Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»

17 сәуір 2017, Дүйсенбі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Маширбаева Л. С.
Әдебиет 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өлеңнің негізгі идеясын түсіндіре отырып, ақынның өлең мазмұнын талдау ерекшелігін ұғындыру, әдебиет теориясы бойынша өлең құрылысына талдау.
1. 2. Тәрбиелік: өнерпаз болуға, өмірден өз орнын таба білуге, еңбек етуге, ақылды болуға, жақсыны үйренуге, жаманнан жиренуге, «ақырын жүріп анық басуға» баулу.
3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру, өз бетімен ізденуге жетелеу, оқу, өнер, білім туралы ойларын кеңейту;
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, бүктеме, кітаптар, слайд, ББҮ кестесі
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, әдеп..

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін жаттау.
2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау
3. Сөздікті жаттау
4. Абайдан өтілген өлеңдерінің бір шумағын өлең құрылысына талдау
5. Сыныптан тыс оқу «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырлық дастан. Шәкәрім Құдайбердіұлы

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Балалар, бүгінгі сабағымызды бастаудан бұрын сыныпты 4 топқа бөліп, топбасшысын, әр топтың өзінің әділ бағалаушысын сайлап алайық. Ал, бұларды жақсы орындап болған соң ББҮ кестесіне қараймыз.
Абай туралы не білеміз?
Оқушылар тақтаға шығып өз білгендерін «Білемін» бөліміне жазады.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім

«Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін мәнерлеп оқу.
- Жастардың белгілі бір өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын оларға:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Өмірден өз орныңды таба біл, қоғамның пайдалы азаматы бол деп өсиет айтады.
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар - ұждан мәселелері қай қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылық атаулыдан аман алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз.
Ғылымға ұмтылуға, еңбектенуге жол сілтейтін шығарма екенін айту орынды. Жақсыны үйренуге, жаманнан жиренуге, ақырын жүріп, анық бассаң, еңбегің далаға кетпейтінін өлең арқылы жеткізеді. Өлең 7, 8 буынды, шалыс ұйқас үлгісінде жазылған.
(Өлеңді сыныптан бір оқушы дауыстап, мәнерлеп толық оқиды.)
Балалар, ұйқас дегеніміз не? Шумақ деген не? Ұйқастың қандай түрлерін білеміз?
Төрт топқа төрт түрлі тапсырма беріледі.
І топқа:
Оқушы өлеңнің екінші шумағын мәнерлеп оқиды.
Өлеңді құрылысына қарай талдау.
Синонимді тап (қайрат, ақыл, әділет, шапқат).
ІІ топқа:
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Өлеңді құрылысына талдау.
Синонимді тап (пайда, мақтан, мінін жасыру).
ІІІ топ
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңді құрылысына талдау.
Метафора дегеніміз не? Метафораны тап.
IV топқа:
6 - шумақты мәнерлеп оқу.
Өлең құрылысына талдау
Нақыл сөздерді табу.
Бір айналымды сөз әдісі бойынша сөзіміздің байланысу тәсілін қарайық. Төрт топқа төрт түрлі сөз жазылған қима беріледі.
І топ: Өнер. ІІ топ: Бала. ІІІ топ: Еңбек. І топ: Ақыл. Әр түрлі сия болуы керек. Бір параққа берілген сөзге әр оқушы өз сөйлемін жазады. Соңында бір оқушы сол жазылған сөздерді оқып шығады.
Топтастыру стратегиясы. Ақын жастарды өнер - білімге шақыра отырып, оларды қандай адамгершілік асыл мінездерге үндейді? (қайрат, ақыл, әділет, шапқат)
ББҮ кестесіндегі «Үйрендім» бөлігін жазып шығады.
Оқушылар сабақ барысында үйренгендерін түгел жазып шығады.
2. Сөздікпен жұмыс
1. Шапқат (шапағат)- мейірім, жәрдем, көмек.
2. Ез (езбе) – мезі етуші, мыжыма.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс:
1.? 1. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
2. Ақын ән мен күйден алған әсерді қалай суреттейді?
! 1. Абайдың жақсы әнге көңіл тұшынысы мен талғамын өздеріңнің сүйікті әндерің мен күйлеріңді тыңдай отырып, байқап көріңдер.
2. Өлеңнен әннің тыңдаушы көңіл күйіне түрлі әсері айтылған жолдарды табыңдар, қандай әнді ұнататындарыңды әңгімелеңдер.
3. Өлеңнің ішкі мәніне үңіліп, әрбір сөзін бағамдап оқыңдар.

2.? 1. Бұл өлеңде ақын жастарды өнер - білімге шақыра отырып, оларды қандай адамгершілік, асыл мінездерге үндейді?
2. «Бастапқы екеу соңғысыз біте қалса қазаққа» дегенде, ақын нені меңзеп отыр деп ойлайсыңдар?

! 1. Өлеңдегі пайда, мақтан, мінін ұрлап, жасыру тәрізді сөздердің мән - мағынасына көңіл бөліңдер, олардың синонимдерін атаңдар.
2. Осы өлеңнен ақынның нақылға, қанатты сөздерге айналып кеткен өлең жолдарын табыңдар.
3. Өлеңді жаттап алыңдар.

Қорытынды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттың асыл қазынасы.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге, - деген Сұлтанмахмұт сөзімен аяқталды.

V. Үй тапсырмасын беру:
1. Өлеңді жаттау
2. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау

VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ. Сабақтың аяқталуы.
21 608
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
А. Құнанбаев «Әсемпаз болма әрнеге»
Сабақтың мақсаты: Ақын Абаймен танысу, ұлы ақын Абай мұрасымен таныса отырып, Абай өлеңдері арқылы оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа, адам бойындағы асыл қасиеттерге баулу.
Шәкәрім "Жастарға" өлеңі
Шәкәрім "Жастарға" өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жумагалиева Алтын
Абай лебі - заманының тынысы, Абай үні - ғасырлардың өрісі
Абай лебі - заманының тынысы, Абай үні - ғасырлардың өрісі
№31 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уразбаева Г. К.
Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
Маңғыстау облысы,Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшербай Тілектес Серікбайқызы
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай...»
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С.
Өмірден өз орныңды таба біл! (тәрбие сағаты)
Өмірден өз орныңды таба біл! (тәрбие сағаты)
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан. (А Құнанбаев)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×