Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұмытуға болмайтын оқиғалар

11 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
“Ұмытуға болмайтын оқиғалар.”
(Қазақстан тәуелсіздігіне арналған оқушылардың «Ізденіс» ғылыми қоғамының мектепішілік «Тәуелсіз елім!» ғылыми-тәжірибелік конференциясында)

Съезд Данаға
Пікір.
Қазақстан тәуелсіздігіне орай «Ұмытуға болмайтын оқиғалар
- Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков» атты зерттеу жұмысын алып отырған Съезд Дананың дайындығы қуантарлық жағдайда. Дананың ой-өрісі, таланты жалындап тұрған от тәрізді, сыныпта инабаттылығымен тәрбиелі, мектеп мақтанышы деуге болады. Мектепішілік, аудандық сайыс, облыстық фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушы.
Патриоттық сезімі күшті, шапшаң жылдамдығымен, пысықтығымен көрініп жүр. Патриоттық ой – өрісін дамыту мақсатында «Ұмытуға болмайтын оқиғалар --- Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібеков» атты ғылыми жұмысына өзімнің бағыт-бағдар кеңесімді бере отырып, еңбегі зор, талабы «асқар таудай биік болсын»,- деп зор сенім артамын.
Пікір білдіруші: Джанбаева Маржан

Мазмұны
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Елтаңба авторы: Жандарбек Мәлібековтың өмірбаяны.
2. Өзбекстан Республикасына үлес қосқан шығармашылығы және жетістігі.
3. Қазақстан Республикасына үлес қосқан ерен еңбегі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Тәуелсіздікті нығайту жолындағы ғасырға бергісіз өміріміз жылжып өтуде. Талай-талай мазмұнды оқиғалар тізбегі көз алдымызда. «Қазақстан»- деген ел атын естісе, таңдана қайран қалатын әлем жұртшылығы, бүгінгі таңда біздің еліміздің әрбір аяқ алысына, аршынды қадамына қуана қол соғатын болды.
Ата бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, әрқашанда халық өмірімен тарихын, ұлттық болмысымызбен рухани жанымызды танытатын халықтың тарихи мұрасы болғаны да және болатыны да анық.
Халқымыздың елдікке, егемендікке, ерлікке, жарқын болашаққа, адамгершілікпен парасаттылыққа шақырып, жетелейтін әдеби, мәдени мұралары, сонау ежелгі дәуірден бері келе жатқан шежіреміз бұдан әрі жалғасуда.
Біздің бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлтымыздың рухын асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.
Бірақ, осы елтаңбамыздың авторы туралы мәліметтер өте аз. Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің осы уақытқа дейін қандай идеялары болғаны туралы деректердің жоқтың қасы.
Жандарбек Мәлібеков сәулетшінің көптеген ерен еңбектерін зерттей келе, тек қана сәулетші емес, қазір қандай тұлға???.
Міне осы ағамыздың көптеген еңбектері, өмір баяны, әзілдері туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргіздім.

1. Негізгі бөлім.
Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды бодан болған азат күн.
Елім, жерім, қазағым деп күңіренем,
Өйткені мен тәуелсізбін, азатпын.
Құлтай Жадыра.

Ата бабаларымыздан қалған асыл мұраларымыз, әрқашанда халық өмірімен тарихын, ұлттық болмысымызбен рухани жанымызды танытатын халықтың тарихи мұрасы болғаны да және болатыны да анық.
Осы елтаңбамен тығыз байланысты. Елтаңбаның бейнесінде тереңде жатқан бір сыр бар. Тереңде жатқан тарихымызды, асыл қазынамызды ұштастыра білген Жандарбек Мәлібеков ағамыз болатын.
Жандарбек Мәлімбеков 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келді. 1964 жылы Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Кейін 1964 жылы Өзбекстан Республикасы ғылыми-инженерлік қала құрлысын жобалау институтында, бас сәулетші болды. 1993 жылы Астанаға қоныс аударды. Қазір Астана қаласындағы Л. Н. Гумилева атындағы Евразия Ұлттық университетінде профессор-оқытушы болып қызмет атқарып жүр. Жұбайы Ақшәйі екеуі де, Қызылордалық. Серік, Нұрлан, Досжан үш ұлынан 6 немересі бар. Серік пен Досжан әкелерінің жолын қуып келе жатыр. Нұрлан отбасымен Ташкентте тұрады. Кенже баласы Досжан осы жылы үйленді.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы,
Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі
Орындаған: Съезд Дана
Жетекшісі: Джанбаева Маржан

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 468
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Әжеден қалған-асыл мұрам, киіз басу – өнер маған
Әжеден қалған-асыл мұрам, киіз басу – өнер маған
Киіз басудың түрлі техникасы мен технологиясын меңгерген, негізінен қой жүнін пайдаланатын әжелеріміздің көз салсақ мәселен, киізден басылған гүлді киіз бұйымының өңіріне инемен тығыздау арқылы жіпсіз біріктіруге, желімсіз жапсыруға болатынын бізге
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
ТҮЙІНДЕМЕ Полатова Айнұр Мүслімбекқызы 1974 жылы 21 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм ауылында туылдым. Мекен-жайым: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Байырқұм елді мекені
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы
Түйіндеме Аты-жөні: Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Туған жылы: 14.05.1971 жыл Туған жері: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы Мекен-жайы: Орталық көшесі №23 үй Телефоны: 28-1-06 Отбасылық жағдайы: Жанұялы, 2 ұл, 1 қыз. Білімі: жоғары Санаты: І
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш
Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Тұлғаға бағытталған білім – білім беруді жаңартудың басты бағыты
Тұлғаға бағытталған білім – білім беруді жаңартудың басты бағыты
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектебінің директоры Жолдыбаева Куляш Рахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×