Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

11 қыркүйек 2016, Жексенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып.
Тақырыптар:
46. Ашық және қысаң дауыстылар
47. Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
48. Жаттығулар орындау
49. Дауыссыз дыбыстар
50. Қатаң дауыссыздар


Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: IІІ
5. Мұғалім:.
Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға ашық және қысаң дауыстылар туралы түсінік беру, олардың жасалу жолдарын меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың дауысты дыбыстардың түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру, ойлауы мен тілін, зейінін дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: баяндау, талдау сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.
2. 104 - беттегі тапсырмаларды орындау.

ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс.
• Төмендегі берілген сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жаса. Ұлыс
Үлгі: ана
- Үш дыбыс, үш әріп
- Екі дауысты(а, а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)
- А - жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.
- Н – үнді дауыссыз дыбыс
- А - на бір буынды сөз, а - ашық буын, на – ашық буын.
- Ана тасымалданбайды.
- Ана екпін соңғы а дыбысына түседі.
- Үндестік заңы:
- Буын үндестігі жоқ.
- Дыбыс үндестігі бар.

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Шығармашылық диктант
• Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
1. Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.
2. Бұлбұл, мазмұн, мағлұмат.
3. Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.
4. Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқулықпен жұмыс
244 – жаттығу
• Мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңдар.

245 – жаттығу
• Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?

246 – жаттығу
• Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.

VІІІ. Сабақты бекіту:
• Бағалау
• Үйге тапсырма беру:

1. Ашық және қысаң дауыстылар
2. 246 - жаттығу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын көру
6 056
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
№З Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Изтлеуова Гүлшат Бисенқызы
Қазақ тілінен тест сұрақтары 10-11 сыныптар үшін
Қазақ тілінен тест сұрақтары 10-11 сыныптар үшін
СҚО, Петропавл қаласы №42 орта мектеп Оразалина Әсия Қабиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×