Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен таңдайтын мамандық. Ө. Ақыпбекұлы

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
№11 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі
Джандарбекова Айтгуль Шамшиевна

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Мен таңдайтын мамандық...» Ө. Ақыпбекұлы
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру, мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Кәсіпті таңдап, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру.
2. Дамытушылық мақсаты: әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру. Шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
3. Тәрбиелік мақсаты: әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау, тірек сызба.
Сабақтың көрнектілігі: әр түрлі мамандыққа байланысты суреттер, Ө. Ақыпбекұлының суреті, тірек сызба, сөзжұмбақ, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары:
1) Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
2) Үй тапсырмасын сұрау 9 мин Қызығушылығын ояту 1 мин
а) Берілген тапсырманы орындау 2 мин
3) Жаңа сабақ 25 мин
а) түсіндіру
4) Оқулықпен жұмыс
5) Сабақты бекіту 2 мин
а) сұрақ - жауап 2 мин
Қорытындылау 2 мин
6) Оқушыларды смайликтер арқылы бағалау 2 мин
Үй тапсырмасы. 1 мин

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Бүгін біз үшін ерекше сабақ. Мен сендерге сабақта сәттілік тілеймін.
2. Психологиялық сәт.
Бақыт менде,
Бақыт сенде,
Бейбітшілік, бейбітшілік.
Бейбітшілік менде
Бейбітшілік сенде
Бейбітшілік барлық жерде.

II. Өткенді пысықтау: 1. Үй тапсырмасына не берілді?
1 - топ. Сансызбай Сарғасқаев кім?
2 - топ. «Сынған аквариум» түсінік айту.
3 - топ. Сеніңше, өтірік айтуға болмай ма? өз ойыларыңды жазыңдар.

2. Тапсырмалар беру:
1 - топ. «Адал тер» дегенді қалай түсінесіңдер.
2 - топ. «Адамның жаман қасиеттері»туралы өлеңдер оқу.
3 - топ. «Еңбек»туралы мақал - мәтелдер айтыңдар.

Әр топқа мамандық бойынша ат қою.
1 - топ – Әншілер
2 - топ – Ғарышкерлер
3 - топ - Ғалымдар.

III. Жаңа сабаққа көшу кезеңі:
1 - топ. Мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
2 - топ. Еңбек деген не?
3 - топ. Мамандық деген не?

IY. Жаңа сабақ: 1. Балалар біз бүгін ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық» атты өлеңімен танысамыз.
Ақын туралы түсінік беру.
(Дәптерге күн ретін, тақырыпты жаздырту.)
2. Бұл өлең мамандық туралы, мүмкін сендердің де таңдап жүрген мамандықтарың осы өлең жолдарынан кездесіп қалар, оқып көрейік.
3. Өлеңді мәнерлеп оқу.
4. Іштей оқу.
5. Әр шумақты оқушыларға оқыту.(Әр слайдта өлең шумақтары мен мамандық түрінің суреті бар)

Мен таңдайтын мамандық...
Ай - һой, ғажап қандай бұл!
Ал, қане, кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңда
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай,
Әнші болсам не арман бар?

Кәсіпкер болсам егер де,
Бар әлемді кезем де:
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.

Толық нұсқасын жүктеу
5 693
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Мың түрлі мамандық
Мың түрлі мамандық
№ 11. М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы
Өтепберген Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Өтепберген Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қалжанова Муслима Иниятовна
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айсүгірова Ұлбосын
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Сабақтың тақырыбы: Өтепберген Ақыпбекұлы Мен таңдайтын мамандық...
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебінде директоры болып қызмет атқарамын және тарих пәні мұғалімі Ақсұлу Хайроллақызы
Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Ө. Ақыпбекұлы. Мен таңдайтын мамандық...
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп Аукишева Алмагуль Слямбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×