Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбидің дүниеге келуіне, үйлену салтына, көңіл - күйді білдіруге байланысты өлең - жырлар

21 тамыз 2014, Бейсенбі
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәбидің дүниеге келуіне, үйлену салтына, көңіл - күйді білдіруге байланысты өлең - жырлар (2 – сабақ)
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, орта мерзімдік жоспар, оқулық. Мұғалімге арналған нұсқаулық, СТО стратегиясы, 9 - сынып оқулығы
Жалпы мақсаты: Тұрмыс – салт жырларының түрлерін меңгеру. Салт - дәстүрді қастерлеу, дәріптеу.
Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, оқушылардың тіл байлығын арттыру, тапқырлыққа баулу.
Оқыту нәтижесі: СТО - ға үйрете отырып, мәнерлеп оқуға, оны талқылауға үйрету
Топпен бірлесе жұмыс жасай біледі, тақырыпты аша алады, ережеге бағынады, бір - бірін тыңдай біледі. Тұрмыс – салт жырларының негізгі түрлерін ажырата алады. Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлеңдерді құрастыра алады.
Өз ойларын еркін жеткізе алады.
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу
Оқуда қолданылатын модульдер мен әдістер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Топтастыру. Миға шабуыл
Құрал – жабдықтар флипчарт, оқулық, кеспе қағаздар

Кезең
1 кезең
Ұйымдастыру2 мин
Үй тапсырмасын тексеру 5мин

Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту
Сәлемдесу арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру
Тұрмыс - салт жырлары және оның түрлері туралы сұраймын
Адамның тууынан бастап, қартайғанға дейінгі өмір жолының әр кезеңін атап өту, оған арнап өлең - жыр шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған. Бала туғанда елді жинап "шілдехана" жасау, азан шақырып, ат қойғызу, бесікке салу, аяғын апыл - тапыл баса бастаған кезде "тұсау кесу", алғаш рет жолға шықса "тоқым қағар", бес жасқа келгенде "атқа мінгізу", мектепке оқуға барғанда "тіл ашар" тойларын жасау секілді салт - дәстүрлер сақталған. Осындай салттан туған өлеңнің бірі — бесік жыры. Баланы бесікке салуды қазақтар қуанышпен тойлап өткізген. Мұны да ойын - сауыққа айналдырған. Онда айтылатын өлең - жырларда жас бала дені сау, еңбек сүйгіш, өнерлі, елін қорғаушы ер - азамат болып өссе екен деген тілек байқалады.
"Бесік жырында " ананың балаға деген мейірі, махаббаты жырланады.
Мәселен:
Әлди, бөпем, әлди - ай!
Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым,
Әлди, бөпем, әлди - ай!

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Адамның дүниеге келуі қандай заңды құбылыс болса, дүниеден өтуі де сондай заңдылық. Туу, өсу, өлу, қайта жаңғыру — табиғатқа тән нәрсе. Адам да — табиғаттың перзенті. Адам дүниеге жылап келіп, жылап кетеді. Тіршіліктегі қуаныш сезімін, өмірінің әр кезеңін өлең - жырмен өрнектеу қандай заңды болса, өліммен байланысты қайғы, мұң - шерді де осылай атап өту ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың "Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең" деуі осы жағдайды сипаттаудан туған. Адам өлімімен байланысты көңілдегі мұң - шерді, қайғы - қасіретті сыртқа шығарған өлең - жырларды көңіл - күйімен байланысты туған шығармалар дейміз. Олар қоштасу, естірту, жоқтау болып үшке бөлінеді.

Қоштасу. Қоштасу өлеңінің негізіңде белгілі бір қайғылы хал жатады. Қазақ халқы өзінің тарихында талай ауыр күндерді басынан кешірді. Жат жұрттық жаулармен соғыс кезінде кір жуып, кіндік кескен жерін тастап, қоныс аударуға тура келді.
Тіпті тыныштық заманның өзінде де халықтың аяулы ақындары, шешендері, жыршылары елінің хан - сұлтандарымен келісе алмай, басқа жаққа кетуге мәжбүр болған кездер бар. Сондайлардың кейбіреулері патша үкіметімен, бай, болыстармен ұстасып, Сібірге жер аударылды. Күтпеген жерден сүйікті баласынан, сүйген жарынан айырылды. Міне, осындай жағдайларға байланысты қоштасу өлеңдері пайда болды.
Қоштасу өлеңдерінің тақырыбы әр алуан болса да, мазмұны, түрі төркіндес келеді. Олардың қай - қайсысында болса да көңіл күйі, еліне, жеріне, ғашық жарына, ата - анасына, туған - туысқанына деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі білдіріледі.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Қыз ұзату тойында тойбастар, сыңсу, жар - жар; келін түсіретін ауылда беташар өлеңдері айтылған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 024
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ әдебиеті пәнінен емтихан билеттері 9 сынып
Қазақ әдебиеті пәнінен емтихан билеттері 9 сынып
Қазақ әдебиеті пәнінен емтихан билеттері 9 сынып. 1 - билет 1. Ауыз әдебиеті туралы түсінік, жазба әдебиетінен айырмашылықтары
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең – жырлар
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең – жырлар
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең – жырларды оқыта меңгерту. Жаңа ғасыр ұрпағы дені сау, рухы мықты, ұлтжанды, ана тәрбиесін бесіктен көрген азамат болып өсуге үйрету. Халықтық тәлім – тәрбие тұрғысынан кешегі мен бүгінгіні салыстыруға,
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Лиро - эпостық жырлар «Қыз Жібек» жырынан үзінді
Лиро - эпостық жырлар «Қыз Жібек» жырынан үзінді
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Жамбыл Жабаев «Сұраншы», «Өтеген батыр» дастандары
Жамбыл Жабаев «Сұраншы», «Өтеген батыр» дастандары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есназарова Ләззат Дүйсенбаевна
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×