Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер

13 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Информатика
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

Информатика 6 сынып
Тақырыбы: Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға компьютерді еркін қолдануға мүмкіндік беру
ә) Оқушыларды интернетте ақпаратты іздеуге үйрету
б) Оқушыларды интернетті дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың өту барысы:
а) Оқушыларды ұйымдастыру.
ә) Үйге берілген тапсырманы сұрау.
б) Жаңа тақырыпты түсіндіру.
в) Сабақты бекіту.
г) Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:
Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер - сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды. Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады. Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді. Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ - ның қай - қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ - нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады. Электронды почта немесе е - mail (electronic mail - электронды почта), адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс - әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару. Қазіргі уақытта кз келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.

Интернеттің тарихы
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос - Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970 - жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.

Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
• Бүкіләлемдік тор
o Веб - форумдар
o Блогтар
o Уики - проекттер (Уикипедия)
o Интернет - дүкен
o Интернет - аукцион
• Электронды почта
• Жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet)
• Файл - алмасу желілері
• Интернет - радио
• Интернет - теледидар
• Электронды кітап
• IP - телефония
• Мессенджерлер
• FTP - серверлер
• IRC (веб - чаттар)
• Іздеу жүйелері
• Интернет - жарнама
• Өшірілген терминал
• Төлеу жүйелері

Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Интернет дегеніміз не?
2. Алғашқы ARPANET сервері қай жылдары шықты?
3. Кең тараған Интернет қызметтерін атаңдар?

Үйге тапсырма:
1. Бір - бірімен бірігіп жоба әзірлеу
2. Таңдау тақырыпта реферат
13 481
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің түрлері: жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Интернет ресурстары (қолданбалы курсы)
Интернет ресурстары (қолданбалы курсы)
Берілген курс мазмұны 10 - сынып оқушыларының болашақта кәсіптік дағдыларын жүзеге асыру мақсатында көмегін тигізу үшін құрастырылған.
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Жосалы кенті, А.Жанпейісов атындағы №105 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Айдана Жансейтова
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Райханқызы Жанар
Интернет тақырыбына тест сұрақтары 7 сынып қазақ тілі
Интернет тақырыбына тест сұрақтары 7 сынып қазақ тілі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, № 42 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі. Электрондық пошта.
Ауқымды компьютерлік желі, желідегі серверлердің атқаратын қызметі, Интернет желісі, электрондық пошта туралы түсінік беру. Интернеттен ақпарат іздеу және алу, электрондық поштамен жұмыс істей білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×