Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

04 наурыз 2013, Дүйсенбі
Тақырыбы: " Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған"
4 сынып - Әуелбек Қоңыратбаев " Балуан"
5 сынып - Әбділда Тәжібаев " Толағай" (әдеби ертегі)
6 сынып - Ілияс Жансүгіров "Анам тілі"
7 сынып - Сакен Сейфуллин " Сыр сандық"
Мақсаты: 1. Берілген шығармалардың тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашу. Жазушы, ақындардың, шығармалар кейіпкерлерінің өмір деректерімен таныстыру.
2. Сөз еркіндігіне, поэзияны түсінуге баулу; есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту..
3. Адамгершілік қасиеттерін дәріптеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ана тілін, достықты қадірлеуге баулу.
4. Мәнерлеп оқи білу дағдыларын түзеу.
Түрі: аралас сабақ
Типі: жаңа материалды меңгерту
Көрнекілігі: мультимедиалық көрсетілім.

Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу.
"Бақыт шеңбері"
- Сәттілік біздер тілейік
Мен саған, сен маған.
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік
Мен саған, сен маған!
ІІ. Өткенді қайталау. Әдеби викторина.
1. Жамбыл Жабаевтың баласына арнаған қандай шығармаларын оқыдық?
2. Абай қай шығармасында жастарды өнер - білімге шақырды?
3. Қай шығармада кейіпкер жер шарын аралап, туған жерінен артық жер жоқ екенін түсінді?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Дәптермен жұмыс: шығармалардың тақырыбын, авторлар туралы деректерді жазып алу.
2. Әуелбек Қоңыратбаевтың" Балуан" атты естелік әңгімесі бойынша жұмыс.
а) Балуан деп қандай адамды айтамыз?
ә)"Күш атасы - Қажымұқан" атты деректі фильмнен үзінді.
б) Фильмде бейнеленген сәтті оқулықтан тауып оқу.( Сар - Кекенмен күрес)
в) Иван Поддубный деген досы қандай аманат айтып еді?

3."Сандар сөйлейді" ойыны.
28 56 77 55 2 100000 - сандар арқылы Қажымұқанның өмірі туралы әңгімелеу.
2012 30 113 12 7 1 5 - сандар арқылы Лондонда өткен олимпиададағы Қазақстан спортшыларының жетістіктері туралы әңгімелеу.
4. Жүлдегер - спортшыларды марапаттау салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен түскен фото бойынша әңгімелесу.
5. Ә. Тәжібаевтің "Толағай "атты әдеби ертегісі бойынша жұмыс.
а)"Толағай "ертегісін сипаттау. Жалпы түсінік беру.
ә) Слайдтарға сәйкес үзінділерді оқу.
б) Рольге бөліп оқу. Анасы мен баласының әңгімесі.
в) Географиялық картамен жұмыс. Тауды, жотаны көрсету.
г)"Саусақтар жаттығуы":
Күркіреді күн - күн,
Терезелер шын - шын.
Жаңбыр жауды топ - топ
Шелек - шелек көп - көп.
Жаңбыр жауып басылды
Күн жарқырап ашылды!
ғ)"Толағай "әнін айту(видеоклип бойынша.)
6. Ілияс Жансүгіровтың" Анам тілі" өлеңі бойынша жұмыс.
а) Оқушылардың жатқа айтуы.
ә) Ана тіл туралы нақыл сөздер, мақал - мәтелдер айту( оқушылардың дайындап келген тапсырмасы).
б) Ойын" Білгіштер"- сөздерді орыс тілінен аудару:-
школа – мектеп
мама - ана
Родина – Отан
жер - земля
дом – үй
дружба - достық

7. Сергіту сәті." Достық " әні.
8. Сәкен Сейфуллиннің" Сыр сандық" өлеңі бойынша жұмыс.
а)"Сыр сандық "өлеңінің шығу тарихы.
Оқулық бойынша жұмыс:
б) өлеңді мәнерлеп оқу;
в) оқушының тауып оқуы (Амал дос, адал дос, адамның ішкі сыры туралы)
г) оқушының ой - пікірін тыңдау;
ғ)" Ұйқасын тап" ойыны:
- Достықты берік сақта
Дос сенімін..... ақта.
- Болмасын достық амал
Болсыншы достық.... адал.
- Шын достықты сақтайық
Дұшпандықтан.... қашайық.
- Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа
Жаманмен дос болсаң, қаларсың.... ұятқа.
- Достық үшін күрес - саған тиген... үлес.
Сыр сандыққа шын достықты сыйғызған
Сәкен ақын неткен ғажап, неткен... жан.

V. Бекіту.
1. Салыстыру стратегиясы: Қажымұқан - Толағай;
І. Жансүгіров - С. Сейфуллин.
2. Ойын" Ойланайық - сөз табайық"
Елдің атын - ер шығарады.
Отан үшін отқа түс - күймейсің.
Доссыз өмір - сөнген көмір.
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіртіп айтады.

3. Тест (әр сыныпқа арналған).
Тест 4 сынып
1 "Балуан" Әңгімесін жазған кім?
А) М. Жұмабаев
В) Ә. Тәжібаев
С) Ә. Қоңыратбаев
2) Күрес қай қалада өтті?
А) Харбин
В) Мәскеу
С) Париж
3) Жапондар "жиу - жицу" деп атаған балуан кім еді?
А) Қажымұқан
В) Сар – Кекен
С) Поддубный
4) "Қажы" атағын қай ұлт берді?
А) Түріктер
В) Орыстар
С) Немістер
5) Қажымұқанның досы - орыс балуаны кім?
А) Иван Шемякин
В) Иван Поддубный
С) Поль Пон

Тест 5 сынып
1) "Толағай" ертегін жазған кім?
А) Қоңыратбаев
В) Ә. Тәжібаев
С) Н. Айтов
2) Әкесі қандай аңмен күресті?
А) Қасқыр
В) Арыстан
С) Жолбарыс
3) Толағай жеңген аңды неге теңеді?
А) Мысық
В) Түлкі
С) Жолбарыс
4) Ертегідегі жаңбырлы өңір қайда орналасқан?
А) Жетісу
В) Тарбағатай
С) Сыр бойында
5) Толағай деп не аталады?
А) Өзен
В) Қала
С) Тау

Тест 6 сынып
1) Ілияс Жансүгіров қай өңірде туған?
А) Ақмола
В) Алматы
С) Тараз
2) Ілияс кімнен көп өнеге алған?
А) Әкесінен
В) Атасынан
С) Досынан
3) Өлеңде ана тілін қалай бағалайды?
А) Күміс
В) Алтын
С) Меруерт
4) Тілдің тәттілігін неге теңеді?
А) Шырынға
В) Қантқа
С) Апкәусарға
5)"Қызыл " тіл ненің алды?
А) Өмірдің
В) Өнердің
С) Ақылды

Тест 7 сынып
1) " Сыр сандықтың" авторы кім?
А) Ә. Тәжібаев
В) С. Сейфуллин
С) І. Жансүгіров
2) "Жем таусылса, жалт береді" деп қай досты бейнелеген?
А) Амал
В) Адал
С) Шын
3) Сәкеннін шын есімі кім?
А) Шоқан
В) Ибрахим
С) Сәдуақас
4) Сәкеннін тағы қандай өнері болған?
А) Суретші
В) Сазгер
С) Әнші
5) Сәкен адамның тұлғасын неге теңеді?
А) Тауға
В) Күнге
С) Жайлауға

VІ. Қорытындылау. Бағалау.
VІІ. Үй тапсырмасы: оқып келу, түсінік айтуға дайындалып келу
11 470
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын айтуға машықтандыру. Балалардың бойына ананы сыйлау, құрметтеу өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру.
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Ілияс Жансүгіров. Көкшетау («Құлагер» поэмасынан үзінді)
Павлодар қаласының №26 ЖОМ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Макатова Гүлғайша Зияденқызы
Толағай
Толағай
Сабақтың тақырыбы: Толағай
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борина Аккенже
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ілияс Жансүгіров «Домбыра», «Күйге»
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахет Гүлден Ермекбайқызы
Әбділдә Тәжібаев “Толағай” ертегісі
Әбділдә Тәжібаев “Толағай” ертегісі
Қ. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабырова Жамиля Сатыбалдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×