Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

30 наурыз 2014, Жексенбі
Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
Сабақ мақсаты:
А) білімділік: ақын А. Құнанбаевтың өміріне шолу жасап, өлең құрылысы мен сөздердің көркемдік ерекшелігіне тоқталу, өлеңнің тақырыбы мен мазмұнына талдау жасау;
Ә) дамытушылық: өлеңді талдай отырып, оқушының өнер, оқу - білім туралы ойларын кеңейту;
Б) тәрбиелік: өнерге баулу, эстетикалық тәрбие беру, жақсы мінез - құлықты дәріптеу
Күтілетін нәтиже: адамгершілік, асыл мінезді қалыптастыру
Сабақтың түрі: поэзия сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, іздендіру, талдау, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: автор туралы слайдтар, суреттер топтамасы, жаңа материалға қатысты слайдтар, А. Құнанбаевқа арналған шағын кітап көрмесі

Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру бөлімі: сәлемдесу түгендеу, сабаққа зейінін аудару;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру, оны бекіту.
ІІІ Жаңа сабақ. 1. Ой қозғау: - Дана Абай «бес асыл іс» деп қандай қасиеттерді айтқан еді? «Бес дұшпанды» ата.
Хронологиялық кесте бойынша оқушыларға түсіндіру, өз бетімен түсіну жұмыстары жүргізіледі.
Қ. с. Абай Құнанбаев өміріндегі оқиғалар
1. 1845 - 1904 Өмір сүрген жылдары
2. 1857 - 1858 Мұсылманша сауат ашады: Ахмет - Риза медресесі
3. 1858 (13 жастан бастап) Ел ісіне араласады
4. Ата - анасы Әжесі – Зере, әкесі – Құнанбай, анасы – Ұлжан
5. Рухани білім алған арналары1. Ауыз әдебиеті; 2. Шығыс әдебиеті; 3. Орыс әдебиеті, Еуропа мәдениеті
6. Өлеңдері «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым», «Жаз», «Сегіз аяқ», «Ғылым таппай, мақтанба», т. б.
Мұхтар Әуезовтің ақынға берген бағасын интерактивті тақтадан оқу
1. Мәтінмен жұмыстар:
А) өлеңнің тақырыбына зейін қою. Толық мәнерлеп оқылады. Мұғалім жатқа оқиды.
Ә) Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу. Тақырыбы – өнер - білім, адамгершілік. Идеясы – жастарды оқу - білімге шақыра отырып, асыл мінездерді бойға жиюды мақсат етеді.
Б) Оқушылармен сұрақ - жауап арқылы тақырыпты ашу. Мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
В) «Бастапқы екеу соңғысыз біте қалса қазаққа» деген жолдардағы «екеуді» түсіндіру (қайрат пен ақыл)
Г) Сөздік жұмысы:
Кетік – тесік, бос жер
Шапқат – мейірім, жәрдем, көмек(оқулық бойынша)
Мін – кемшілік
Езбе – мезі етуші, мыжыма (оқулық бойынша)
Ғ) Тіл дамыту жұмысы:
1. пайда, мақтан, мінін ұрлау, жасыру сөздерінің синонимдерін атау;
2. Қанатты сөзге айналып кеткен өлең жолдарын тауып, интерактивті тақтаға жазу, бос көздерді толтыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
27 090
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Сабақтың мақсаты: Ақын Абаймен танысу, ұлы ақын Абай мұрасымен таныса отырып, Абай өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа, адам бойындағы асыл қасиеттерге баулу.
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Тест, Қазақ әдебиеті 6-сынып
Тест, Қазақ әдебиеті 6-сынып
Тест, Қазақ әдебиеті 6-сынып 1. Дулат Бабатайұлының шығармасын көрсетіңіз? А) «Құлақтан кіріп бойды алар» *В) «О, Ақтан жас, Ақтан жас» С) «Адамдық борышың» Д) «Домбыра» Е) «Әсемпаз болма, әрнеге»
Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіре отырып, ақынның өлең мазмұнын талдау ерекшелігін ұғындыру, әдебиет теориясы бойынша өлең құрылысына талдау.
Менің әуес ісім
Менің әуес ісім
Астана қаласы, №59 мектеп – лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Сәуле Жаңабайқызы
Абай Құнанбаев «Қыс»
Абай Құнанбаев «Қыс»
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дөң орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жұмағазина Г. Ш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×