Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш тілді білу – елге үлгі болу

13 мам 2015, Сәрсенбі
Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы, Е. Ш. Орақбаев атындағы ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Журалиева Шынаргүл Дәрібайқызы

Тақырып: Үш тілді білу – елге үлгі болу
“Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық, экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”
Н. Ә. Назарбаев

Жоспар:
I. Кіріспе «ҮШ ТІЛДІЛІК ТУРАЛЫ»
II. “Тілдердің үш тұғырлылығы” бағдарламасының мақсаты.
III. «Үш тілді білу – елге үлгі болу» сабақ жоспары
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Негізгі бөлім
a) «Талғалдыра таныстыру»
b) «Адасқан сөздерге жол сілте..»
c) «Сұрақ – жауап»
d) «Тапқыр болсаң, тауып көр»
e) «Үш тілді білу – заман талабы»
f) «Ана тіліме мөлтек сыр...»
3. Қорытындылау
4. Бағалау
IV. Қорытынды

Сабақтың тақырыбы: « Үш тілді білу – елге үлгі болу»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Өзіндік пікірін еркін жеткізуге ықпал ету, ойын жүйелі, қисынды жүйелеуге баулу. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырма, мысалдарға арқау болған сөйлемдер арқылы ана тілінің әр сөзінің қадірі мен қасиетін танып, ана тілдерін сүйіп, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Ой тастау, жүйелеу, шығармашылық ізденіс тапсырмаларымен жұмыс
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі, әдебиет, бейнелеу өнері.
Жұмыс формалары: топтық, жекелей.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Тіл туралы заң», тілге қатысты ой – толғаулар жинағы, түрлі түсті қағаздар мен қаламдар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатымен, кезеңдерімен таныстыру. Сынып екі топқа бөлу. Сабақты бағалайтын топ басшыларын тағайындау.

II. Негізгі бөлім:
1) «Таң қалдыра таныстыру» тренингін өткізу. Әр оқушы есімін айтып, таңданарлық іс – әрекет немесе өнер көрсетеді, не өзі туралы қызықты мәлімет береді.
2) «Адасқан сөздерге жол сілте...» Бұл кезеңде оқушылар адасқан сөздердің қисынын тауып, ана тілі туралы ой құрастырады. Құрастырған сөйлемді интерактивті тақтаға жазады. Жауабы: 1. « Ана тілім – арман қанатым» 2. « Өнер алды – қызыл тіл» 3. Тіл – өмірдің айнасы» 4. « Тіл – қоғам үні»

3) Сұрақ – жауап кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 10 – сұрақтан оқылады. Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 - ұпай беріледі
І топтың сұрақтары.
1) Междометие является частью речи? (да)
2) В предложений глагол бывает сказуемым? (да)
3) Омонимы одинаково пишутся и однаково звучат? (да)
4) Англияның астанасы Гастинг қаласы ма? (жоқ)
5) Ағылшын тілінде 44 – дыбыс бар. (иә)
6) « Раst Simple» - дегеніміз осы шақ. (жоқ)
7) «Pen – friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар» (иә)
8) Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар (жоқ)
9) – лау, - леу, - дау, - деу, - тау, - теу салыстырмалы шырай жұрнақтары ма? (иә)
10) Шылау сөйлем мүшесі бола ма? (жоқ)

ІІ топтың сұрақтары.
1. Фонетика изучает состав слова? (нет)
2. К главным членам предложения относятся подлежащее и сказуемое? (да)
3. Антонимы слова противоположного значения? (да)
4. Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? ( жоқ)
5. – ған, - ген, - қан, - кен есімшенің жұрнақтарыма? (иә)
6. «Әлдекім, кейбіреу» белгісіздік есімдіктері ме? ( иә)
7. Англияның астанасы Лондон (иә)
8. Ағылшын тілінде 30 әріп бар? ( жоқ)
9. «Parents» дегеніміз достар? (жоқ)
10. «Past continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ? (ия)
4 « Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылған ұяшықтар беріледі. Оқушылар ұяшықты таңдап, жұмбақтың шешуін тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. Толық әрі дұрыс жауапқа 50 – ұпай беріледі.

Жұмбақтар:
1) Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, байлауынан бір босамас қызыл ат. (Тіл, язык, language)
2) Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)
3) Жаза – жаза жалықпаған, жазу жазып арықтаған. ( бор, мел, chalk)
4) Тілдерімен жүреді, уақыт біледі. (Сағат, часы, clock)
5) Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріп, буква, letter)
6) Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың. (Мектеп, школа, school)
7) Жылт – жылт еткен, жылғадан өткен,
Базарды басқан, кентті кешкен (Су, вода, water)
8) Мамықтай ұлпа, қанттай ақ, қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар, снег, snow)
9) Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың (Тұз, соль, salt)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. ( Қоян, заяц, rabbit)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 515
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары. Зат есім.
Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Ана тілі – халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
«Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі» Білекке сенген заманда Ешкімге есе бермедік. Білімге сенген заманда, Қапы қалып жүрмелік
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Ағылшын тілін дамыта оқытудағы ақпараттық технологиялардың ерекшелігі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы, №78 мектеп ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакеева Галия Талгатовна
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі
Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық.
Үштілділік - заман талабы
Үштілділік - заман талабы
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×