Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш

26 қазан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Исатай аудны, Х. Наубетов атындағы
орта мектептің жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі
Нұрмашева Шарбану Насырқызы

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш.
Мақсаты: Атамекен, туған жер, ел рәміздерін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың суреті, Қ. Р - ның рәміздері, өлеңдер, Лондон Олимпиадасының жүлдегерлерінің суреттері.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Құрметті оқушылар! Бүгінгі Білім күнгі алғашқы сабағымыз мемлекеттік рәміздер туралы. Мемлекеттік рәміздерге Ту, Елтаңба, Гимн жатады. Биылғы жылы Ата заңымызға - 17 жыл, Мемлекеттік рәміздерге - 20жыл.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы - Шәкен Ниязбеков. Мемлекеттік тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Матаның сол жағында ұлттық өрнек. Олардың түсі алтын түсті.

Елтаңба авторлары - суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбада шаңырақ бейнеленген, оны айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, аңыз әңгімелердегідей пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар.

3. Үнтаспадан әнұран( гимн) тыңдалады.
- Балалар, әнұранда не айтылған?
- Әнұран қандай жағдайда орындалады?
- Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтеріледі?
- Мемлекеттік ту қандай жағдайда төмен түсіріледі?
4. Мемлекеттік рәміздерге байланысты суреттер көрсету. Оларға тоқталу.
5. Сұрақ - жауап әдісі арқылы түсініктерін байқау.
1. Мемлекеттік рәміздерді ата?
2. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
3. Қазақстанда қандай халықтар мекендейді?
4. Қазақстан байрағының түсі қандай?
5. Қазақстан байрағында не бейнеленген?

6. Сабақты қорытындылау. Оразқан Асқар "Біздің елтаңба" өлеңімен сабақты қорытындылау.
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес, ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді
Түсіне біл таңбаны.
Аңыздағы ұшқыр, төзімді
Пырақ - халық арманы.
Көгілдір түс аясы -
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ - жұрт панасы,

Уықтар - күн сәулесі.
Жоғарыда түсер көз
Бес бармақты жұлдызға.
Ал "Қазақстан" деген сөз,
Таныс барлық ұл - қызға.
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол - еліміз!

(Өлеңді мәнерлеп оқи отыра мазмұнын түсіндіру)
Кейбір сөздерге тоқталу. Мысалы: Пырақ - ертегілерде кездесетін қанатты тұлпар. Аңыз халық қиялынан туған оқиға.
11 115
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш атты алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
- Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, қадірлі қонақтар және жас ұрпақ, жасөспірімдер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, сағынышқа, шаттыққа толы алғашқы қоңырау мерекелеріңіз құтты болсын!
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным, туым – теңдігім, елтаңбам – елдігім
Әнұраным – айбыным. Қазақстан Республикасының Әнұраны туралы. Бұрын да ел ішінде танымал болған «Менің Қазақстаным» әні 2006 - жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік әнұран ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Арайланып таң атты Алтын сәуле тартты Жарқырайды қаламыз Жарқырайды даламыз
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жезқазған қаласы №10 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досмаганбетова Жумакул Абсаматовна Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы Жай сөйлемнің түрлері (8- сынып) Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет бере
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×