Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инженер мамандығының маңызы

12 қазан 2015, Дүйсенбі
Мақсаты: Оқушыларға инженер мамандығының ерекшеліктерін сипаттау арқылы қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, ой пікірлерін жеткізе білуге бағыттау, әртүрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін оята отырып, ұлтжандылық пен Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. жаңа сөздермен танысу, мәтін ішінен біріккен сөз, қоссөздерді теріп жазып, ажырата білу;
2. мәтінді талдау, инженер мамандығы адам өміріндегі алатын орнының маңыздылығын талдату
3. топта бірлесе жұмыс орындату арқылы ынтымақтастыққа үйрету
Сабақ жоспары:
Кіріспе бөлімі Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу
3. Мұғалім туған күндері бойынша топқа бөлу,
І топқа – желтоқсан, қаңтар, ақпан, қыркүйекте туғандар
ІІ топқа – наурыз, сәуір, мамыр, қазанда туғандар
ІІІ топқа – маусым, шілде, тамыз, қарашада туғандар

- Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында «Жүрек жылуы» ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау. «Шеңбер бойымен дөңгелеу» стратегиясы бойынша.
- Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады. Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге сұрақ қояды.

Тұсаукесер
Қызығушылықтарын ояту кезеңі 1. «Ассоциация» стратегиясы.
Сабақтың тақырыбын оқушыларға анықтату мақсатында «Бұл кім, тауып көрші» ойынын ойнату. Жұмбақ шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.
1) Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
2) Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (Тігінші)
3) Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
4) Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
5) Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды.
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (Етікші)
6) Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (Ұстаз)
7) Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (Мұғалім)
8) Адамның жүзін,
Басы мен көзін
Айнытпай салатын
Салатын кім суретін? (Суретші)
Жұмбақтарды шешіп болған соң, бүгін қай мамандық туралы өтетінімізді табу үшін
интербелсенді тақтадан тақырыпқа тікелей қатысы бар слайд көрсетемін.
«Осы слайдты көргенде сендер қандай ойға келесіңдер?
Біз бүгін сабақта қандай мамандық туралы сөйлесеміз деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойылады.
1. бұл мамандық өндірісте және транспортта;
2. ғылым мен техникада;
3. құрылыс пен экономикада, т. б. салаларда қажет мамандық.
Жауабы: инженер мамандығы
Мағынаны тану сатысы
1. «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.
Мақсаты: Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру.
Әр топ бұрын өтілген тақырыптар бойынша бір - біріне 3 сұрақтан қояды.
2. ЖИКСО - 1 стратегиясы бойынша оқулықтағы «Инженер мамандығы» мәтінімен жұмыс
Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т. б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес. Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады. Елдің өндіріс пен техника саласында дамуында бұл мамандардың орны ерекше.
1 - топ. Мәтінді мәнерлеп оқып, «Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады.» сөйлеміне синтаксистік талдау жасайды.
2 - топ. Мәтінді аударып, «Инженерлік», «Мамандардың» сөздеріне морфологиялық талдау жасайды.
3 - топ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, «Инженер» сөзін септеп, жіктейді,

Сергіту сәті. «Пантомимо» әдісі арқылы әр топ қарсыластарына 3 түрлі мамандық иелерін жасыру.

Әр топқа өз жұмыстарын қорғау тапсырылады. Жұмысты қорғау барысында тақырыпқа қатысты сөздік қорды тиімді және дұрыс пайдалануы тиіс.
Ой толғаныс сатысы 1. «Топтастыру» стратегиясы бойынша әр топ бірлесе отырып, «Инженер мамандығы» сөзіне топтастыру құрады
Мақсаты: Мамандық туралы ойларын жинақтау.
2. Әр топ «Инженер мамандығы – заман талабы» екенін мысалдармен дәлелдеу
Мақсаты: Өтілген сабақтың нәтижесін анықтау.
3. «Хат жазу» стратегиясы.
Мақсаты: Хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта не істегенін айта білуге дағдыландыру.
«Бүгін сабақтан алған әсерім» тақырыбында бір - біріне хат жазады.
Бағалау. 1. Әр топқа бағалау парақтары таратылады. Критерийлер бойынша топ басшысы топ мүшелерін бағалауы тиіс.
Бағалау парағы:
№ Критерийлер
1 Топтағы белсенділігі
2 Үй тапсырмасына дайындығы
3 Сұрақтарға жауап беруі
4 Тапсырмаларды орындауы
Қорытынды баға
3. Мұғалім топтық баға және өз бағалау парағы арқылы қорытынды баға шығарады.
4. Оқушылардың сабақтағы көңіл - күйлерін анықтау, сабақты оқушылардың бағалауы.
- Тақтада үш түрлі көңіл - күй смайлигі ілініп тұрады. Сабақтағы көңіл - күйлеріне байланысты қолдарындағы смайликті апарып жабыстырулары керек.
Үйге тапсырма беру. Берілген тұжырымдарды дәлелдеп келу
1 - топ: Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
2 - топ: Мамандық таңдау - күн көріс қамы.
3 - топ: Ақша болса, мамандық қажет емес.
Бағалау. Әр топ өз қарсыластарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.
4 570
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шамалар
Шамалар
шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.
Қазақстанның ғарышкерлері
Қазақстанның ғарышкерлері
Ғарышкерлер туралы білетіндерін қорытындылап, нақтылау, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Инженер мамандығы
Инженер мамандығы
Инкарбаева Жанар Ержанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×