Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кел, ойнайық. Нәтиже сабақ /Ұлттық ойындар бойынша/

28 маусым 2014, Сенбі
3 сынып. Орыс сыныбы. Қазақ тілі.
Сабақтың мақсаты: Өткен білімдерін саралау. Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сауатты жазуға дағдыландыру, өз ойларын еркін жеткізуге баулу. Ұлттық салт - дәстүрді білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» Н. Ә. Назарбаев айтқандай сендердің міндеттерің қазірден бастап, осы үш тілді жақсы меңгеру.
Ендеше бүгінгі сабақта қазақ тілін қаншалықты меңгергенімізді, білім дәрежемізді ортаға салайық.
Бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз. Тұяқтарды тайдырмаған тағасың,
Қарш - қарш шауып айдын мұзда ағасың.
Тоңнан тозаң, тастан шақпақ шағасың,
Өйткені сен тайдырмайтын тағасың.
Берген жауаптарыңыз тағамен есептеледі.
Қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде қандай айлар бар? Наурызда қандай мереке бар? Дұрыс наурыз мейрамы келе жатыр Слайд көрсетіліп тұрады.
22 наурыз жұлдызында күн мен түн теңеледі де, әрі қарай күн ұзара бастайды. Бүл күн халықтың қыстың ауыртпалығынан құтылып, мал басын, жан басын қыс қырсығынан аман алып шыққандығын аңғартады. Сондықтанда бүл күнді ертедегі түркі тектес халықтар жаңа жылдың басы деп қарсы алды. Ескі, қазақша жаңа жыл күнінің аты «ұлы іс», келе - келе «ұлыс» деп аталғандықтан, бүл мерекені «ұлыстың ұлы күні» деп те атайды.
Сонымен бірге наурыз мейрамына ерекше дайындалған. Наурыз көже пісірген. Үстілеріне де қазақтың киімдерін киген. Осы киімдерде ою - өрнектер салынған. Мына ою - өрнектерге қарайықшы қандай әріптерге ұқсайды
Әдемілеп көркемдеп О – әрпін жазайық. Жазып отырып, о әрпінен басталатын сөздер ойлаңдар
Орамал, орындық, орман,
Бәйге жарысы Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады.
Біз өткен сабақта спорт тақырыбына байланысты модульді өткенбіз. Ендеше спорт деген сөзге байланысты сөздер жазыңдар.
Жамбы ату.
1. Қ. Республикасының президенті кім?
2. Спорт түрлерін ата?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. ҚР - ның мемлекеттік тілі?
5. Қазақстанның әйгілі спортшылары?
6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?
7. Бір жылда неше ай бар?
8. Бір айда неше апта бар?
9. Бір аптада неше күн бар?
10. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
11. Сыныпта неше оқушы бар, ұл, қыз?
12. Сыныпта неше парта бар?
13. Мен кіммін?
14. Не деген сұраққа жауап беретін сөздер?
15. Кім деген сұраққа жауап беретін сөздер?
16. Алма қандай?
17. Көктем айларын ата?
18. Мектебің қай көшеде орналасқан?
19. ҮІІ қысқы Азиада ойындары қайда өтті?
20. Биылғы қысқы олимпиада Ресейдің қай қаласында өтті?

Қыз қуу ойыны. Жұптастыр. Жұппен жұмыс 2 - тапсырма
Тау сырғанау
Мәнерлеп қуу
Суға жаттығу
Ұлттық шаңғысы
Футбол залы
Жаттығу жүзу
Таңертеңгілік ойындар
Қыз маусымы
Аудармасын сұрау. тау шаңғысы, ұлттық ойындар, футбол маусымы, ептілік, күшті
Теңге алу ойыны. Сөйлемдерімізде сөздер түсіп қалған, соны сендер орнына дұрыс қойып, сөйлемді аяқтаңдар. 3 - тапсырма. Сөйлемдерді аяқтап жаз.
1. Бос уақытымда мен.... 2. Маған.... ұнайды. 3. Кейде... барамын.
4. Мен... айналысамын. 5. Мен... жақсы көремін.
Көмекші сөздер: сурет салғанды, кітап оқимын, киноға, футбол, бокспен.
Көкпар ойыны
4 - тапсырма Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.

Менің арманым.
Менің атым – Айдар. Мен төртінші сыныпта оқимын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын. Біз досым екеуміз бокс үйірмесіне қатысамыз. Менің сүйікті спортшым – Серік Сәпиев. Ол Қарағандылық боксшы. Мен де өскенде атақты боксшы боламын деп армандаймын.
Слайд
а/ мәтін оқылып, аударылады.
б/мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
1. Айдар нешінші сыныпта оқиды? – Айдар төртінші сыныпта оқиды.
2. Ол бос уақытында не істейді? – Ол бос уақытында спортпен шұғылданады.
3. Айдар кіммен бірге бокс үйірмесіне қатысады? – Айдар досы екеуі спорт үйірмесіне қатысады.
4. Айдардың сүйікті спортшысы кім? – Оның сүйікті спортшысы – Серік Сәпиев.
5. Айдардың арманы қандай? – Айдардың арманы атақты боксшы болу.
Сергіту сәті
Аударыспақ ойыны 5 - тапсырма
Жазылым. Сөйлемдерді аударып жаз, жіктік жалғауларын белгіле.
1. Я спортпен айналысқанды люблю.
2. Сен два раза в неделю жаттығу залына барасың.
3. Мы досым екеуміз футболиспіз
4. Вы спорттың қай түрімен занимаетесь?
Шаңғы сөзін жікте ептілік сөзіне дыбыстық талдау жаса.
9 976
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Ана тілі – халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» Білекке сенген заманда Ешкімге есе бермедік. Білімге сенген заманда, Қапы қалып жүрмелік
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы, №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық.
Үштілділік - заман талабы
Үштілділік - заман талабы
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×