Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сан есім

16 мам 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Сан есім (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
ә) дамытушылық: сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру, анық сөйлеуге, ырғақпен айтуға
дағдыландыру.
б) тәрбиелік: сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Бақыт – бақыт менде, бақыт сенде, бақыт – барлық жерде. Тыныштық – тыныштық менде, тыныштық сенде, тыныштық барлық жерде. Бейбітшілік - бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік барлық жерде.
Сөйлеу алдындағы ережені еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
466 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра.
Сергіту сәті: Қара жорға биі.
Көркем жазу. (Сс сегіз, сексен, сегіз жүз)
Оқулықпен жұмыс.
467 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап.
468 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
469 - жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз.
470 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап. Бала санын дәлелде.

Ойын. «Кім жылдам» үлестірмелі қағаз.
1 мин= cек
1сағ= мин
1тәулік= сағ
1апта= тәулік
1жыл= ай
1ғасыр= жыл

Сурет бойынша әңгіме. «Менің отбасым.» (Сан есімге байланысты.)
Терме диктант.
Бір үйдің отыз екі баласы бар. Балта ұстаған екі баласы. Төрде отырған апасы бар. (ауыз, тіс, жақ, тіл)

Сабақты қорыту. Тест тапсырмалары
1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қандай? қанша? ә) не? нешінші? б) қанша? неше?
2. Сан есімді көрсетіңдер:
а) бес ә) есептік б) белсенді
3. Сан есім қай сөз табымен байланысaды?
а) етістікпен ә) зат есіммен
б) сын есіммен
4. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?
Екінші, бес, алпыс алты
а) сын есім ә) сан есім б) есімді
5. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар
Ер... рет өледі,
Қорқақ... рет өледі.
а) бір, бесінші ә) бір, мың б) бір, көп

Үйге тапсырма
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім күні. Бейбітшілік сабағы
Білім күні. Бейбітшілік сабағы
Бейбітшілік, тыныштық, ынтымақтастық, достық деген ұғымдарды өмір мен байланыстыра отырып түсіндіру арқылы бейбіт өмір сүруіміздің негізгі тірегі болып табылатын дығын түсіндіру. Сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге ынталандыру.
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы
Мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру
Сөйлем
Сөйлем
Сөйлем және оның түрлері, сөз тіркестері туралы алған білімдерін қайталау. Оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын, дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық, іскерлік қабілеттерінің белсенділігін дамыту.
Сан есім
Сан есім
Атырау облысы, Атырау қаласы № 3 мектеп - гимназиясы орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Юсупова Айнур Мадениетовна
Сан есім
Сан есім
Атырау қаласындағы №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтпанова Зина Тлегеновна
Есім сөздерді қайталау
Есім сөздерді қайталау
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, есім сөздер тақырыбынан алған білімдерін жетілдіру, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, түсінік негізінде қорыттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×