өзеннің арғы жағасына тез - ақ өтеміз.

- Кәне, кім есептердің жауабын қателеспей табады? (Балалардың есептерді қатесіз шығарғанын қадағалау)
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық
Саусақты ашып - жұмайық

5 - аялдама. Қоян өзінің көршілерін таба алмай отыр екен. Біз оған көмектесейік. Ойын «Көршілерін тап». Ойынның шарты: Балалардың мойнына сандары жазылған алқалар ілу. Қоян қолындағы сандарды көтергенде мойнында сол сан бар бала ортаға шығуы керек. Ол санның екі көршісі шығып оң және сол жағына шығады. Ойын осылай жалғасады.
Міне, біз қамалға да жеттік. Қамалдың есігін түртіп ішке кірейік. (Балалар партаның бетін 3 рет түртеді. Есікті Математика ханшайымы ашады, келеді.)
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Менің қамалыма жеткенше сендер көп қызықты аялдамалардан мұқалмай өттіңдер. Мен сендердің тапсырмаларды орындағандарыңды мына сиқырлы айнамнан қарап отырдым. Ерінбей еңбектенгендеріңе рахмет! Сендер менің қамалымнан бос кетпейсіңдер, сендерге дайындаған сыйлығым бар. Ол үшін мына жұмбақты шеше қойыңдар.
Төрт бұрышты, бір ауызды.
(Сандық)
- Дұрыс - ақ сандық. Міне менің сендерге дайындаған сыйлығым мына сандық. Бұл сандық жай сандық емес, іші толған сендердің сүйікті тәттілерің. Сандықты апайларыңа табыстаймын, топқа барып бөлісіп жерсіңдер. Сендердің үйге баратын жолды тез табатындарыңа сенімдімін, сау болыңдар!
Мұғалім: Ал, балалар қонақтармен қоштасатын кез келген сияқты.
Орнымыздан тұрайық.
Қонақтарға қарайық.
Жүректегі жылудан
Қонақтарға сыйлайық.
Бәріміз бірге: Сау болыңдар!
(Әр аялдамаға жеткен сайын аялдамадағы тапсырмалар немесе аялдамада кездесетін кейіпкерлер туралы тақпақ - өлең айтуға болады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 006
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
11, 12, 13 сандарының құрамымен таныстыру
Мақсаты: 0 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау дағдыларын дамыту. 11, 12, 13 – сандарының ондықтармен бірліктерден тұратынын түсіндіру. Өткенді қайталап, білімдерін тия нақтылау, сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар.
1 - ден 5 - ке дейінгі сандар.
5 - ке дейін реттік санауды бекіту, тура және кері санауды меңгерту. Балаларға негізгі бес түстерді топтастыруға үйрету: ақ, қызыл, сары, көк, жасыл.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ойындар арқылы заттардың түстері мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін пысықтап, пішіндерді бір - бірінен ажыратып атай білуге үйрету, қиял болжамдарын дамытып, қабілеттерін шыңдау.
Ашық сабақ «Математика еліне саяхат»
Ашық сабақ «Математика еліне саяхат»
Мақсаты: Балалардың тез санау, цифрларды атау және сандарды ретімен қою біліктерін бекіту. Уақытты бағдарлау жөніндегі білімдерін (таңертең, күндіз, кеш, түн) тереңдете түсу. Апта күндерін атап білу.
Сандар әлеміне саяхат
Сандар әлеміне саяхат
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×