Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Paint графикалық редакторы

21 қазан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
"Курчатов қаласының
№1 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ
Информатика пәні мұғалімі: Шарипханова Мархаба Муратовна

Сабақтың тақырыбы: «Paint» графикалық редакторы. Суреттің үзінділерін ерекшелеу, үзінділермен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды графикалық редактор командасымен, құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерін қорытындылау.
Дамытушылық: Тақырып бойынша алған білімдерін тапсырмаларды орындау барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге дағдылану, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушылардың компьютермен жұмыс жасау сауаттылығын арттыру, компьютерде жұмыс жасау арқылы халықтық тағылымдарды сурет арқылы (қоршаған ортадағы көрген дүниесін баптауға) бейнелеуге үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, карточкамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: карточка, компьютер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру ( 3 мин).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (2 мин)
Үйге берілген тапсырма (қағаз бетіне қазақ халқының ою өрнектерінің суретін бейнелеп келу).
Қайталау сұрақтары: 1. Paint қандай редактор
2. Paint - та суретті қалай ашамыз
3. Суретті қалай сақтаймыз
4. Суретті ерекшелеу дегенімізді қалай түсінеміз

ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
A. Сабақтың мақсатын айту. (1 мин)
B. Ою - өрнектермен таныстыру (3 мин)
C. Тест тапсырмасы (7 мин)
D. Таратпа материалдармен жұмыс – ою алгоритмі (10 мин)
E. Сергіту сәті. (2 мин)
F. Таратпа материалдармен жұмыс – ою алгоритмі (10 мин)
G. Қорытындылау (3 мин)
H. Бағалау (2 мин)
I. Үйге тапсырма (1 мин)

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме балалар, сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз орнымыздан тұрайық.

Психологиялық дайындық.
Басымызды иеміз,
Сәттілікті тілейміз!
Бәрімізге - біріміз,
Көмектесіп жүреміз!
Қадірменді қонақты,
Құрметтеп қарсы аламыз!
Сыйлап өткен ұстазды,
Тәрбиелі боламыз,- дей отырып жақсы көңіл күйімізбен сабағымызды бастайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге «ҚҰСҚАНАТ» атты ою - өрнегін қағаз бетіне түсіріп келуге және сипаттама беруге тапсырғам.
«ҚҰСҚАНАТ» ою - өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою - өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою - өрнегін басқа өрнектермен аралас қолдана береді.
Дұрыс жауапқа 1 асықтан беріледі. Ол 1 балл деп есептеледі. Жалпы ою - өрнектер жайлы мәлімет беремін.

III. Жаңа білімді бекіту.
A. Сабақтың мақсатын айту. Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты салт - дәстүрімізге байланысты қазақ халқының ою - өрнектерін компьютерде бейнелеу.
B. Ою - өрнектермен таныстыру.
Өрнек атауы латынның «ornamentum» - әшекей деген сөзінен шыққан. Ою - өрнек дегеніміз, бұл ойға алған айқын өрнек ырғағымен үйлесетін белгілі бір заңдылықтар жүйесінде жасалынған қисық сызықты және геометриялық фигуралар белгісін белгілі бір тәсілге келтіру арқылы алынған түрлі – түсті өрнекпен қандайда бір заттың әшекейленуі. Ою түрлерін салуды жетік үйрену үшін оның техникасын әдістемелік жолдарын ғана білу жеткіліксіз. Ол үшін талмай ою - өрнек кескіндемелерін салып, күннен күнге тәжірибе жинақтап, тер төгуге тура келеді. Сонда ғана шеберлік ұштасып, ойлаған мақсатқа жетуге болады.

C. Тест тапсырмасы.
1. - Қандай қызмет атқарады?
A. Ерікті аумақты белгілеу (Выделение произвольной области)
B. Б елгілеу (Выделение) құралы
C. Түс таңдау (Выбор цветов) құралы
2. Үлкен және кіші әріптерді енгізу пернесі:
А) Ctrl
В) Caps Lock
С) INSERT
3. - Дұрыс жауабын танда
A. Бүріккіш (Распылитель)
B. Б елгілеу (Выделение)
C. Масштаб құралы
4. Paint программасын қалай іске қосамыз?
A) Бастау - Барлық программалар - Стандарттық - Paint.
B) Бастау - Стандарттық - Paint.
C) Менің құжаттарым - Менің суреттерім - Paint.
5. - Қандай құрал?
A. Масштаб құралы
B. Ерікті аумақты белгілеу (Выделение произвольной области)
C. Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш (Ластик)
6. Бір байт неден тұрады?
А) 32 биттен
В) 8 биттен
С) 16 биттен
7. - Құралдың қызметін белгіле
A. Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контрдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды;
B. Түс таңдау (Выбор цветов) құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді
C. Ерікті аумақты белгілеу (Выделение произвольной области)
8. Функционал пернелер:
А) Enter, Esc, Tab6
В) Ctrl, Alt, BackSpace
С) F1, F2…. F12
9. - Құралдың қызметін танда
A. Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш (Скругленный прямоугольник), бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
B. Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған
C. Көпбұрыш (Многоугольник), ерікті пішінді көпбұрыштар салады
10. «Paint» сөзі ағылшын тілінен
A) Жобалау
B) оқу, кітап
C) сурет, сурет салу
Тест тапсырмасы. 3 асық егер, 9 - 10 жауап дұрыс болса. 2 асық егер, 7 - 8 жауап дұрыс болса. 1 асық егер, 6 - 7 жауап дұрыс болса.

D. Таратпа материалдармен жұмыс – ою алгоритмі.
Бұл үшін бізге мынадай: қисық сызық, шеңбер, түзу сызық, құю құралы, белгілеу және суреттің артық сызықтарын өшіру үшін өшіргіш құралын пайдалануға тура келеді. Сонымен:
1. Пуск – программы - стандартные – Paint
2. Қисық сызықты және шеңбердің көмегімен өрнектің негізгі бірінші бөлігін саламыз;
3. Түзу сызықты пайдаланып, бірінші бөлікті тиянақтаймыз;
4. Бірінші бөлімдегідей қисық сызық пен шеңбер құралдарын пайдалана отырып, өрнектің «маңызды» екінші бөлігін саламыз;
5. Түзу сызықпен өрнектің соңғы бөлігін толықтырамыз.
6. Дайын болған өрнекті үзінді ретінде белгілеп, Рисунок => Отразить/Повернуть => Отразить слева направо командасын орындау арқылы, қарама - қарсы бағыттағы көшірмесін аламыз;
7. Екі жарты өрнекті біріктіреміз;
8. Артық сызықтарды өшіргішпен өшіреміз, осылайша өзімізге қажетті оюды құрастырамыз.
9. Дайын болған оюды құю құралын пайдаланып, қалаған түсімізге бояуға болады.

E. Сергіту сәті. (2 мин)

F. Таратпа материалдармен жұмыс – ою алгоритмі (10 мин)

G. Қорытындылау (3 мин)
«Ою - өрнекті қайдан, кімнен үйрендің» деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен» - деп жауап беріпті.
Ою - өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді.

H. Бағалау /оқушылардың жиған асықтары жиынтығы бойынша/ (2 мин)
I. Үйге тапсырма (1 мин)
§17, 141 бет
В, С деңгейлі тапсырмаларын орындау.
3 263
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді үйрену.
Графикалық редактор PAINT. Үзінділермен жұмыс.
Графикалық редактор PAINT. Үзінділермен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға Paint графикалық редакторының үзінділерімен жұмыс істеу командалары туралы түсінік беру. 2. Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып есте сақтау, ойлау қабілетін, компьютерлік
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер салу
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылы, Кішкенетау орта мектебінің физика және информатика пәнінің мұғалімі Шакенов Тұрсынбек Құдышұлы Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторында, үзінділермен орындалатын әрекеттер бойынша суреттер
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×