Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

07 желтоқсан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Қазақ тілі 3 сынып
Мақсаты
Сабақтың мақсаты:
а) Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін;
ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу;
б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тіл дамыту, түсіндіру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
- Міне балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Қызығушылықты ояту
Салыстыр.
Мағынаны тану Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан болғанына қарай және интонация арқылы байланысуына қарай мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:
1. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бұл – үлкен қуаныш Ол – қазір звено бастығы.
3. Бастауыш заттанған сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Қыздардың үлкені – Майра, кішісі – сайра. Үш – тақ сан. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды.
4. Бастауыш тұйық етістіктен (дара я күрделі) болып, баяндауыш зат есімнен болса немесе керісінше, бастауыш зат есім, баяндауыш тұйық етістіктен болса, араларына сызықша қойылады. Менің ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу. Қой бағу – қиын кәсіп.
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есім болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес – жиырма бес.
6. Сілтеу есімдігі мен жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан болған бастауышты, сондай - ақ зат есім, сын есім, есімшеден болған бастауыштарды көршілес тұрған зат есімнен болған сөйлем мүшесінің анықтауышы деп шатастырмас үшін, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл – жазушының байқағыштығын көрсетеді. жақсы – ісімен жақсы. Көрмес – түйені де көрмес.
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін, соңынан сызықша қойылады. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді

Жаттығумен жұмыс:
41 - жаттығу.
Көшіріп жазыңдар да, бастауыштан кейін тиісті жеріне сызықша қойыңдар.
Село үлкен. Бұл – Марқакөл ауданының орталығы. Алтай жайылымдары биыл ерекше. Ең бағалысы – қызыл балық.
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөйлемдерге синтаксистік, морфологиялық таладау жүргізеді.
42 - жаттығу.
Сөйлем түріне қарай талдап, бастауыштан кейін қойылған сызықшаның себебін түсіндіру.
43 - жаттығу.
Көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау жасау.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
1. Тұрлаулы мүше дегеніміз не?
2. Бастауыш дегеніміз не?
3. Баяндауыш дегеніміз не?
4. Мысал келтір?
5. Сөйлем құра?

Сергіту сәті «Күміс қақпа» тапсырмасы
Тапсырма -
Үйге тапсырма
Бағалау Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп алып,
Өсе берсін санамыз.
Өзін - өзі бағалау
Кері байланыс

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша. жүктеу
3 365
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Атырау қаласы, №2 орта мектептің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жаңартылған оқу бағдарламасы тренері Унгаралиева Назгул Имашевна
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×