Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы

29 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту және тереңдету. Балалардың дүниетанымын кеңейту. Ана тіліне және басқа ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар алдында тіл мәртебесін көтеру. Ана тілдеріне деген мақтанышын ояту.
Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіру, өз көзқарасын жеткізе білу, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байыту.
Дамытушылық: Эмоционалды – танымдық ортасын кеңейту. көңіл қоя білу, ойда сақтау, тиянақты сөйлеу әдеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Мақал - мәтелдер арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сигналдық дөңгелекшелер, қоңырау, сыйлықтар, мадақтама қағазы, алғыс хаттар, тест тапсырмалары.

Сайыстың барысы:
1. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру
2. Жүргізушінің кіріспе сөзі, мақсатын түсіндіру, әділ - қазылар алқасын сайлау
3. Сайыскерлердің өзін - өзі таныстыруы.
4. Ойын ережелерімен таныстыру
5. 4 турдан тұратын зияткерлік – танымдық ойын.
І. Бәйге
ІІ. Полиглот
ІІІ. Дода
ІV. Жорға
- Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар ұжымы. Ең алдымен әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.(директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Зайцева Елена Николаевна, ағылшын тілі мұғалімі---------------------, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері – ------------------------

Болыңдар сайысқа келген аман бәрің,
Келіп түр егемендік замандарың.
Қазақ болып туғанмын жер үстінде,
Және де сол тіл үшін жаралғанмын - деп бүгінгі сайысты осындай өлең жолдарымен бастағым келіп отыр.

Сайысқа барлығы 6 оқушы қатысады. 1, 2 турдан кейін ұпай саны аз үш сайыскер ойыннан шығады. Қалған үшеуі 4, 5 турларда білімдерін сынайды.
Келесі сөз сайыскерлерге беріледі.(таныстыру)
Сонымен, 1 тур. «БӘЙГЕ»
Қарап тұрмай бәйгеге кеп еніңіз,
Шәкірттерге әділ - шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз – дей келе, бәйге турының ережелерімен таныстырайын.
Ережесі:
Әркімге жазбаша тест түрінде сұрақтар беріледі. 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап берулері тиіс. Нәтижесін әділқазылар алқасы тексереді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай, дұрыс емес сұраққа минус 1 ұпай.
Ал, сайыскерлер, дайын болсақ бастайық. Баршаңызға сәттілік тілеймін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 312
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр биологы зияткерлік сайысы
ХХІ ғасыр биологы зияткерлік сайысы
Оқушыларға жалпы биология ғылымы туралы білім беру және ғылыми көзқарасын қалыптастыруда жетілдіру. Cынып оқушыларының өзара сайыста жылдам ойлау, тез шешім қабылдау, өз пікірін жеткізе білу бойынша дағдыларын қалыптастыру.
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы
СҚО, Петропавл қаласы, "Дарын" мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мусна Камшат Мажитқызы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×