Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Езулік дауыстылар

11 қазан 2014, Сенбі
Мақсаты: Езулік дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын меңгерту.
1) Білімділік: ауызша және жазбаша талдау жұмыстарын жүргізіп, теориялық білімін бекіту. Оқушыларды дұрыс сөйлеп білуге, сауатты жаза білуге, іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жеткізе үйрету.
2) Дамытушылық: дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру дағдысын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
3) Тәрбиелік: ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, интерактивті әдіс
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, ағылшын, орыс тілі, математика, ән сабағы, өзін - өзі тану
Сабақтың тақырыбы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу.
Сыныптағы оқушыларды сабаққа даярлау.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
248 - жаттығу жұмыстарын тексеріп шығамын.
1. Фонетика дегеніміз не?
2. Қазақ әліпбиі дегеніміз не?
3. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
4. Ашық және қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?
5. Еріндік дауысты дыбыстар дегеніміз не?
Үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылы бекітіп, білімдерін бағалаймын.

Жаңа сабақ
... Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп - өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға жететін болады... (Н. Ә. Назарбаев)
«Бағдаршам» әдісі бойынша әр оқушы сабаққа өз дайындығы туралы түрлі - түсті дөңгелек арқылы белгі береді.
Оқушылар Мұқағали Мақатаевтың туылған күні 9 ақпан екенін білеміз.
1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның балалық шағы Ұлы Отан соғысына тұспа - тұс келді. Мұқағали он жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған. Мұқағали үшін өлең жазудан артық бақыт болмаған. Ол өлең болып өмір сүрді, өлең болып өмірден өтті.

Мұқағали ағамыздың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэмасынан үзінді
... Оятып, дүниені дел-сал қылып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып,
Сай - сайдан бошалаған боз ала таң,
Таудағы тіршілікке ән салдырып,
Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,
Бұлбұлға, дүниеге жар салдырып,
Тамыздың таңы да атты тамсандырып.
Қасқа таң.
Бұлбұл үні.
Көл бетінде,
Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

I. «Аққулар» сөзіне, соның ішінде дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме жасаймыз.
о - дыбыстардың белгісі
□ - дауысты дыбыс белгісі
▲- дауыссыз дыбыс белгісі
Мыс: «Аққулар» сөзінде 7 дыбыс бар, оның 3 - еуі дауысты, 4 - еуі дауыссыз.
7 о=3□(2а, у) дауысты дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды
айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады.
4▲=(2 қ, л, р) дауыссыз дыбыстар, себебі бұл дыбыстарды
айтқанда, өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі
кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.
Берілгені: Аққулар=?
Шешуі: а) Тілдің қатысына қарай
3□= 2 □(2а, у) тіл арты немесе жуан□
тіл алды жіңішке □ о

1. Тіл арты немесе жуан дауыстыларды айтқанда, тілдің ұшы сәл кейін қарай тартылып,
үсті сәл дөңестенеді.
2. Тіл алды немесе жіңішке дауыстыларды айтқанда, тілдің ұшы сәл ілгері қарай созылып, үсті сәл төмендейді.
ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай
3□= 2 □(а) ашық□
1□ (у) қысаң □
1. Ашық дауыстыларды айтқанда, жақ кең ашылып, ауа еркін шығады.
2. Қысаң дауыстыларды айтқанда, жақ тар ашылып, ауа қысылып шығады.
б) Ерін мен езудің қатысына қарай
3□= 1 □(у) еріндік□
2□ (2а) езулік□
1. Езулік дауыстыларды айтқанда, ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады.
2. Еріндік дауыстыларды айтқанда, еріннің дөңгеленіп, алға қарай сүйірленуі арқылы жасалады.

II. Фонетикалық талдау.
Қарасаз.
Сөзде - 7 дыбыс, 7 әріп, 3 буын, 1 - ашық, 2 - ашық, 3 - бітеу буын.

Қ - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, жуан, ашық, езулік
р - дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, ашық, езулік
с - дауыссыз, қатаң
а - дауысты, жуан, ашық, езулік
з - дауыссыз, ұяң

III.... Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп - өркендеп келеді. Дегенмен, тек қазақ тілін ғана меңгеріп қоймай, орыс тілі және ағылшын тілдерін қатар алып жүргеніміз дұрыс болар. Үш тілді қатар меңгерсек, үлкен шыңға шығарымыз белгілі.

Тақтаға бірнеше мақал - мәтел жазылады.
(бір сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазу)

Жақсы адам - елдің ырысы,
Жақсы жер - жанның тынысы
Жақсы - хорошо - good

Атадан бала туар,
Атасының жолын қуар.
Бала - мальчик - boy

Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Тіл - язык - language

IV. Кітаппен жұмыс
250 - жаттығу.
Сөздегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып орындаймыз.

V. Сурет бойынша мәтін құрау.
Түрлі суреттер таратылып беріледі.

«Жасырынған әріптер» ойыны
І топ
Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12 - ші орын алды.
ІІ топ
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, қазақ - нағыз батыр халық екенін мойындайсың.
“Адасқан әріптер” ойыны
І топ “Адасқан әріптерді” орнына қой және еріндік дауыстылардың астын сызу.
м, д, и, н, т, е, і, т, ә, е
б, л, а, б, қ, ш, а, а, а
ұ, а, з, т, с
к, н, ф, е, т, о, и, а
ІІ топ “Адасқан әріптерді” орнына қой және езулік дауыстылардың астын сызу.
р, і, е, т, р, ә, п
д, у, ы, з, ы, с, с, а
з, к, і, л, е, у
а, а, т, р, м, п, с, ы

«Білім шыңы» ойыны
Топ басшылары 5 сұраққа жауап береді.

Сергіту сәті ( уақыт үнемделген жағдайда, 2 мин)
Бір - біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады. Ендеше, «Жүректен жүрекке» деп аталатын шеңбер құру, яғни жылы лебіздер білдіру.
Сабақты бекіту.
1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
2. Жуан дауыстыларды ата.
3. Жіңішке дауыстыларды ата.
4. Ашық дауыстыларды ата.
5. Еріндік дауыстыларды ата.
6. Езулік дауыстыларды ата.
Бағалау.
Оқушылардың білімі бағаланады.(дөңгелек -«5», төртбұрыш -«4», үшбұрыш -«3»)
Үйге тапсырма беру.
«Кәдімгі керемет» ойыны. Мұғалім үй тапсырмасын ерекше түрде береді. Бір оқушы тақтаға шығып, кубик арқылы әр қырына жазылған тапсырманың біреуін таңдайды.

1. Дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру
2. Кез келген сөзге фонетикалық талдау жасау
3. Тест сұрақтарын дайындау.(10сұрақ)
4. «Қыс» тақырыбына эссе жазу
5. М. Мақатаевтың кез келген бір шумақ өлеңін жазып, ондағы еріндік және езулік дауыстылардың астын сызып көрсету.
6. «Дауысты дыбыстар» тақырыбына ертегі құрастыру.
10 368
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Дыбыс үндестігі
Дыбыс үндестігі
Ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың теориялық білімін бекіту, іздендіре отырып, нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету.
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Еріндік және езулік дауыстылар
Еріндік және езулік дауыстылар
Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Даулетиярова Айман Биржановна
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×