Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар

07 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: География
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Жаратылыстану 5 сынып
Сабақтың мақсаты: Айналамыздағы дыбыстық құбылыстарды ажырату, дененің тербелу, үйкелу, сығылу және т. б. жағдайлар арқылы дыбыстың шығып жатқандығын оқушыларға түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың ойын жан - жақты дамыту
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке мектепте жай сөйлеуге, шуламауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: Түсіндіру, мысалдар келтіру
Сабақтың көрнекілігі: домбыра, шар, музыка, т. б.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару
б) Оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жылу дегеніміз не?
2. Жылудың қандай түрлері бар?
3. Жылуды немен өлшейміз?
4. Ауаны қыздырғанда көлемі қалай өзгереді?
5. Жылуды не жақсы өткізеді?
6. Аэрозольді неге жылы жерде сақтауға болмайды?

Жаңа сабақ:
Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар. «Жүз рет естігенше, бір рет көргенің артық». Бұған біздердің толық келіспейтініміз, дыбыстың алуан түрлерін есту арқылы қоршаған ортаның өзіне тән ерекшелігін білеміз.
Табиғат көптеген дыбыстардан тұрады. Адамдардың даусы, кұстардың сайраған әні, желдің гуілі, сағаттың соғуы, көліктердің дыбысы және басқа толып жатқан дыбыстар болады. Болып жатқан оқиғаларды анықтап - білудің негізгі хабаршысы дыбыс.

Дыбыс дегеніміз не? Неге біз оны естиміз және ол қайдан шығады? Оның көзі денелердің немесе оның бір бөлігінің тербелу, үйкелу, сығылу және т. б. жағдайлар арқылы дыбысты шығаруы. Тербелу арқылы қоңырау соғылады. Үйкелістен желдің, адамның жүргендігін анықтаймыз. Мысалға, домбыраның дауысы пернелерді жоғары - төмен шертудің нәтижесінде шығады. Кез келген денені қозғалысқа түсіру арқылы оның дыбысын естуге болады.

Құлақты сіріңкемен және тағы басқа үшкір нәрселермен тазалауға болмайды. Ол үшін дүкендерде арнайы ұшына мақта оратылған пласт¬масса таяқшалармен не болмаса сіріңкеге мақта орап, құлақтың ішіндегі жұқа пердені тесіп алмай тазалау қажет. Сонымен бірге қатты айқай - шудан сақтану керек (магнитофон, теледидар, қала және зауыт - фабрикалардың шуылы). Тауда естілетін жаңғырық та дыбыстың бөгеттен шағылу нәтижесі болып табылады.
Жаңғырық — қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.

Дыбыс кедергілерден шағыла отырып, бақылаушыға сәл кідіріп жетеді. Шағылған дыбысты біз дыбыс көзі мен кедергі арасындағы қашықтықты дыбыс толқындары екі рет (дыбыс көзінен кедергіге жетуі және қайтып оралуы) жүріп өткен кезде естиміз. Шағылған дыбыстың барлығын біз жаңғырық ретінде қабылдай бермейді екенбіз. Адам құлағы алғашқы дыбыс пен шағылған дыбысты жеке - жеке қабылдаған кезде ғана жаңғырық пайда болады. Бұл екі дыбыстың қабылдану уақытының арасы 0, 1 с - тан кем болмаған кезде ғана дыбыстар жеке - жеке қабылданады екен. Бұдан біз жаңғырықты дыбыс кезі мен бөгеттің арасы едәуір алыс болған кезде ғана ести алатынымыз байқалады.

Сабақты бекіту:
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыс қайдан шығады?
3. Қатты шу адам ағзасына қалай әсер етеді?
4. Дыбыс дегеніміз не?
5. Неге біз оны естиміз және ол қайдан шығады?

Қорытынды:
Сонымен адамның есті қабілетін жақсарту үшін жақсы және даусы жай шығып тұрған музыка тыңдау керек екендігін білдік музыкалық аспаптарда ойнаған пайдалы. Табиғат аясында құстардың, жануарлардың даусын тыңдап оларды ажырата білген дұрыс.

Үй тапсырмасы:
1. Кітапта көрсетілген тәжірибелерді орындау.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
№147 гимназиясының география пәні мұғалімі
Керимшеева Береке Рысказиевна
19 009
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Айналамыздағы әлем - біздің үйіміз
Адам мен табиғат арасындағы мықты байланыс туралы ұғымды дамыту, адам табиғатта тіршілік ететіні туралы түсінікті қалыптастыру. Табиғатты өзінің үйі ретіндк ұғынуды тәрбиелеу: оның қамын ойлау, қорғау, көмек көрсете білу.
Біздің айналамыздағы ақпарат
Біздің айналамыздағы ақпарат
Ақпарат ұғымы туралы білім алады. Ақпарат түсінігі, әртүрлі формадағы ақпараттармен, ақпаратты өңдеу, сақтау, қабылдау түрлері туралы білімі қалыптасады.
Жылу құбылысы (күнделікті сабақ жоспары)
Жылу құбылысы (күнделікті сабақ жоспары)
Жылу - энергияның белгілі бір пішіні. Мысалға Күн тек жарық берумен шектелмей, жылуды да бөліп шығарады. Жылу бөлу көрсеткішін оның температурасынан білеміз.
Табиғи құбылыстар
Табиғи құбылыстар
Дыбыстық құбылыстарға – құстардың сайрауы, жапырақтың сылдыры, аңдардың ырылдауы, күннің күркіреуі және т. б жатады. Дыбыссыз өмір сүру мүмкін емес сияқты. Ойлап көріңдерші дыбыссыз кинофильмдер, құстардың ән салмауы, адамның бір - бірімен
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Балапан" балабақшасының әдіскері Айнур Мухтаровна
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Қасымова Қарғаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×