Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт

20 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Химия
Жамбыл облысы, Қаратау қаласы,
№2 Қаратау колледжінің химия пәні мұғалімі
Жакенова Манзура Қартқожаққызы

Сабақтың тақырыбы: Күкірт

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Білімгерлерді күкірт және оның қосылыстарымен, тарихи анықтама бере отырып, периодтық жүйедегі орны, оның қасиеттерімен таныстыру.
Тәрбиелік мақсаты: жеке, жұптасып, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, бір - біріне көмектесуге тәрбиелеу
Дамытушылық мақсаты: Білімгерлердің логикалық ойлауын дамыту, ой шақыра білуге, өздігінен ізденуге үйрету, теориялық білімдерін практикамен байланыстыра білуге дағдыландыру.
Сабақтың ұстанымы:
"Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, ақыл - оймен істегенімді түсінемін»
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест, тәжірибелер көрсету.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Баяндау, топпен жұмыс, тәжірибелер көрсету, сұрақ – жауаптар.

Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Өткен материалға шолу
2. Жаңа сабақ
3. Сабақты бекіту
4 Үйге тапсырма беру
5. Бағалау
Сабақтың барысы

Өткен материалға шолу, ой шақыру.
1. Химиялық элементтер белгілері мен қасиеттері бойынша қалай бөлінеді?
2. Бейметалдар саны қанша?
3. Бейметалдар...- дан...- қа дейін жүргізілген диагоналдың оң, жоғарғы жағында орналасқан.
4. Бейметалдардың сыртқы электрон қабатындағы электрон саны қаншаға тең болады?
5. Бейметалдар жылуды және токты қалай өткізеді?
6. ІІІ период бейметалдарының оксидтер мен қышқылдарының формуласын құрыңдар.
7. Қай элементтің таңбасы айдаһар бейнесіне ұқсайды?
8. Ерте заманнан бастап, үйді аластауға, түрлі жараларды емдеуге қолданылатын элемент?
9. Жұмыртқа шіріген кезде қандай газ бөлінеді?
10. Сутек пен күкірт әрекетесе ме? Қандай зат түзіледі?
11. Күкірт жана ма? Түзілген заттың физикалық қасиеті қандай?

ІІ. Жаңа сабақ
1. Шығу тарихы. Күкіртті жағу дезинфекциялау үшін қолданылатынын Гомер атаған
Жаңа материалды өз бетінше меңгерту.

Жалпы сипаттама
Химиялық таңбасы - S
Реттік нөмірі - 16
Атом құрылысы - 1S ²2S ²2P ⁶3S ²3P ⁴
Ол ІІІ периодта 6 топта орналасқан маңызы зор бейматалл. Ол оттекпен бір топшада орналасқан. Күкірт – химиялық элемент. Атомдық салмағы - 16. С. а. м - 32
Бейметалл
Бос, табиғи
Зертханалық жұмыс жасау.
а) физикалық қасиеті
● Күкірт – сары түсті, қатты кристалды зат
● Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық, моноклинді, пластикалық
● Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түрінде тұйықталған сегіз атомнан тұрады
● Суда күкірт ерімейді, спирт пен эфирде нашар ериді; бензолда, күкіртті көміртекте және т. б. жақсы ериді. Сары түсті күкіртті суға салсақ, оның бетіне қалқып шығады. Ол 150C - тан жоғары температурада өте қозғалғыш, мөлдір сары түсті сұйыққа айналады. Одан әрі қыздырса күкірт алқызыл түстен мөлдір түске дейін өзгеретін бу күйіне ауысады. Суда ерімейді
Балқу нүктесі - 115 С
Қайнау - 445

Қолданылуы Дүниежүзілік күкірт өндірісінің 50%- ы Н2 SO4алуға жұмсалады. Қалаған мөлшері резеңке өнеркәсібінде жасанды талшық өндіруде, қопарылғыш заттар алуда, органикалық синтез өндірісінде және ауыл шаруашылығында қолданылады. өнім - электр оқшаулағыш материал болтын эбонит алынады. Аз мөлшерде қосса беріктігін және серпінділігін жоғарылатады. S ауылшаруашылығында өсімдік зиянкестеріне қарсы гербицид ретінде, медицинада тері ауруларын емдеу үшін майлар дайындалады. Химия өнеркәсібінде резеңке бұйымдарын алуда, қара оқ - дәрі, сіріңке жасауда пайдаланылады. Ескерткіштерді, сарайларды әрлеуде алтын түстес қалайы дисульфидін SnS2 өндіруге қолданылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 840
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы жаңа білімді игеріп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Күкірт (S ) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент
Күкірт (S ) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектептің химия - биология пәні мұғалімі Ногайкулова Алтынай Айбадуллаевна
Күкірт
Күкірт
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Аралтоғай ауылы, Сейдалы Оразалин атындағы орта мектептің химия және биология пәні мұғалімі Жолаева Айгуль Багитбековна
Хром
Хром
Химия пәні мұғалімі Гулсара Аканова Сабақтың тақырыбы: §7. 3. Хром
Күкірт және оның қосылыстары
Күкірт және оның қосылыстары
Тауекелова Сандуғаш Рымбековна Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті Абай атындағы мектеп - гимназияның химия пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×