Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Маңғыстаудың ежелгі қалалары

25 ақпан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Ғылыми жұмыс.Маңғыстаудың ежелгі қалалары
І. КІРІСПЕ.
Маңғыстау - республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, мұнайдың өлкесі, көл - көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы - кенге, қыры – мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі - кешті көптеген еңбектер жарық көрген.

Маңғыстау – ерте дәуірден тоғыз жолдың торабы. X - XII ғасырларда Еуропаның көптеген сауда порттары мен қалаларын қамтыған Индия – Орта Азия – Еуропа сауда жолының бірі осы түбек арқылы өткен. Бірқатар еңбектерде Маңғыстау – көне кезден Еуропа – Орта Азия, Орта Азия – Кавказ қақпасы көптеген елдерді байланыстырған, осындай маңызды жолдың бойында болуы Маңғыстаудың мәдени экономикалық саяси өміріне елеулі әсер еткен оның дәуіріне сай үлкен цивилизация орталықтарының дәрежесіне жетуіне әкелген.

Маңғыстау туралы деректерді ежелгі грек ғұламалары Геродот пен Страбоннан бастап, эль - Истрахи, Максиди, Әл - Фадлан, Ибн - Фадлалах, Ибн - Батута, Махмуд Қашқари, Абулғазы Баһадүр еңбектерінің қай - қайсысынан да кездестіреміз. Әр дәуірде өлке топырағын басқан Г. С. Карелин, Э. А. Эверсман, Н. И. Андрусов тағы басқа ғалымдар мен саяхатшылар осы аймақтың ертедегі ескерткіштері туралы бағалы пікірлер айтқан.
Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы «Маңғыстаудың ежелгі қалалары» болғандықтан, өлкемізді зерттеген ғалымдардың деректерін пайдаландым. Маңғыстауда ежелгі қалалар көп, бірақ көпшілігінің тарихы бізге беймәлім. Олардың ішінде Маңқыстау, Алтынқазған, Уәлі, Аққауым, Керзі секілді қалалар “Ғайып болған шахарлар” атанып кеткен. Зерттеуімнің түпкі мақсаты - өлкедегі ежелгі қалалар мен камалдардың тарихына тоқталып, замандастарымызға насихаттап, ұрпаққа мұра етіп қалдыру.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Менің алғаш зерттеген қалаларымның бірі - Маңқыстау қаласы. Ол туралы Шаһмардан Есеновтың “Маңқыстау” (1973 ж) кітабында: “ҮII ғасырда Болгар Саксинге жетіп, Каспийдің шығыс бетіндегі Маңқыстау қаласына өтетін. Осы жол XII ғасырда половцылардың қолында болды, олармен жақсы араласқан Русь флоты теңізді шарлай бастады. Хазар мемлекетінің қирауы (X ғ). Маңқыстауға дербестік алып берді.
Үстірт пен Жемнің бойын мекендейтін солтустік оғыздармен бірге Маңғыстау түрікмендері біраз уақыт ешкімге бағынбай, Маңқыстау қаласын әкімшілік орталық етіп, автономия болды, бұл кезде Маңқыстауды Хорезм әлсіреңкіреп бағындыра алмаса керек” |1| деген үзіндіден біз Маңқыстаудың Каспий теңізінің шығысындағы жағаларына жақын орналасқан, себебі мұнда Русьтардың кеме қатынасы туралы айтылғанын және де Маңқыстау қаласы X ғасырға дейін Хорезмнің қоластында болғанын білдім.
Географ Бекранның жазуына қарағанда, Маңқыстаудағы күшті тайпаларды бағындырып алуға Хорезм ең таңдаулы деген жалдамалы армиясын ұстайды, жойқын жорық жасап, Маңқыстау қаласын басып алып, Солтүстік түркмендерді көнуге мәжбүр етеді. Хорезмнің қатал саясатшыл патшасы Атсыз 1155 жылы Хорезм қаласын күшті қамалға айналдырды.

Ал, Текешінің баласы Алладиннің басқаруы кезінде (1200 - 1220жж) ұлы Хорезм дәуірлеу шегіне жетті. Бағдаттан Қыпшақ даласына дейін ұлан ғайыр көп ұлтты жауынгер халықтарды тізе бүктіріп, бас идірді. Еділ мен Жайық, Маңғыстау жеріндегі тайпаларды жаулап алды. Маңқыстау Еуропаға өтетін маңызды сауда жолы болғандықтан, Мұхаммед екінші бұл қалаларды Маңқыстау Хоррезмнің бір отауына айналдырды. |1| Ежелгі мәдениет орны - Маңқыстау аймағы Еуропа мен Орта Азияның мәдениеті тоғысқан мекенге айналды.

Маңқыстау қаласы тарихшылардың жобалауынша, X - XII ғасырларға дейін өмір сүрген. Ал енді бұл қала кайда кеткен, әлде монғол шабуылынан кейін Отырар мен Тараз секілді жойылып кетті ме? Әйтеуір монғол жорығынан кейінгі документтерде Маңқыстау қаласы кездеспейді. Бұл көп болжамымның бірі ғана. Менің төмендегідей болжамым бар: Маңқыстау Каспий теңізінің жағасына жақын орналасқан. Ал, Каспий әр дәуірде әр түрлі өзгерістерге ұшырайтыны бізге мәлім. Сондықтан бұл қала табиғат апатына да ұшырауы мүмкін деп ойлаймын. Қараған мен Сартас пристаны сөз болады. Сартастың күншығыс жағалауында 10 км жерде Шытша деген мол сулы құдық бар. Осы құдықтан 1 км шықпай - ақ Ембі тауы. Тауы ағып жатқан тұщы бұлақ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 964
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Жаратылыстану - математика бағыты бойынша тест жинағы 11 - сыныпқа арналған.
Азия елдері. 1 – тақырып. ШЕТЕЛДІК АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ. §1. Азияның саяси картасы мен аймақтары
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері Конспект Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. 6 - 9 ғасырларда Қазақстанның
Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері. Ежелгі Қазақстан мәдениеті
Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері. Ежелгі Қазақстан мәдениеті
III БӨЛІМ. Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері. Ежелгі қазақстан мәдениеті Конспект Парсы сарайында ұзақ уақыт тұрған Ксенофонт сақтардың тәрбиелілігі туралы мына оқиғаны жазған: “Парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың ат жарысын
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы Конспект Ежелгі Құлата қаласының орнынан 50 гектар жерді алып жатқан металл өңдеудің ірі орталығы табылды. Кенді балқыту үшін дөңгелек және төрт бұрышты пештер пайдаланылды. Бұл пештер кен өндіретін орындарға
Азия елдері. (Қытай, Жапония)
Азия елдері. (Қытай, Жапония)
Азия елдері Саяси бөлінуі Оңтүстік Азия (Пәкістан, Үндістан) Солтүстік Азия (Ресей) Шығыс Азия (Қытай, Жапония) Батыс Азия (Иран, Ауғанстан, Түркия т. б. Орталық Азия (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан)
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×