Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәйф Сарай “Түркіше Гүлстан”

28 қыркүйек 2015, Дүйсенбі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
Абубакирова Тоғжан Манарбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сарай “Түркіше Гүлстан”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С. Сараидің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру. Сағдидің“Гүлстан“ кітабының түркі тілінде аудармасы екендігі, шығармадағы өсиет - өнеге, адамгершілік мәселесін сөз ету жайлы ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушыларға Шығыс ақындары туралы білімін кеңейте отырып, әлем мәдениетінің негізгі өкілдерінің төл туындылары мәні, мазмұны таныта отырып, түркі тілінің қыр - сырын тануға білім - білік дағдыларын жетілдіру.
- Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, мәдениетті болуға, поэзияның құдіретін тануға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, танымдық - шығармашылық.
Әдіс - тәсілі: оқу, талдау, сұрақ - жауап, салыстыру.
Көрнекілігі: сызба - кесте, слайдтар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Рабғузи өмірі мен шығармашылығы.
Лұқман Хакім туралы әңгімелерінің мәні.
3. Білімді жан - жақты тексеру.
- Ежелгі дәуір әдебиеті кезеңдерін ата?
- Әл - Фараби кім?
- Сопылық поэзияның атасы кім?
- Махмұт Қашқари еңбегін ата?
-“Құтты білік” дастаны неше принципке негізделген?
- Рабғұзидің “Қисса - ул - әнбия”еңбегінің мәні неде?

Жана сабақ. Сәйф Сараи “Түркіше Гүлстан” еңбегі туралы талдау, мәнін ұғындыру.

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сәйф Сараи - Алтын Орда әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес халықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде дами түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер. С. Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол -“Гүлстан бит - түркі”(Түркі тіліндегі Гүлстан) деп аталады.
Парсы - тәжік әдебиетінің классигі Сағди Ширазидің “Гүлстан” атты шығармасының еркін аудармасы. Қыпшақ тіліне аударған.

Сәйф Сараи аударған “Гүлстан бит - түркі” сегіз тараудан тұрады.
Бірінші тарау - ел билеушілер туралы.
Екінші тарау - халық бұқарасы жайында.
Үшінші тарау - қанағат - ынсаптың пайдасы туралы.
Төртінші тарау - тілге сақ болудың пайдасы туралы.
Бесінші тарау - жігіттік шақтық көріністері хақында.
Алтыншы тарау - кәріліктің адамды кәріп етіп қоятын туралы
Жетінші тарау - тәлім - тәрбиенің әсері жайында.
Сегізінші тарау - әңгімедегі әдептілік мәселесі тралы.

“Гүлстан бит - түркте” әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпау, сыпайылық
сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп.
Сәйф Сараи шығармасы - әлемдік әдебиеттің алтын қоржынынан орын алған көркем туынды.

6. Алған білімдерді тиянақтау.
- Сәйф Сараи аударма хикаялары мазмұны туралы айт.
-“Түркіше Гүлстан” шығармасы неше тараудан тұрады?

Т - 1.
Әдептілік, ар, ұят, адамгершілік туралы 2 - 3 мақал - мәтел жаз.
Т - 2
Тілдің құдіреті туралы ой толға.

Қорыта келгенде, Сәйф Сараи парсы тіліндегі Гүлстанды қыпшақ тіліне зор шеберлікпен аударғаны даусыз. Шығарманың түпнұсқасындағы кейбір қиын ұғымдардың қыпшақ тіліндегі эквивалентті баламасын тауып, оқырманға түсінікті етіп берген үлкен еңбек.

Үйге тапсырманы: “Түркіше Гүлстан” оқу.
Бағалау.
15 414
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
БҚО, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хасанова Алия Салимовна
Шыңның жеңімпазы (слайд)
Шыңның жеңімпазы (слайд)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Қарасу ЖОМ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абишева Айсулу Даирбековна
Рабғузидың «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары
Рабғузидың «Қарлығаштың адамға достығы», «Лұқман Хакім» қиссалары
Астана қаласы, №63 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бигожина Бахина Олжабайқызы
Сәйф Сараи "Түрікше Гүлстан"
Сәйф Сараи "Түрікше Гүлстан"
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Мұхтар Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Рабғузи қиссалары
Рабғузи қиссалары
Сабақтың тақырыбы: Рабғузи қиссалары Сабақтың мақсаты: а) Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту;
Сәйф Сараи Түркіше Гүлстан
Сәйф Сараи Түркіше Гүлстан
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірғалиева Ағила Серікқызы Сабақтың тақырыбы: Сәйф Сараи «Түркіше Гүлстан»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×