Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күкірт және оның қосылыстары

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Жаңа педагогикалық технология оқыту сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетілдіруге, оқушылардың ой - санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Жаңаша оқытудың мақсаты оқушылардың өздігінен үйреніп, ізденуін талап етеді. Осыған орай,
9 - сыныпта «Күкірт және оның қосылыстары» тақырыбында жаңа педагогикалық технология элементтері пайдаланылып өткізілген сабақ үлгісі ұсынылады.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды күкірт және оның қосылыстарымен, химиялық қасиеттерімен таныстыру. Атом құрылысына, химиялық құрылысына қасиетінің байланыстылығы, аллотропия туралы түсінік беру, химиялық қасиеттерінің кристалл торына байланыстылығы туралы алған білімдерін тереңдету;
Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру, негізгі ойды бөліп қорытындылап, салыстыра білуге үйрету;
Уақытты бағалауға, өз бетінше жұмыс істеп, қорытындылай білуге дағдыландыру.
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Сабақ мақсатымен таныстыру
3. Сызбанұсқа құру, осы бойынша тақырыпты өз бетінше меңгерту
4. Өздік жұмыс
5. Тест жұмысы (оқушылардың өздерін бағалауы)

Сабақтың барысы:
1. Тақырып бойынша сызбанұсқа құру. Сызбанұсқа бойынша жаңа материалды өз бетінше меңгерту. (10 - 15 мин)
КҮКІРТ
ЖАЙ ЗАТ ------------------------------------- ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТ
а) физикалық қасиеті --------------------- а) периодтық жүйедегі орны
ә) құрылысы -------------------------------- ә) атом құрылысы
б) химиялық қасиеті ---------------------- б) табиғатта кездесуі
в) алынуы
г) қосылыстары
ғ) қолданылуы

ІІ. Өздік жұмыс. (Анықтамалық дерек, оқулықты пайдалану)
І деңгей
1. Күкірттің химиялық таңбасы
2. Электрондық формуласы
3. Мүмкін болатын валенттілігі.
Валенттілігі Атом құрылысы

4. Мүмкін болатын тотығу дәрежесі.
5. Күкірттің _______________________ түрлі аллотропиялық ____________________ болады. Олар ________________________ күкірт, ____________________ күкірт.
6. Мына физикалық қасиеттердің қайсысы күкіртке тән?

Жылу өткізеді
Суда ериді
Кристалды зат

ІІ деңгей
1. Мына заттардың қайсысымен әрекеттескенде күкірт тотықтырғыш қасиет көрсетеді?
а) активті металдар; ә) сутегі; б) мыс
Реакция теңдеуін жазып, күкірттің тотығу дәрежесін көрсетіңіз.
2. Жоғары температурада күкірт мына заттардың қайсысымен әрекеттеседі?
а) оттегі; ә) сутегі
Қандай қасиет көрсетеді: тотықтырғыш немесе тотықсыздандырғыш?
3. Күкірттің қосылыстарының ішінен сульфидтердің атын жазыңыз:
а) PbS; ә) CaSO4; б) CuS; в) ZnS, г) GeS; д) Na2SO4
4. Күкірт (VI) ____________ оксид деп аталады. (қышқылдық немесе негіздік)
5. Күкірттің (VI) оксиді сумен әрекеттесіп, ____________ түзеді.
6. Күкірт қышқылының формуласы:

Химиялық формуласы -------------------- Қышқыл аты -------------- Тұздың аты

7. Күкірт қышқылының физикалық қасиеттері: __________________________________________________________________________
8. Күкірт қышқылы және оның тұздарын қай зат көмегімен сапалық анықтайды? Реакция теңдеуін жазыңыз.

ІІІ деңгей
Мына айналымды жүзеге асырыңыз:
а) S → SО2 → SО3 → Н2SО4 → К2SО4
ә) SО3 → Н2SО4 → КНSО4
ІІІ. Оқушылардың алған білімдерін тест жұмысы арқылы бекіту. (Тест жұмысын әр оқушы өзі тексеріп, бағалайды)
1. Күкірт периодтық жүйеде:
а) ІІІ период және VI топтың негізгі топшасында;
ә) ІІ период, І топтың қосымша топшасында;
б) ІІІ период, ІV топтың қосымша топшасында орналасқан.

2. Күкірт атомындағы нейтрондар саны:
а) 16;
ә) 32;
б) 3.

3. Күкірттің тұрақты тотығу дәрежесі:
а) +6;
ә) +4;
б) - 2.

4. Күкірттің табиғатта 2 түрлі аллотропиялық ____________ және ____________ түр өзгерістері болады.

5. Күкірттің физикалық қасиеттері:
а) сары түсті кристалл зат;
ә) өзіне тән иісі бар;
б) суда ериді

6. Күкірттің (VI) оксиді:
а) негіздік;
ә) қышқылдық;
б) амфотерлі.

7. Күкірт қышқылы:
а) бір негізді;
ә) екі негізді;
б) үш негізді.

8. 6 - топтың негізгі топшасындағы элементтер қандай элемент типіне жатады?
а) s - элемент;
ә) p - элемент;
б) d - элемент.

9. Күкірт қышқылын мына заттардың қайсысымен әрекеттестіріп алады?
а) SО3 және Н2О;
ә) SО3 және MgО;
б) Na2SО4 және НNО3

10. Мына теңдеудегі жоқ формуланы қойыңыз:
а) Н2SО4 +? → NaНSО4 +?
ә) Н2SО4 +? → СаSО4 +?
ІV. Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс. «Қышқыл жаңбырдың пайда болуы» (өздік жұмыс, тест жұмыстарын қате орындаған оқушылар үйге берілген материалды пысықтайды)
V. Әр оқушы өз бағасын білім көрсеткіші кестесіне белгілейді
33 034
0
  • 40
3 дауыс


Жаңалықтар
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Күкірт және оның оксидтері. Күкірт қышқылының қасиеттері, сульфаттар.
Оқушылардың күкірт және оның қосылыстары тақырыбы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, тақырыпты есте сақтау.
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
VI А топ элементтерінің жалпы сипаттамасы. Күкірт. Күкіртсутек
Күкірттің периодтық кестедегі орнын атом құрылысы тұрғысынан қарастырып, оның аллотропиясы, физикалық және химиялық қасиеттері мен қолданылуы жайлы оқушылар білімін жүйелеу.
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспары 10 сынып
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын, химиялық қасиеттерін қайталау; Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Химиядан сабақ жоспарлар 10 сынып
Оқушыларға алтыншы топ элементтерінің ХЭПЖ орны, оттек, озон, судың физикалық, химиялық қасиеттері туралы білімді қалыптастыру; атом құрылысының элементтердің қасиеттерінің өзгеруін түсіндіре білу,
Күкірт (S ) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент
Күкірт (S ) болашағы зор қауіпсіз табиғи элемент
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектептің химия - биология пәні мұғалімі Ногайкулова Алтынай Айбадуллаевна
Күкірт қышқылы
Күкірт қышқылы
Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы № 3 Хромтау орта мектебі, Ақтөбе облысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×