Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лиро - эпостық жырлар «Қыз Жібек» жырынан үзінді

21 тамыз 2014, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Лиро - эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жырынан үзінді 1 - сабақ
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 9 - сынып оқулығы
Жалпы мақсаты: Лиро - эпостық жырлар туралы алғашқы әдеби - теориялық ұғым беру.
Оқушыларды адамгершілікке имандылыққа, мейірімділікке, қатыгездіктен бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу
Жырдағы халық арманы, махаббат, достық мәселелерін қарастыру
Оқыту нәтижесі: СТО - ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету
Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір - бірін тыңдай біледі. Өз пікірін жеткізе білуге үйрету; Шығармашылық жүмыстар арқылы дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызу;.
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Топтастыру. Миға шабуылЖИГСО
Құрал – жабдықтар: флипчарт, оқулық, кеспе қағаздар
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
«Батыр туса – ел ырысы» тақырыбында ой - толғауын оқытамын.
Ой шақыру.
Лиро - эпостық жырлардың түрлерін топтастыру
Лиро - эпостық жырлар

Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Айман – Шолпан
Есім - Зылиха
Қыз жібек
Ләйлі - Мәжнүн
Құсырау - Шырын
Қайып - Ақбөбек
Қалқаман – Мамыр

Лиро - эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін - бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт - сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро - эпостық жырларда халықтың тұрмыс - салты, әдет - ғұрпы, наным - сенімі, көңіл - күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро - эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, қарапайым адамдар. Екі жастың бір - біріне деген сүйіспеншілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе - ата - аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.

Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты ерекшелігі - ең алдымен, батырлардың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпостай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы - екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет – зары, махаббаты. Лиро - эпоста халық арасында ауыздан - ауызға көшіп, біреуден - біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.

Қазақтың өткенді өмір тіршілігін өте шебер суреттеген жыр – «Қыз Жібек». Мұнда қазақтың көшпелі өмірі, әдет ғұрпы, халықтың мінез – құлқы, киім - киісі, жүріс - тұрыстарына дейін кең қамтылады.
Жырдың негізгі идеялық - мазмұны - ескілік пен жаңалықтың тартысы.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан лиро - эпостық жырлар туралы түсінікті оқу, ойларын жеткізу.
ЖИГСО - 1 стратегиясы
Мұғалім: Қазір мен сендерді 2топқа бөлемін. (Оқушыларды отырған орындарына қарай 1, 2, 3,- ке бөлу) Үй тобынан жұмыс тобына оқушыларды жіберу
1топ. Үй тобы 2 топ. Жұмыс тобы
2. Мәтін алдын ала үш бөлікке бөлінген.
Жұмыс тобында әр оқушы жеке өз бөлігін оқиды.
Одан кейін үй тобына оралып бір - біріне өз бөліктерін айтып береді. Бірінші сандағы оқушы бірінші бөлігін, екінші сандағы оқушы екінші бөлігін, үшінші сандағы оқушы үшінші бөлігін бір – біріне айтып береді. Осыдан кейін барлық үй мүшелері барлық тақырыппен өздері танысып шығады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
18 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыз Жібек жырынан үзінді
Қыз Жібек жырынан үзінді
Атыңнан айналайын қазақ деген, Қазағымның жырларын ғажап дер ем. Қыз Жібектей қыздары ару болса, Төлегендей ұлдары батыр дер ем.
Сәбидің дүниеге келуіне, үйлену салтына, көңіл - күйді білдіруге байланысты өлең - жырлар
Сәбидің дүниеге келуіне, үйлену салтына, көңіл - күйді білдіруге байланысты өлең - жырлар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Жамбыл Жабаев «Сұраншы», «Өтеген батыр» дастандары
Жамбыл Жабаев «Сұраншы», «Өтеген батыр» дастандары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есназарова Ләззат Дүйсенбаевна
Лиро - эпостық жырлар туралы түсінік
Лиро - эпостық жырлар туралы түсінік
Астана қаласы, № 18 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Төлеуова Гүлшат Қысқашқызы
Лиро - эпостық жырлар
Лиро - эпостық жырлар
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Кошбаева Алтынгүл
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×