Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері. Ежелгі Қазақстан мәдениеті

08 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
III БӨЛІМ. Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері.
Ежелгі қазақстан мәдениеті
Конспект
Парсы сарайында ұзақ уақыт тұрған Ксенофонт сақтардың тәрбиелілігі туралы мына оқиғаны жазған: “Парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың ат жарысын ұйымдастырды. Жарыста жас сақ жігіті алға шығып, мәреге бірінші болып жетті. Парсы патшасы жігітке патшалығын атқа айырбастауды ұсынғанда, ол бас тартып, атын ер жүрек адамның алғысына ғана бере алатындығын мәлімдеді”.
Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым - қатынас б. з. б. 2 ғасырда басталған. Ұлы Жібек жолы үйсіндер мен қаңлылар жері арқылы өткен. Жібекті басшылар мен елшілерге сыйға тартқан, көптеген елдерде жауынгерлерге еңбекақы орнына берген. Ұлы Жібек жолы арқылы Рим шынысы мен теңгелері, Қытайдың ыдыстары мен айналары, жібегі, Еуропа ілгектері, Иранның асыл жүзіктері Қазақстанға жеткен.
Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып, Римге барып аяқталған. Геродот бұл жолдың бір бағытын былайша сипаттаған: Қара теңіз жағалауынан Дон өзеніне дейін, сарматтар жері, Орал маңы, Ертіс пен Алтайға дейін.
Геродоттың айтуынша, бұл жерлерді сарматтар, исседондар, аргиппейлер, аримаспылар мекендеген.
Б. з. б. 6 - 3 ғасырларда сақтар Қытаймен, Үндістанмен, Персиямен сауда қатынасын жасаған. Сақ обаларынан қытай айналары, Ираннан әкелінген бұйымдар табылған.
Сақтар мен сарматтардың өнерінде “аң стилі” деген өзіндік бейнелеу өнері болған. Б. з. б. 7 - 6 ғасырларда шыққан “аң стилінде” жасалған бұйымдар Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Оңтүстік - шығыс Еуропа аумағында табылды.
Арриан көшпелілердің әскери қаруларының ерекшелігін суреттеп жазған: “Cкифтер өздерін және аттарын берік сауытпен мұқият қорғаған”. Мұндай мәліметтерді Геродот деректерінен де көреміз. Шірік - Рабат қаласының орнынан сақ жауынгерінің темір қару - жарағы мен сауыт - сайманы табылған. Еуропада мұндай қарулар орта ғасырларда ғана пайда болды.
Орталық Қазақстанда б. з. б. 7 - 5 ғасырларда “аң стилімен” қатар “полихром стилі” дамыды. Көшпелілер заттарды безендіруді, заттарды түйіршіктермен әшекейлеуді білген. Ал б. з. 3 - 5 ғасырларында полихром стилі барынша гүлденді.
Үйдің қабырғасымен жапсарлас салынған түтіндік үйді толық жылытып тұрған. Түтіндіктің үстіне жататын орын немесе сәкі төсек орнатылған.
Көшпелілердің баспанасы – киіз үй аса қолайлы әрі әбден жетілген құрылыс үлгісі болып саналады.
Көшпелілер көптеген халықтардың күнделікті тұрмысында қолданатын заттары мен тұтыну бұйымдарын жасаған. Үзеңгіні алғаш рет көшпелілер қолданған. Ауыр, түзу семсердің орнына қайқы қылышты жасап шығарған. Ерлердің шалбарын көшпелілер өте ерте кезде ойлап тапқан.

Конспект сұрақтар
1. Көшпелілердің әскери қаруларын сипаттап жазған Македонскийдің тарихшысы:
2. Б. з. 3 - 5 ғасырларында гүлденген өнер:
3. Ғұн үйлеріндегі жылыту жүйесі:
4. Көшпелілердің аса қолайлы және жетілген құрылыс үлгісі:
5. “Аң стилінде” жасалған бұйымдар табылған аймақ:
6. Б. з. б. 6 - 3 ғасырларда сақтармен сауда жүргізген елдер:
7. Ұлы Жібек жолының Геродот сипаттаған бағыты:
8. Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым - қатынас басталған уақыт:
9. Сақтардың тәрбиелілігі туралы жазған ғалым:
10. «Аң стилі» қай ғасырда шыққан:
11. Жүсіп Баласағұнның шығармасын көрсетіңіз:
12. Мұхаммед Хайдар Дулатидың тарихи шығармасын көрсетіңіз:
13. Атақты өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасын көрсетіңіз:
14. «Мухаббатнама» шығармасының авторын көрсетіңіз:
Тақырыптың тесті

Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері. Ежелгі Қазақстан мәдениеті. жүктеу
6 306
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының тармақтары және Қазақстандағы сілемі Конспект Жетісу жері – керуен жолының Шығысқа шығатын негізгі қақпасы. Шығысқа шығатын жолдың басты бір бағыты оңтүстік - батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараздан шығып, Сарқан жері
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Ұлы жібек жолы. Ұлы жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы - маңызды сауда жолы
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп МКМ Тарих пәнінің мұғалімі Казербаева Гульнар Кулжабаевна
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы – маңызды сауда жолы
Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру. Қазақстан жеріндегі бағыттары мен тармақтары, керуен жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы жөнінде білім беру.
Жібек жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы
Жібек жолы - сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясы тарих пәні мұғалімі Шораева Перизада Еренқызы
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Ұлы жібек жолының тармақтары.Ұлы жібек жолының қазақстандағы сілемі.
Қостанай қаласы, №5 орта мектебі Тарих пән мұғалімі Кокеева Амангүл Сабыржанқызы Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы-7-сынып Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының тармақтары. Ұлы жібек жолының Қазақстандағы сілемі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×