Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері

09 мам 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
Конспект
Орта ғасырдың басында қалалық өмір қалыптаса бастаған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған. 6 - 9 ғасырларда Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың оңтүстік - батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық мәдениеттің орталығы Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан қалалары болған. Жетісу аймағында Тараз, Талхир, Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан. Қытай жылнамасында Испиджаб қаласының аты кездеседі. Бұл қала Махмуд Қашғаридің жазбаларында Сайрам деп аталған.
Қалалардың құрылысы 3 бөліктен жасалған. Бұл қала тұрғындарының әлеуметтік теңсіздігін көрсетеді. Қаланың орталық бөлігінде бай - шонжарлар тұрған. Орталық бөлікті қоршай орналасқан екінші бөлікте тұрмысы орташа қалыптағы қала тұрғындары, қолөнер шеберлері орналасқан. Үшінші бөлік екіншінің сыртынан қоршай орналасқан. Мұнда егіншілер мен кедейлер тұрған.
Қолөнер бұйымдарын жасауда түріктер кісе белдік жасауға ерекше көңіл бөлген. Ер адамдардың күнделікті тұтыну құралдарын өзімен бірге алып жүруіне ыңғайлы бұйымдары болған. Түріктер кен қорыту ісімен V ғасырдан бастап айналысқан.
Қала санының өсуі сауданың жандануына үлкен әсерін тигізді. Сауда негізгі үш бағытта жүргізілді: халықаралық сауда, қалалардың өз аумағындағы сауда, және қалалықтардың дала халқымен сауда байланысы. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өткен. Жол бойында орналасқан Суяб, Тараз, Испиджаб арқылы сауда керуендері жүрген. Жібек жолының тармақтары Испиджабтан Фарабқа, одан Түркістан арқылы Орталық Қазақстанға қарай созылған.

Конспект сұрақтар
1. Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің теңгелері табылды:
2. Иран, Византиямен сауда келіссөздерін жүргізген түрік қағаны:
3. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы өтетін аймақ:
4. Cауданың жандануына әсер етті:
5. Түрік кезеңінде түсті металдар өндірілген аймақ:
6. Түріктер кен қорыту ісімен айналысқан кезең:
7. Түріктер қолөнер бұйымдарын жасауда ерекше көңіл бөлді:
8. Киіз үй туралы жазылған деректер:
9. Қыстақ - кент тұрғындарының негізгі шаруашылығы:
10. Қалалардың құрылыс жүйесінің бөліктері:
11. Қазіргі Сайрам қаласының бұрынғы атауы:
12. 6 - 9 ғасырларда қалалық мәдениет дамыған аймақ:
13. Қалалық өмір қалыптаса бастады:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
X - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым - білімнің дамуын қорытындылау.
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы
14 - 15 ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы Конспект Монғол шапқыншылығынан кейін мал шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмір ХІІI ғасырдың соңында қайта жандана бастады. Шаруашылықтың 3 түрі болды. Отырықшы жер шаруашылығы Оңтүстік
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
9 - 12 ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы Конспект Ортағасырлық қалалардың көбеюі тұтыну бұйымдарын көп өндіруді талап етті. Сондықтан қалаларда шеберханалар көбейе бастады. Қыш құмыра жасайтын шеберханалар Отырар, Құйрықтөбе,
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы
4 ТАРАУ. 9 ғасырдың екінші жартысы – 13 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Қалалық мәдениеттің дамуы Конспект Ерте орта ғасырға (6 - 9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10 - 12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (қысқа мерзімді жоспарлар)
Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті (қысқа мерзімді жоспарлар)
Сабақ тақырыптары: 1. Отырықшылар және көшпелілер мәдениеті 2. Көшпелілердің материалдық мəдениеті 3. Сəулет жəне өнер (VI – IX ғғ.) 4. Халық ауыз əдебиеті, жазу жəне дін 5. VІ – ІХ ғасырлардағы Қазақстан халықтарының отырықшы және көшпелі мәдениеті
Орта ғасырлық Қазақстан қалалары
Орта ғасырлық Қазақстан қалалары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы Алтаева Гүлжазира Бейсенбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×