Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Инженер мамандығы

17 қараша 2013, Жексенбі
Инкарбаева Жанар Ержанқызы

10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Инженер мамандығы – заман талабы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға инженер мамандығының ерекшеліктерін сипаттау.
Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, ой пікірлерін жеткізе білуге бағыттау.
Тәрбиелік: Әртүрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін оята отырып, ұлтжандылық пен Отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар, кино үзінділері.
Әдіс - тәсіл: СТО технологияларының стратегиялары
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, туған күндері бойынша топқа бөлу,
І топқа – желтоқсан, қаңтар, ақпан, қыркүйекте туғандар
ІІ топқа – наурыз, сәуір, мамыр, қазанда туғандар
ІІІ топқа – маусым, шілде, тамыз, қарашада туғандар

I. Қызығушылығын ояту
«Бұл кім, тауып көрші» ойынын ойнату. Жұмбақ шешкізу арқылы ойлай қабілеттерін арттыру.
1) Күміс қанат, сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі,
Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)
2) Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (Тігінші)
3) Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрігер емес, бірақ ол.
Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
4) Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
5) Оның тіккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды.
Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (Етікші)
6) Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді (Ұстаз)
7) Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы. (Мұғалім)
8) Адамның жүзін,
Басы мен көзін
Айнытпай салатын
Салатын кім суретін? (Суретші)
Жұмбақтарды шешіп болған соң, бүгін қай мамандық туралы өтетінімізді табу үшін слайдтан суреттер көрсетіп, мынадай сөйлемдерді айтамын.
1. бұл мамандық өндірісте және транспортта;
2. ғылым мен техникада;
3. құрылыс пен экономикада, т. б. салаларда қажет мамандық.
Жауабы: инженер мамандығы

Ойланайық, пікірлесейік
1. Сіз қандай маман болуды армандайсыз? Неліктен?
2. Адам өзін белгілі мамандыққа қашан қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
3. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
4. Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

II. Мағынаны ажырату.
1. «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.
Мақсаты: Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру.
Әр топ бұрын өтілген тақырыптар бойынша бір - біріне 3 сұрақтан қояды.
2. ЖИКСО - 1 стратегиясы бойынша оқулықтағы «Инженер мамандығы» мәтінімен жұмыс
Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инженерлік еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т. б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес. Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады. Елдің өндіріс пен техника саласында дамуында бұл мамандардың орны ерекше.
1 - топ. Мәтінді мәнерлеп оқып, «Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады.» сөйлеміне синтаксистік талдау жасайды.
2 - топ. Мәтінді аударып, «Инженерлік», «Мамандардың» сөздеріне морфологиялық талдау жасайды.
3 - топ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, «Инженер» сөзін септеп, жіктейді,
Сергіту сәті: «Пантомимо» әдісі арқылы әр топ қарсыластарына 3 түрлі мамандық иелерін жасыру.

III. Ой толғаныс.
1. «Топтастыру» стратегиясы бойынша әр топ бірлесе отырып, «Инженер мамандығы» сөзіне топтастыру құрады
Мақсаты: Мамандық туралы ойларын жинақтау.
2. Әр топ «Инженер мамандығы – заман талабы» екенін мысалдармен дәлелдеу
Мақсаты: Өтілген сабақтың нәтижесін анықтау.
3. «Хат жазу» стратегиясы.
Мақсаты: Хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта не істегенін айта білуге дағдыландыру.
«Бүгін сабақтан алған әсерім» тақырыбында бір - біріне хат жазады.

Үйге тапсырма: Берілген тұжырымдарды дәлелдеп келу
1 - топ: Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
2 - топ: Мамандық таңдау - күн көріс қамы.
3 - топ: Ақша болса, мамандық қажет емес.
Бағалау. Әр топ өз қарсыластарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.
9 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Инженер мамандығының маңызы
Инженер мамандығының маңызы
Мақсаты: Оқушыларға инженер мамандығының ерекшеліктерін сипаттау арқылы қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, ой пікірлерін жеткізе білуге бағыттау, әртүрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін оята отырып, ұлтжандылық пен
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Астана қаласы, «№3 мектеп - гимназиясы» КММ қазақ тілі мұғалімі Сокпакбаева Замзагүл Абылмашевна
Уақытты өлшеу. Секунд.
Уақытты өлшеу. Секунд.
Төлеби ауданы, Мәдени жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылықова Раушан Исланқызы
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Баймағанбетова Жанар Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×