Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өзгелік етіс

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
«№132 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Тулеутаева Кызыкты Серикбаевна

Қазақ тілі 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс
Сабақтың мақсаты:
а) Өзгелік етіс туралы түсініктерін қалыптастырып, жасалу жолдарымен таныстыру;
ә) Етістіктің түрлері, оның ішінде етістің түрлері туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру;
б) Достыққа, қамқорлыққа, шапшаңдыққа, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: ертегіге саяхат сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру, нұсқау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: слайд, суреттер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларымен амандасу.
2. Журнал бойынша оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген 240 - жаттығудың орындалысын тексеріп өтіп, қосымша сұрақтар қою.
1. Етіс дегеніміз не?
2. Етістің жұрнақтарын ата.
3. Өздік етіс дегеніміз не?
4. Өздік етістің жасалу жолы

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
1. Бүгінгі күн мен тақырыпты дәптерлеріне жаздырту
2. Сабақ мақсатымен таныстыру
3. Қызығушылықты ояту
Суретпен жұмыс
- Балалар, іс - әрекет бар да, сол іс - әрекетті орындаушы бар екенін және
олардың арасындағы қарым - қатынасты етіс деп атайтынымызды өздерін айттыңдар. №1 слайдқа назарларыңды аударсаңдар, суретте түрлі іс - әрекет үстіндегі адамдар бейнеленген. Бірде іс - әрекетті адамның тікелей өзі істесе, бірде өзге біреуге істетсе, енді бірде бірнеше адам ортақтаса істейді. Ал енді бірде іс - әрекет өздігінен жүзеге асып жатады. Міне, оындай қарым - қатынасты етістер дейміз.
- №2 слайдта берілген суреттен не байқап тұрсыңдар?
- Мұғалім оқушыға сабақ жазғызып отыр.
- №3 слайдқа назар аударыңдар. Суретте кім бейнеленген?
- Хореограф шәкірттеріне би үйретіп жатыр.
Айтқан сөйлемдердің етістіктерін тақтаға жазып, мағынасына талдау жасау. Яғни, балалар, іс - әрекет, қимылдың өзі емес, өзге біреу арқылы іске асатындығын білдіретін етістің түрі өзгелік етіс деп аталады.

Өзгелік етістің жасалу жолдары:
1) - ғыз, - гіз, - қыз, - кіз. Мысалы: сал - ғыз, жүр - гіз, айт - қыз, ек - кіз, тағы басқа.
2) - дыр, - дір, - тыр, - тір, - ыр, - ір.
Мысалы: ал - дыр, сен - дір, ас - тыр, кел - тір, жат - ыр, кет - ір, тағы басқа.
3) - т. Мысалы: таны - т, панала - т, тағы басқа.
Ұлы Отан соғысы адамзат тарихында ұмытылмастай із қалдырды. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар тату - тәтті өмір сүріп жатыр.
Сөйле - т
Сөйле - т - кіз
Сөйле - т - кіз - дір
Сөйле - т - кіз - дір - т
- Оқушылар, жоғарыда келтірілген мысалдардан көргендей, кей
жағдайда бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді. Мысалы: сат - қыз - дыр - т, сөйле - т - кіз, тағы басқа.
- Сұрақтарың бар ма?
Оқулықтарының 169 - бетіндегі тапсырманы ауызша орындату.

4. Жаңа тақырыпты пысықтау кезеңі
- Балалар, біз әдебиеттен «Ер Төстік» ертегісімен танысқан болатынбыз.
Біз бүгінгі сабағымызда «Ер Төстік» ертегісіне саяхатқа барамыз. Бірде Ер Төстік алыс сапарға кеткенде, одан кегін алмақшы болған Мыстан оның сүйіктісі Кенжекейді Ер Төстік кейіпіне еніп алып қашып кетеді. Сүйіктісін Мыстанның алып кеткенін естіген Төстік үш досын, яғни Таусоғарды, Желаяқты, Көлтаусарды ертіп жолға шығады. Күндердің бір күнінде олардың алдынан «Сиқырлы қақпа» шығады. «Сиқырлы қақпаны» ашып, оның ішіне ену үшін Төстік пен оның достарына тапсырмаларды орындау қажет екен. Біз де қарап отырмай, қазақ тілі сабағында алған білімімізді пайдаланып, Ер Төстікке көмектесейік.

«Сиқырлы қақпа» тапсырмасы:
Берілген өздік етістерді өзгелік етіске айналдырып, сөйлем құрап жазыңыздар.

Сүртін, киін, жуын.
- Балалар, сендердің білімдеріңнің арқасында Төстік пен оның достары
қақпаны ашып ішіне кірді. Алайда Мыстан оларды ары қарай өткізбес үшін өрмек құрып қойған екен. Ендеше біз де Төстікке өрмекті бұзып - жару үшін көмек көрсетейік.
Өрмек 6 түрлі тапсырмадан тұрады екен.
«Кубизм» әдісі бойынша жұмыс жасаңыздар:
1. Баяндаңыз. 242 - жаттығуды «Ағайынға салып ойлат» мәтінін оқып шығып, мазмұнын баяндаңдар. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын табыңыздар.
2. Талдаңыз. Мәтін ішінен өзгелік етістерді тауып, құрамына талдау жасаңыз.
3. Қолданыңыз. Өзгелік етіс туралы алған білімдеріңізді басшылыққа ала отырып, 245 - жаттығу жұмысын орындаңыз.
4. Зерттеңіз. Берілген сөздерге сатылай кешенді талдау жасау арқылы лексика - грамматикалық мағынасын зерттеңіз.
5. Құрастырыңыз. Берілген ұйқаспен 1 шумақ өлең құрастырып, құрамынан өзгелік етісті табыңыздар.
6. Салыстырыңыз. Өздік етіс пен өзгелік етісті салыстырыңыз.
242 - жаттығу.
1. Баяндаңыз.
Ағайынға салып ойлат
... Бір жолы баласы Жалмамбет «менікі жөн, олардікі теріс» деп, бір жайлау дауын әкесіне айтып отырады.
Сонда Бәйдібек би баласына:
- Өткелді саяз деме,
Таяғыңды салып бойлат.
Ісімді мақұл деме,
Ағайынға салып ойлат, - деп ақыл айтыпты деседі қариялар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
28 856
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Бірлік пен ынтымақ елі. Ортақ етіс
Өскемен қаласы. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ахметова Маншук
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Өзгелік етіс, ырықсыз етіс
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альбина Ерболатқызы
Есімше
Есімше
Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ескене ауылы Талдыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садықова Өрік
Өздік етіс
Өздік етіс
Қызылорда қаласы, № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×