Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі

25 ақпан 2015, Сәрсенбі
Сабақ мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толықтыра отырып, «Сыр сандық» өлеңін оқып, тақырыбы мен идеясын көркемдігін ашу, лирикалық кейіпкер, бейнелеу құралы символ туралы түсініктерін кеңейту.
Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру, поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.
3. Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу әсемдікті тану, эстетикалық рухани бағдар беру.
Сабақ түрі: Жаңа шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Интерактивті тақта, мультимедиялық көрсетілім, тірек - сызбалар пайдалану, суреттер, тест сұрақтары, түсіндіру, ой талқы, хронологиялық кесте, талдау.
Сабақта қолданылған технология: Дамыта оқыту, СТО технологиясының кейбір элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреттері, отбасы, нақыл сөздер, мақал - мәтел, тапсырмалар, естеліктер.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих.

Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру.
Сабаққа әзірлік
II. Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, бүгінгі сабағымыз ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті қайраткері, сұлу жанды Сәкен ақынға арналады. Сабақтың эпиграфы ретінде
Өмірде жан екенсің қия алмайтын
Өлеңнің құшағына сия алмайтын
Қазақты көргің келсе, міне, осы деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,-
деп С. Мәуленов жырлағандай бүгінгі сабақтың пердесін осы өлең жолдарымен ашып отырмын.

Ой қозғау:
Мен үйге ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, оқып келіңдер деп алдын - ала тапсырма бергенмін. Олай болса, ақын өмірімен таныстық па?
I. Не біліп келдік?
1. Сәкен қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Сәкеннің ата - анасы кімдер? Сейфолла қандай әке? Сәкенге қандай істері үлгі болды? Анасының ертегілерін тыңдап өскен Сәкен білім алуда қандай деңгейге жетті?
3. Ақынның ең алғашқы жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
4. Сәкеннің қандай шығармаларымен таныстық? Естеріңде бар ма? Мүмкін, үзінді жатқа айтамыз ба?
5. Естеліктер сыр шертеді. М. Әуезов, Г. Серебрякова естеліктерінен үзінді.

III. Мағынаны тану: Нені білгіміз келеді?
«Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу.
Өлеңнің негізгі мазмұны туралы мұғалім сөзі:
Бұл «Сыр сандық» өлеңі 1926 жылы жазылған. Ақын өлеңін «Досқа жазылған хат» деп атаған. Ақын өміріндегі 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған. Халық комиссары Сәкенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Шәріпжан Тотоев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі бір кездесуге Сәкенді танымайды, шақыртқанға келмепті. Сонда көңілі қалған Сәкен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш, жарамсақ. Былтыр күтіп, аяғын сындырған дос сымағым ұлық болсам шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты. Әрине, бұл дерек Сәкен туралы естеліктерде(фил. ғыл. докторы С. Талжанов) осылай сақталғанымен, Сәкен бұл өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен. Өмір, достық туралы терең толғанған ақынның жаны таза, ешкімге қиянаты жоқ. Адалдық пен арамдық, мансап пен ар - ұждан, достық пен қастықтың ара жігін аша жазып, адам үшін құнды байлық - достықты жырлайды. Дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға балайды. Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға, нулы шатқалға, мөлдір суға, қымбат жасауға ұқсатады. Жанама, жағымсыз достарды қаламайды. Алтын сарай - шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады. Сұлу пернелер - адам бойындағы жақсы, жағымды қасиеттер. Адамдағы асыл қасиеттер шын достыққа жеткізетінін ақын тебірене жырлайды.
Нені білеміз?

IV. Өлең жолдарына талдау жасау.
Өлеңді оқып, өлеңнен айшықты сөздер мен сөз тіркестерін дәптерге теріп жазыңдар.
Тіркестер мен айшықты сөздер: Нағыз дос, сыбатты тау, құзды шат, аққан су, сылдыраған бұлақ, шың басы, алтын жазу, қымбат жасау, сыр перне, алтын сарай, сұлу сым т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 674
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәкен Сейфуллин «Далада»өлеңі
Сәкен Сейфуллин «Далада»өлеңі
Қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Далада» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі идея - оқу - білімге шақыру, болашақ жастарға деген сенім мәселесін көтеру.
Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Етістік. (қысқа мерзімді жоспар)
Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі. Етістік. (қысқа мерзімді жоспар)
Автор шығармашылығы туралы жалпы түсінік беру, өлеңнің идеясын ашу, патриоттық мәнін ұғынуға бағыттау. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пән бойынша білімдерін кеңейту,
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин жырының ішкі сезімін сезіп, сым кернесін шертетін сырын дәлелдеп, талдауға, өз ойын еркін жеткізуі тиіс.
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, ҚГТК студенті Батыр Нұрайым Садуахасқызы
Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі
Сам орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегендикова Жазира
Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған
Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі түзете - дамыта оқыту сыныбы мұғалімі: Сейтжапарова Анар Саясатқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×