Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)

13 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Тілді сүю – тал бесіктен»
(ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Тақырыбы: «Тілді сүю – тал бесіктен»
Мақсаты: Ана тілі – халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр - сырын ұғына білуге тәрбиелеу. Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Көрнекілігі: Тіл туралы ақындардың ойлары презентация.
Іс - шараның өтілу барысы:
Қазақ биі - Асылбек Еңсепов күй «Балалық шақ» 5 «г» сынып оқушылары
1 - жүргізуші.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тілді сүю – тал бесіктен» атты тілдер мерекесіне арналған кешімізді ашық деп жариялаймыз! Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Оны біздің қазақ халқы зор қуанышпен қарсы алды.
2 - жүргізуші
Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді, ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт аралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға кірігу тілі деген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауы қазіргі кездегі елжандылық, тәрбие мен ағылшын тілі пәнінің маңыздылығын көрсетеді.
Әдеби монтаж

1 - ер бала
Тілім менің – тірегім, дінім менің.
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің
2 - ер бала
Тілім менің – қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің?!
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.
3 - ер бала
Тілім менің – асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің
Бас кескендер тілімді кесе алмаған
Тілден бұрын кетеді жалын дедім
4 - ер бала
Тілім менің - қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ
Бола көрме, Ана тілі, қасіретім.
5 - ер бала
Тілі өлсе болмайды тірі халық,
Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.
Басқа емес өз Ана тілінде тек
Тіршілігін білдірер ұлы халық.
6 - ер бала
Тілім менің – ғасырлардан аманат,
Аманатқа адал болсын қанағат
Ар - намысқа келтірмейік жаман ат
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше
Өз тіліңді өзгелерге бағалат

1 - жүргізуші.
Бүгінгі кешімізді ашу үшін мектебіміздің басшысы Көшкінбаева Әлия Сейдуәлиқызына сөз береміз
(директор сөз сөйлейді)
Ән «Туған жер» 7 «а» сынып оқушысы Жағыппарова Ләйла

2 - жүргізуші
Тілі жайында толғанбайды кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді – кім?
Сан мың жылдан сарқылмаған бұлағым!
Тілім менің, тілім менің – тірлігім!
Ән: «Мереке» 5 «г» сынып оқушысы Айкүміс
Ән: «Ассалаумалейкум» 7 б сынып оқушысы - Айбасов Айдархан

1 - жүргізуші
Тіл - табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса, соншама тіл бар.
Тіл тағдыры – ел тағдыры, тіл - байлығы, қазынасы.
Ән: «Қырманға кел, қалқатай» Кенжебекова Ақбаян

2 - жүргізуші
Тіл – рухы күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ,
Тіл шегінсе, ұлт мүлде жоқ әрі ұлттық сана жоқ.
Өз анасын шетке тебу рухсызға бақ па екен,
Бұл ғасырлық зұлымдықты қай қу ойлап тапты екен?

1 - жүргізуші
Көркей, көгер! Тежеу болар кім енді?!
«Мәңгүрт» тектес жау тумасын анадан,
Дін бөлініп, жік шықпасын арадан.
Тұмарымдай қасиетті тіліме
Қуат берсін деп тілеймін алладан!

Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш). жүктеу
5 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап
Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.
Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған іс - шара.
22 қыркүйек - Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Содан бері 22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі.
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім атты жас ақындар байқауы
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім атты жас ақындар байқауы
Ана тілім, дана тілім - Тәңірім Сақтай білген сан ғасырлар жарығын Тілім менің, Абай, Ахмет сөйлеген Бұғаулауға, шұбарлауға көнбеген.
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Тілдер мерекесі
Тілдер мерекесі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Чайканова Гүлбану
Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі
Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі
Сәкен Сейфуллиннің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы сыршыл да шыншыл ақын өмірі мен шығармашылығына рухани ықпал ету. Мемлекеттік тілді қастерлеуге, оқушыларды білімге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×