Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзендер

04 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
География пәні мұғалімі: Бақтыбаева Айгүл Жаңабайқы

Жаратылыстану 5 сынып
Тақырыбы: Өзендер
Мақсаты:
Білімділік: Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу.
Дамытушылық: Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы: 1. Үй жұмысын тексеру.
2. Жаңа материалды меңгерту.
3. Бекіту.
4. Үй тапсырмасын беру.

Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы тексеру:
1. Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?
2. Көл дегенді қалай түсінесің?
3. Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?
4. Мұхитта мен теңіз суларының ластануы неге байланысты?
5. Еуразияның жағалауын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?

Жаңа сабақ.
1. Географиялық карталардан өзендердің белгіленуін қарастыру.
2. Өзен дегеніміз не?
3. Бастау.
4. Өзен аңғары.
5. Өзен жайылмасы.
6. Өзеннің саласы.

Географиялық карталарға мән беріп қарасаңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан - жаққа созылып жатқан көкшіл бояуларды көресіңдер. Бұлар жай сызылып қойылған бояулар емес, өзендер. Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Өзеннің басталар жерін бастау деп атайды. Өзен басталар жерінен құяр жеріне дейінге аралықты өзен алабы дейді. Өзен аңғары - өзен алыбындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жер. Көбінесе үлкен өзендерге екі қапталынан кішігірім өзендер келіп құяды. Оларды өзеннің саласы деп атайды. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен – Ніл. Оның ұзындығы 6671 км. Ал ең суы мол өзен – Амазонка. Қазақстандағы ең ұзын өзен - Ертіс.

Бекіту.
Алдымен тақырыпты оқып шығып, атласпен жұмыс жасау. Картадан Ніл, Амазонка, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендерін тауып алып кескін картаға белгілеу.

Сұрақтарға жауап беру:
1. Өзен дегеніміз не?
2. Судың ағыны қалай пайда болады?
3. Өзеннің құрамдас бөліктерін ата?
4. Өзің тұратын ауыл, қала арқылы ағатын өзенге мысал келтір.
Үй тапсырмасы: § 23 оқу, 1 - 3 сұрақтарға жауап беру.
4 416
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көлдер
Көлдер
Көл ұғымы түсінігі мен көлдің ерекшеліктері мен түрлері туралы білімін түрлі схемалар мен интерактивты тақта арқылы қалыптастыру.
Өзендер
Өзендер
Өзен, өзен жүйесінің бөліктерін, олардың орналасу ерекшеліктерін үйреніп, оларды картадан таба алулары тиіс
Өзендер (күнделікті сабақ жоспары)
Өзендер (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық карталарға мән беріп қарасаңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан - жаққа созылып жақан көкшіл бояуларды көресіңдер. Бұлар жай сызылып қойылған бояулар емес, өзендер. Өзен дегеніміз - табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су.
Өзендер. Көлдер. Тоғандар.  Дүниетану 3-сынып
Өзендер. Көлдер. Тоғандар. Дүниетану 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар Білімділік: өзендер, көлдер және тоғандар, олардың айырмашылығы, шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік беру, еліміздегі өзендер және көлдермен таныстыру.
Қазақстанның өзендері
Қазақстанның өзендері
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Өзендер
Өзендер
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің география пәні мұғалімі Балманова Гульмира Советқызы Сыныбы: 5 Тақырыбы: Өзендер Мақсаты: а) білімділік: оқушыларға өзен,өзен жүйесінің бөліктері,олардың орналасу ерекшеліктері мен олардың шаруашылықтағы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×