Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Географиялық алаң

27 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: География
Географиялық алаң
Мақсаты: 1. Оқушылар дүниетанымын кеңейту;
2. Жаңаны білуге қызықтыру;
3. Картамен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
4. Тез ойлана білуге үйрету;
5. Географиядан алган білімдерін ортага салу.
Қолданылатын құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта «ActivInpire» бағдарламасымен.
Бағалау жетондары: Көк жетон - 1 ұпай.
Сары жетон - 3 ұпай.
Қызыл жетон - 10 ұпай.

Ойынның жүру барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды топтарға болу, белгіленген орындарына отырғызу, әділ - қазылар алқасын белгілеу, барлық қатысушылардың назарын аудару.
ІІ Кіріспе бөлім
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ойынның мақсаты мен шарттарымен, ойынға қатысатын топтар мен әділ - қазылар құрамымен таныстыру.
ІІІ Негізгі бөлім
1 тур: «Біздің әлем» топтардың тұсаукесер рәсімі
«PowerPoint» бағдарламасымен жасалған презентация бойынша топтар өз құрамдарымен таныстырады.
2 тур: «ИӘ, ЖОҚ» ойыны
Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай.
Жауап тез - тез берілу керек.

І топтың сұрақтары
1. Қазақстанның шекарасы 2 724, 9 мың км Иә
2. Таулар биіктігіне қарай 4 - ке бөлінеді Жоқ
3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель Иә
4. Қазақстан 6 елмен шектеседі Жоқ
5. Өскемен - Шығыс Қазақстан облысының орталығы Иә
6. Қазақстанда 5 экономикалық аудан бар Иә
7. Мұнайды экспортқа шығаратын елдерді ОПЕК ұйымына мүше елдер деп атайды Иә
8. Италия мемлекеті Апеннин түбегінде орналасқан Иә
9. Түркияның астанасы - Стамбул Жоқ
10. Ең ежелгі материк Гондвана Жоқ

ІІ топтың сұрақтары
1. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет болып жарияланды Иә
2. Тау жыныстары пайда болуына қарай 2 - ге бөлінеді Жоқ
3. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен - Ніл өзені Иә
4. Қазақстан оңтүстігінде Тәжікстанмен шекараласады Жоқ
5. Петропавл - Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Иә
6. БҰҰ - ның штаб пәтері Вена қаласында орналасқан Жоқ
7. Испания - Пиреней түбегінде орналасқан Иә
8. Қазақстанда 16 облыс бар Жоқ
9. Иранның астанасы - Ереван Жоқ
10. Ең ежелгі мұхит – Тетис Жоқ

3 тур: «Елтану» ойыны
Әрбір топқа тақтада 6 - дан елдердін мемлекеттік тулары және сол елдерге қатысты нысандар беріледі. Әрбір топ интерактивті тақтада «ActivInpire» құралдарын пайдалана отырып оларды бір - бірімен сәйкестендіруі керек. Уақыты 30 секунд, түгел дұрыс орындаса 10 ұпай.
І топтың сұрақтары
АҚШ -«Бостандық статуясы»
Қытай -«Қытай қорғаны»
Франция -«Эйфель мұнарасы»
Ұлыбритания -«Вестминстер - парламент үйі»
Испания -«Тореадор»
Италия -«Колизей»

ІІ топтың сұрақтары
Үндістан -«Тадж Макал»
Түркия -«Босфор көпірі»
Германия -«Бранденбург қақпасы»
Жапония -«Фудзияма»
Ресей -«Қызыл алаң»
Чехия -«Карлов көпірі»

4 тур: "Қара жәшік"
Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады
Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай,

І топқа:
Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Атырау облысы Исатай ауданы Жанбай селосы
Х. Наубетов атындағы орта мектеп
География пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Қайреденова Гулфара Аронқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 117
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
«Жас географ» сайысы
«Жас географ» сайысы
География пәні мұғалімі: Оразалиева Асель
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Дарын" мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мусина Камшат Мажитқызы
Географиялық алаң (сыныптан тыс сабақ)
Географиялық алаң (сыныптан тыс сабақ)
ШҚО, Аягөз қаласы, география пәнінің мұғалі Айым Курмангалиевна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
Физика және экономика пәнінің мұғалімі Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×