Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

27 ақпан 2015, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Мақсаты:
- білімділік: оқушыларды тұрлаулы мүшелерді ажыратуға үйрету, сызықшаның бастауыштан кейін қойылатын жағдайлары туралы түсіндіру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалынғанын анықтауды үйрету;
- дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту, көркем жазу дағдысын жетілдіру;
- тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, баяндау.
Көрнекіліктері: сызбалар, кестелер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, слайд, бағалау парақшалары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сынып оқушыларымен сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
б) сабаққа назарын аударту
в) сыныпты 4 топқа бөлу
І топ: Фонетика
ІІ топ: Лексика
ІІІ топ: Морфология
ІҮ топ: Синтаксис

ІІ. Өткенді еске түсіру. «Бәйге» ойыны.
“Фонетика” тобының сұрақтары:
1. Есімдік қандай сөз табы?
2. Сан есімнің мағыналық түрлері қанша?
3. “Пунктуация” сөзінің этимологиясы.
4. Байланысудың қанша тәсілі бар?
5. Бастауыш пен баяндауыштың сұрақтары.

“Лексика” тобының сұрақтары:
1. Шылау қандай сөз табы?
2. Сын есімнің мағыналық түрлері қанша?
3. Фонетика ғылымының зерттеу объектісі.
4. Байланысудың қанша түрі бар?
5. Пысықтауыштың сұрақтары.

“Морфология” тобының сұрақтары:
1. Оқшау сөздерді ата.
2. Есімдіктің қанша түрі бар?
3. Көп нүкте қандай жағдайларда қойылады?
4. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ата.
5. Толықтауыштың сұрақтарын ата.

“Синтаксис” тобының сұрақтары:
1. Сұраулы сөйлемнің жасалуына қарай түрлерін ата.
2. Етістіктің шақтарын қандай жұрнақтар жасайды?
3. Нүктенің қойылатын орындарын ата.
4. Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қандай тыныс белгілері қойылады?
5. Анықтауыштың сұрақтары қандай?

ІІІ. «Қызықты сөзжұмбақ»
Әліпби реті бойынша орналастырып, жаңа сабақтың тақырыбын табады.
24, 37, 11, 37, 15, 34, 1 - (Сызықша)

ІҮ. Ереже қорыту.
Әр топқа әдеби шығармадан үзінді беріледі. Оқушылар қай әдеби шығармадан алынған үзінді екенін және шығарманың авторын табуы тиіс. Оқушылар топта ережелерін қорытып шығарады. Бастауыш пен баяндауыш қай сөз табынан екенін ажыратып айтуы тиіс.
1. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. (Қазыбек би, шешендік сөз)
2. - Әуелеп ұшқан алты қаз,
Етің – шекер, сорпаң – баз!
Атайын десем оғым аз
Қонар болсаң жануар,
Міне – майдан, міне – саз. («Қыз Жібек», лиро - эпостық жыр, ауыз әдебиеті)
3. Жай жүргенде, оны ешкім де елемейді. Ән салса, ол өзін - өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі. Ол – тәтті үнге бола жаралған адам. («Әнші», Ж. Аймауытов)
4. Араның ауа сусылдатқан ызыңы тыйылып, енді шаңқ - шаңқ еткен тажал дауыс шыға бастады. Тасқа тигендей тайып кеткен балта бірде Қабасақалдың тобығына қадала жаздады. Оның бар ойы – шынарды түбінен шалу. («Жүз жылдық жара», Ш. Мұртаза)
5. Аянның асыға күтетін шағы – күн ұясына қонған шақ. Күн ұясына қонды дегенше - ақ жүзі жадырап: «Келіңдер, мен бүгін кешегіден де қызық ертегі айтып беремін», - деп еліктіре жөнеледі. («Жусан иісі», С. Мұратбеков)

Ү. Жаңа сабақты бекіту.
198 - жаттығу.
1. Мәтінді оқып шығу.
2. Жаттығу мәтіндері 4 бөлікке бөлініп беріледі
3. Сызықшалы сөйлемдер көшіріп жазылады
4. Сызықшаның қойылу себебі түсіндіріледі
5. «Абайды білемін бе?» ой толғау
6. Мәтіннен тірек сөздерді тауып, синонимдік қатарын түзу.

а) Нақыл сөздер: «Кемеңгерлікті танудың үш жолы бар. Бірінші жолы – ойға салып пайымдау. Бұл – негізгі жол... Ал үшіншісі – тәжірибе жолы. Бұл – ең қиыны.» (Конфуций)
«Ақыл ісі – аңдау, қиял иесі – меңзеу, көңіл ісі – түю, толғау» (А. Байтұрсынов)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 150
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілімен түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін пайдалана білуді дамыту.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×