Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың бас ақыны

23 наурыз 2014, Жексенбі
Қазақтың бас ақыны
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты ұйымдастырылған сыныптан тыс шара

Мақсаты– қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.

Әдеби шара атасы мен немересінің диалогы арқылы басталады. Атасы – Тогуз Тимур, немересі – Түркпенбайұлы Ақтілек. Шығарма жаза алмай қиналып отырған 5 - сынып оқушысы. Теледидар қарап отырған атасы, қолында газет. Теледидардан дауыс: Абайдың «Қыс» өлеңінен үзінді оқылады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды...
Немересі қаламын тастай сала атасының қасына келіп:
- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Кеше ғана Әдебиет сабағынан өткен болатынбыз. Абайдың өлеңі.
Атасы:
- «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше Абайдың кім екенін білетін шығарсың.
- Иә, бірақ толық білмеймін.
- Олай болса, ендігі жерде Абайды Абай атам «Абай атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы ғой. Оны білмеген адам қазақ емес. Ата! Бізге шығарма - эссе жазуға қосымша ізденіс жұмысы тапсырылып еді. Соған біраз қиналып отырмын. Қайтсем екен? Жарысқа қалайда қатысуым керек.
Атасы:
- Абай туралы көп дерек айтсам, тыңдар ма едің, балам?
Немересі:
- Иә, сіз оны көрдіңіз бе? Ол туралы қайдан білесіз?
Атасы:
- Жүр, балам. Мен сені бір жақсы кешке алып барайын. Дәл сол Абай атаң туралы, жүре ғой!
(Ертіп алып, шығып кетеді)

1 - жүргізуші – Балзия Көнебаева
Бар ғұмырын әдебиетке арнаған,
Ақиқаттың ақ жолынан таймаған,
Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап,
Жас ұрпақтың ар - намысын қайраған!

2 - жүргізуші – Амангелді Алмат
Құрметті әдебиет сүйер қалың көпшілік! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Қазақтың бас ақыны”атты сыныптан тыс тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!

1 жүргізуші – Көнебаева Балзия
- Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма, - деп жырлайды ақын өз өлеңінде.

2 - жүргізуші – Амангелді Алмат
- Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!
1 - жүргізуші – Көнебаева Балзия
- Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй,- дегендей, назарларыңызда жас ұландардан құрылған хор.
Сазгер Көмек Ыбыраевтың әніне жазылған ән, сөзі Тілектес Көшербайдікі.
Ән мәтіні:
1. Қазақтың туған бағына
Абайдай дана баласы.
Ақынның ғашық жырларын
Сағынды байтақ даласы.
Қайырмасы:
Елдікті жыр ғып қолдайтын,
Ұрпаққа жырын жалғайтын.
Ел үшін әні самғайтын
Жасай бер мәңгі санамда.
2. Рухымен бекем күрескен,
Санаға ғылым ұқтырған.
Сөзімен жарық, нұр құйған
Айналдық дана, текті ұлдан.
Қайырмасы.

1 - жүргізуші – Көнебаева Балзия
- Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- дейді Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев. Абайдың өмірінен дерек береміз. Бір сәт экранға назар аударалық(бейнежазба материалы – 2 - 3 минут)
2 - жүргізуші – Амангелді Алмат
- Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев). «Абай тегі» туралы жұмысымен ортада Әлдерменова Сымбат.
Абай тегі
- Сәлеметсіздер ме, әдебиет сүйер қалың көпшілік!
Мен, 9 «б»- сынып оқушысы Әлдерменова Сымбат, өзімнің жұмысымды «Абай тегі» деп алдым. Қазақ әдебиетінің алтын діңгегі, біртуар тамаша дарынды да ұлы тұлғасы атанған Абай Құнанбаевты ақын, ойшыл, данышпан ретінде білгенімізбен, ол данышпандық қасиетке Абай қалай ие болды деген де сұрақ туындары анық. Ол үшін Абай атамыздың тегіне назар аударалық. Орта жүздің Тобықты Арғын руынан шыққан Олжай батырдың ұрпағынан тараған. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек тараса, Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай тараған. Ырғызбайдан Өскенбай, Үркер, Мырзатай, Жортар болып өнген екен. Өскенбайдың әйелі Зере. Сол арқылы Құнанбайдан тараған тектілік Абайда да сақталды. Шыққан, өскен ортасы өте дәулетті болатын.
Мына көрініске зер салайықшы. Әжесі Зере де қыз күнінде өте бай отбасында тәрбиеленген көрінеді. Шын аты да басқаша еді. Ол ұзатыларда өз руының дәстүрімен күміс әшекейлермен оранып шыққан деседі, тіпті мұрнын тесіп сырға да салған екен. Міне, осындай оқаларды көрген Тобықтының әйелдері «Бұл Зерлі келін болды ғой» дескен екен. Содан оның есімі Зере атанған. Зеренің келін болғаннан кейін көрген түсі жайында айтатын болсақ, бірде Өскенбай түзде жүргенде Зере киіз үйде демалып жатып түс көрген екен. Түсінде атасы Ырғызбай үйге кіріп келе жатады. Қолында үлкен - үлкен үш бірдей қып - қызыл алма екен. Кірген беттен бірден сүріне жаздап, қолындағы алмасының бірін жерге түсіріп алыпты да, екіншісін қалтасына салып қояды. Ал үшіншісін сүртіп келіні Зереге сондай ілтипатпен ұсынған көрінеді. Кейін осы түсі өңінде болғандай өмірге үш нәресте алып келеді. Қызы Тайбала жат жұртқа ұзатылып, көрмей кетіпті. Ұлы Құнанбай өте ақылды, зерек, салмақты болып ерекше өседі. Ал Құттымұханбет үйленер жасқа жеткенде қайтыс болған көрінеді. Зере әжеміз немерелерінің ішінде Абайды ерекше сүйген. Абай туғаннан тым сүйкімді болғандықтан, Ибраһим деп қойған немересінің атын араб тілінде «сүйкімді» деген мағынаны беретін «Абайым», «Абай» сөзімен атаған екен. Содан Абай атанып кеткен.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
32 249
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбайұлы «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері
Абай Құнанбайұлы «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдері
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығын оқыту. Абайдың қысқаша өмірімен таныстыру. Абайдың шыққан ортасы, тегі туралы айту. «Қыс» өлеңінің тілдік ерекшелігін оқыту. «Қыс» өлеңінің көркемдік қуатын оқушылар санасына жеткізу.
Абайдың өмірі
Абайдың өмірі
Абайдың ұлылығын, оның поэзиясының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып, нығайту. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі
Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі
Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, кеңейту және қазақ поэзиясының асқар биігі Абайдың шығармашылығын құрметтеу.
Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай
Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы «Қыс» өлеңі
Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы «Қыс» өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Абай Құнанбаев «Қыс»
Абай Құнанбаев «Қыс»
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жұмағазина Г. Ш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×