Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Судың химиялық қасиеттері, маңызы және табиғаттағы айналымы

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Судың химиялық қасиеттері, маңызы және табиғаттағы айналымы (презентациясымен)
Мақсаты: Су туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы және ойын элементтерін қолдану арқылы судың тіршілік үшін маңызын және химиялық қасиеттерін ұғындырып, реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету, судың табиғаттағы айналымын түсіндіре отырып, оқушылардың логикалық ойлау және шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.

Міндеттері:
• Оқушылар судың химиялық қасиеттерін оқып – үйренді, реакция теңдеулерін өздігінен жазып және оны есеп шығарғанда қолдана алады. Судың табиғаттағы айналымы, тіршілік үшін маңызы және қолданылуы жөнінде білім – білік қалыптастырады;
• Ойын элементтерін қолдану арқылы ой - өрістерін, ұлттық сана – сезімдерін дамытады;
• Болашақ ұрпақ ретінде табиғат байлығын қорғауға үлес қосып, туған жерге деген сүйіспеншілігі артады, экологиялық, экономикалық тәрбие алады...

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Шығармашылық тапсырма, ойын, сұрақ - жауап,
демонстрация, химиялық тәжірибе, жұмбақтар,
мақал - мәтелдер, тыйым сөздер
Сабақтың формасы: Ұжымдық, жеке
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сурет, қималар, натрий,. су, стакан, әк, сынауық.
Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, физика,
экология, педагогика

I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сыныптың сабаққа даярлығын бақылау)

Білімге белсендіру (оқушылардың шығармашылық жұмыстары)
«Кім білімпаз?» сайысы. (оқушылар су туралы мақал - мәтелдер мен тыйым сөздер айтып жарысады)
«Кім жылдам?» (үй тапсырмасы бойынша сұрақтар)
1. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып соған ағылды.
(2Н2 + О2 = 2Н2О)

2. Судың физикалық қасиеті қандай? (түссіз, дәмсіз, иіссіз сұйықтық. Табиғатта 3 агрегаттық күйде кездеседі. Қайнау t0 – 1000, қату t0 – 00С.)
3. Мұз неліктен суға батпайды? (мұздың тығыздығы судың тығыздығынан төмен)
4. Судың құрамы, формуласы. (формуласы Н2О сутек және оттек атомдарынан тұрады )
5. Жердің су қабаты.(гидросфера)
6. Ерітінді дегеніміз не?(еріткіш пен еріген заттан тұратын біртекті жүйе)
7. Сутегі жанғанда алынатын зат (су)
8. Бір адам ( 1 тәулікте, 1 аптада, 1 айда ) қанша литр су пайдаланады?
9. Ерітіндінің концентрациясы дегеніміз не? (еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасымен анықталады)
10. 1 литр суды залалсыздандыру үшін 0, 5 мг қажет болса 10литр суды залалсыздандыруға қанша хлор қажет?
Мұғалім: Балалар осы суды хлорлау судың қандай қасиетіне жатады, кім айтады?
Оқушы жауабы: Химиялық қасиетіне
Мұғалім: Дұрыс. Олай болса, балалар сабағымыздың 1 кезеңін қорытындылап бүгінгі тақырыбымызға көшейік.

III. Жаңа сабақ. a) сабақты баяндау (реакция теңдеулері, химиялық тәжірибе, интерактивті тақта)
Жай заттармен әрекеттесуі.
1) Металдардың электрохимиялық кернеу қатарында магнийдің сол жағында тұрған белсенді металдар сумен тікелей әрекеттеседі:
2 Na + 2 H2O = 2NaOH + H2↑ (тәжірибе)

2) Белсенділігі орташа металдарға жататын магний Mg мен қорғасын Pb арасындағылар тек жоғары температурада су буымен әрекеттесіп, металл оксиді мен сутек газын түзеді:
Zn + H2O = ZnO + H2↑

3) Су кейбір бейметалдармен әрекеттеседі. Мысалы, жоғары температурада ол көміртекпен реакцияға түсіп, көмірқышқыл газын және сутек түзеді:
C + 2H2O = CO2 + 2H2↑

Судың күрделі заттармен әрекеттесуі.
4. Белсенді металл оксидтері сумен тікелей әрекеттесіп, металл гидроксидтері негіздерді түзеді:
Na2O + H2O = 2NaOH
5. Судың негіздік оксидпен әрекеттесуі.
CaO + H2O = Ca(OH) 2 (тәжірибе) оқушы 6. Судың бейметалл оксидтерімен әрекеттесуі.
SO3 + H2O = H2SO4
7. Белсенді металл гидредтері сумен әрекеттесіп сілті және сутек газын түзеді:
NaH + 2NaOH + H2↑
ә) маңызы
б) табиғаттағы айналымы

IV. Сабақты бекіту
а) есептер әлемі (оқулықпен жұмыс, есептер шығару)
1. 72 г суды айырғанда бөлінетін сутек пен оттектің массасын табыңдар.
2. Су натриймен әрекеттескенде 4 г сутек бөлінді. Реакцияға түскен судың массасын табыңдар.
3. Массасы 7, 2 г фосфор (V) оксиді сумен әрекеттескенде қанша грамм ортофосфор қышқылы түзілетінін есептеңдер.
4. Тұрмыста үйді әктеу үшін сөндірілген әкке су қосып ерітінді дайындайды. Кальций оксидінің сумен реакцияласуы көп жылу бөле жүреді:
CaO + H2O = Ca(OH) 2 + 67 кДж
Реакцияға 5 кг кальций оксиді түскенде бөлінетін жылудың мөлшерін есептеңдер.

V. Қорытындылау
а) Оқушыларды бағалау
ә) Үйге тапсырма

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
32 030
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Су. Табиғаттағы су айналымы
Су. Табиғаттағы су айналымы
Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын түсіне отырып, оны қорғауға, үнемді пайдалануға үйренеді.
Табиғаттағы су. Судың құрамы
Табиғаттағы су. Судың құрамы
Судың құрамына сандық және сапалық талдау жасай отырып, табиғатта таралу ерекшелігін қарастыру.
Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі Шаяхметова Анаргүл Әменқызы
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Медеуова Шалқы Бақытжанқызы
Судың химиялық қасиеттері
Судың химиялық қасиеттері
Судың химиялық қасиеттері, қандай заттармен әрекеттесуі туралы үйрету.
Судың химиялық қасиеттері. Су және сулы ерітінділердің өндірістегі, ауылшаруашылығындағы және тұрмыстағы маңызы
Судың химиялық қасиеттері. Су және сулы ерітінділердің өндірістегі, ауылшаруашылығындағы және тұрмыстағы маңызы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Ә. Жангелдин атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сейтқалиева Гүлмира Шакиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×