Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұңғыш кемеңгер

06 ақпан 2021, Сенбі
Ыбырай қайтыс болғанда, «Оренбургский листок» газетінде берілген қазанамада оның орыс достары: «Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты», деп жазды.
Бұл - Ыбырайдың тарихи еңбегіне берілген зор баға еді және ол күні бүгінге шейін маңызын жойған жоқ.
Ыбырайдың педагогтік, ағартушылық, жазушылық көзқарастары орыстың революцияшыл - демократтарының, озық ойлы ағартушылары мен жазушыларының шығармалары, пікірлері қалыптасты. Ол мектепте жүргенде - ақ Пушкин, Лермонтов шығармаларын оқыған. Бертін келе Герцен, Белинский, Толстой еңбектерімен жақсы таныс болған.
Ыбырайдың әдебиет саласындағы негізгі еңбегі балаларға арналған. Ол өз шығармаларын да, аудармаларын да, қазақтың ауыз әдебиетінен алған үлгілерін де балалардың ой - санасына, ұғымына лайықтап жазды. Шығарманың баланы қызықтыратын оқиғалы болуын, қысқа, тартымды жазылуын қадағалады. Мазмұны жағынан әдебиеттің бала тәрбиесіне тікелей өнеге болатын жағын ескерді. Мұның бәрі Ыбырай Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы деп айтуға мүмкіндік береді.
Ыбырай көркем әдебиет тілінің тазалығы үшін күресті. Балаларға таза ана тілін үйретуді мақсат етті. Оның қазақ тілін былғап, татар, парсы сөздерімен араластырып жүрген діни адамдармен күресі мұңы анық дәлелдейді.
Ыбырай жалаң үгіттің ақыны емес, ол - өз кезінің ең әсерлі, ықпалды, жаңашыл жазушысы. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет - салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озат оқу - білімді, адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін күресті. Бұл мәселелер Ыбырай кезінің сол дәуір ұсынған ең келелі де керекті жаңа тілектері еді.
Ыбырай шашқан тәлім - тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ. Ыбырай мектебі кейін қазақ ішінде білім ошағының жүздеген жаңа орындарына негіз болды.
Сөйтіп, Ыбырай шын мағынасында, оның орыс достары дәл көрсеткендей, «қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер» болды, өз еліне «Еуропа мәдениетінің жарық сәулесін таратты». Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және оны озық ойлы әдебиеттердің арнасына түсіруші есебінде де ол ірі қайраткер болып саналады.
Галпай Ұлжан Әсенқызы,
Филология және әлем тілдері факультетінің 1 - курс студенті
Ф. Қозыбақова, ғылыми жетекшісі 
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ тарих және археология,
этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры
1 393
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Дала жұлдызы» Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
«Дала жұлдызы» Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру.
Дала жұлдызы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
Дала жұлдызы Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Нургуль Темиргалиева
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Ыбырай Алтынсарин “Киіз үй мен ағаш үй” әңгімесі
Астана қаласы, № 18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Төлеуова Гүлшат Қысқашқызы
Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай селосы, Жангелдин орта мектебінің 9-сынып оқушысы: Қонысбек Гүлсая Тексерген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Бекенова Индира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×