Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырай Алтынсарин

04 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Ы. Алтынсарин (1841 - 1889)
Ы. Алтынсариннің өмірі
Ы. Алтынсарин 1941 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа би Ыбырайды өзінің орнына ел билеу ісіне даярлау мақсатында 1850 жылы Орынборда жаңадан ашылған жетіжылдық орыс - қазақ мектебіне береді. Ыбырай 1857 жылы осы мектепті үздік бағамен бітірді. Ыбырай атасы Балғожа бидің танысы В. В. Григорьевтің үйінде жүргенде профессор Н. И. Ильминскиймен танысып достық қатынаста болады. Ыбырайды 1879 жылы Торғай өлкесіне мектеп инспекторы қызметіне тағайындайды. Ыбырай 1883 жылы өзінің “Мұсылмандық тұтқасы” атты оқулығын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен бастырып шығарды. Ы. Алтынсарин жүрек ауруының салдарынан 1889 жылы шілденің 17-сінде дүниеден озды, ұстаздың денесін Тобыл өзенінің бойына жерледі.

Ыбырайдың көптен күткен ісі - оқытушылық
1861 - 1863 жылдар аралығында Ыбырай өз бетінше Торғай бекінісінен бір сыныптық мектеп ашуды қолға алып, әуелі мектеп салады. Жергілікті халықпен бірігіп мектепті салып бітіреді. 1864 жылы қаңтар айының 8 - інде мектепті салтанатты түрде ашып, той жасайды. Ыбырай 14 қазақ баласын оқуға қабылдайды. Ыбырай оқытқан балалар не бәрі 3 - 4 айда хат танып, кітапты еркін оқитын хәлге жетті. Ыбырай мектептегі балалар үшін 1879 жылы алдыңғы қатарлы орыс педагогтерінің оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт - дәстүрлері үлгісіне негізделген “Қазақ хрестоматиясы” мен “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” атты оқулықтар басып шығарады.

Ыбырайдың ықпалымен ашылған мектептер
1879 - 1883 жылдар аралығында Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе уезінде жаңа мектептер ашты. 1883 жылы Торғай қаласында тұңғыш қолөнер мектебін ашып, жастарға кәсіптік - техникалық білім беру ісін қолға алды. 1887 жылы Елек уезіне қарасты Бөрте болысынан, Қостанай уезінің Обаған және Жітіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашып, әрқайсысының жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды. 1887 жылы Торғай даласындағы тағы бір айтулы жаңалық болды. Ол - Ыбырайдың көптен бергі арманы, арнайы құралдармен жабдықталған Ырғыз қыздар училищесінің ашылуы еді. Ыбырай ашқан орыс - қазақ мектептеріне білікті, білімді мұғалімдер керек болды. Осы мәселені шешу үшін 1886 жылы Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты. 1888 жылы қыркүйек айының 21 - інде Қостанай қаласында орыс мектебін ашты.

Ыбырай еңбектерінің жетістіктері
Орыстың ұлы педагогтерінің шығармаларын мектептерге таратты.
Ырғыз қыздар училищесінің ашылуы
Қазақ баласының қазақша білім алуы.
“Қазақ хрестоматиясы” кітабына қазақтың байырғы әңгімелерін енгізуі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 316
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин 1841 - 1889 жж
Ыбырай Алтынсарин 1841 - 1889 жж
Үміт еткен көзімнің нұры – балам, Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам. Атаң мұнда анаң мен есен – аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған. (Балқожа)
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері, өмірбаяны
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері, өмірбаяны
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20 - сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш - төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Нургуль Темиргалиева
Ыбырай Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар», «Жаз»
Ыбырай Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар», «Жаз»
Астана қаласы «Техникалық колледжі» МКҚК қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Махметова Жанаргуль Койшыбаевна
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×