Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері

15 желтоқсан 2013, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
КІРІСПЕ
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.

Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай жасаған оқулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам - талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік - танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы - ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш - қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады. Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан.

Жұмыстың өзектілігі: Ыбырай Алтынсарин – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде қазақ балаларына “Кел, балалар, оқылық” деп жар салудан тынбаған, сол арқылы қазақ балаларының надандық қамытын киюіне жол бермеген бірден - бір тұлға болып қала бермек. Оның осы қанатты сөздері әлі де өз күшін жойған емес. Сондықтан, Ыбырай атамыздың ісін жалғастыратын, арманын орындайтын біздер үшін осы жолдан өту үлкен құрмет және зор міндет.

Мен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаттың 6 «В» сынып оқушысымын. Мектепті Ыбырай атаның өзі 1889 жылы ашқан. 1960 жылдан бастап мектепке ұлы ағартушының есімі берілді. Осы мектепте оқығаннан кейін менің Ыбырай атаның өмірбаянына, ағартушылық қызметіне, шығармашылығына деген қызығушылығым оянды. Ыбырай Алтынсаринмен терең танысқым келді. Осыны мен жадымда сақтап, алдыма мынадай мақсат қойып, жұмысымды жаздым.
Жұмыстың мақсаты: Халқын қалтқысыз сүйген, сол кездегі аянышты халіне күйінген, болашағына зор үміт артқан Ыбырай атамыздың өміріне, шығармашылық жолына және ғылыми жетістіктеріне шолу жасау және қазіргі уақыттағы қазақ жастары үшін Ыбырай Алтынсарин қалдырған өсиетінің өзекті болып табылатынын көрсету.
Жұмыстың міндеттері. Қойылған мақсаттан шыға отырып, келесідей міндеттер қойылды және шешілді:
Ыбырай Алтынсариннің шыққан тегі мен қызметін қарастыру;
ғылыми зерттеу салаларын анықтау;
шығармалары мен аудармаларын зерттеу;
қазіргі уақыттағы Ыбырай Алтынсарин еңбектерінің рөлі мен маңыздылығын көрсету.

І. Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері
1. 1. Өмірбаяны мен отбасы, туған - туысқандары
Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ыбырай Алтынсарин да туған.

Ыбырай (шын аты Ибраһим) Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай қаласындағы Затобол ауданында дүниеге келген. Ыбырай үш жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болады. Оны Кенесары шапқыншылығында өлтіріп кетеді. Ыбырайды әкесінің досы Жетібай Өтемісұлы құтқарып қалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін тәлім - тәрбиені атасы Балғожа биден алады. 1846 жылы Балғожа би Орынбордағы Шекара комииссиясы жанынан ашылатын мектепке Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 22 - тамызда сол мектепке Ыбырай алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады. Ол уақытын жан - жақты білім алуға ерекше ынтамен кіріседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 838
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш кемеңгер
Тұңғыш кемеңгер
Ыбырай қайтыс болғанда, «Оренбургский листок» газетінде берілген қазанамада оның орыс достары: «Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін
«Дала жұлдызы» Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
«Дала жұлдызы» Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
Дала жұлдызы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
Дала жұлдызы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай селосы, Жангелдин орта мектебінің 9-сынып оқушысы: Қонысбек Гүлсая Тексерген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бекенова Индира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×