Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы

30 наурыз 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы

Қазақстан тарихынан әңгімелер
5 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық – саяси және тарихи көзқарастары, тәлім - тәрбиелік мәні зор ғақлияларының маңыздылығы, аудармашылық қызметін айта келіп, қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру.
Дамытушылық: Оқушыларда тарихи қайраткерлерді суреттей білу біліктерін дамыту жұмыстарын жалғастыру. Тарихи тілмен сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс, Абай өміріне байланысты хронологиялық кестемен жұмыс жасату.
Тәрбиелік: Өскелең жас ұрпақты Абай атамыз армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, еңбексүйгіш, терең ойлай білетін парасаттылыққа, өзінің өткен әр күнінен міндетті есеп бере алатын ақылды, өзін - өзі тәрбиелейтін адамгершілік қасиеті мол ұрпақ ретінде оқыта, тәрбиелей отырып қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ - жауап, тақтамен жұмыс жүргізу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд презентация

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
А) Оқушылармен амандасу
В) Оқушыларды түгелдеу
С) Оқушыларды сабаққа бейімдеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (13 минут). Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі жайында тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма: Кесте толтыру.

2 тапсырма: «Шоқан кім?» тапсырмасын орындау.

3 тапсырма: Сызбаны толтыру.

4 тапсырма: «Математикалық ойын»
1. Шоқан қанша жасынан бастап хат таныған?
(50: 5) - (20: 4) = 5
2. Шоқан кадет корпусын қанша жасында бітірді?
(57 - 50) + (7 + 4) =18
3. Шоқан неше жасында дүниеден өтті?
(250 - 200) – 20 =30
4. Ә. Марғұлан Шоқанның еңбектерін қанша жылдық тойына арнап құрастырды?
(100 * 3) - (10 * 15) =150

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру (15 минут). Жаңа сабақтың тақырыбы алдын ала тақтаға жазылады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өтемін.
Сабақтың жоспары
1) Ақынның балалық шағы
2) Ақынның өмір сүрген ортасы.
3) Абайдың саяси және тарихи көзқарастары
4) Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны.

Алдымен тақтаға «Абай Құнанбаев» сөзін жазып, Абайға қатысты сөздер жаздырамын. Осы жазғандарын оқушылардың өздеріне қысқаша талдау жасатамын.
Абай

Қазақтың бас ақыны
Ойшыл
Ағартушы
Қазақ жазба әдебиетіні негізін салушы
Қоғам қайраткері
Сазгер, ақын

 Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845 - 1904) – қазақ халқының ұлы ақыны, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл.
 Абай өмірі (хронологиялық кесте)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 784
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
«Күз» Абай Құнанбаевтың өлеңі
Абай Құнанбаевтың «Күз» өлеңінің мазмұнымен танысу. Табиғатқа деген сыйластығы, оларға қамқорлықпен қарауға үйренеді.
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймаганбетов Руслан Тлепович
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев - қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Абай Құнанбаев - жазба әдебиеттің негізін салушы
Абай Құнанбаев - жазба әдебиеттің негізін салушы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Өтепова Тойған Қуанышқызы
АБАЙ - ДАРА, АБАЙ-ДАНА КАЗАКТА
АБАЙ - ДАРА, АБАЙ-ДАНА КАЗАКТА
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. (1845-1904) Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×