Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспарлары. Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы

03 қыркүйек 2017, Жексенбі
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып.
Тақырыптар:
1. Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы
2. Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік
3. Тұрмыс – салт жырлары
4. Мақал–мәтелдер
5. Жұмбақтар


№1 Сабақ үлгісі:
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: І
5. Мұғалім: Р.Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға өнердің бір саласы болған – әдебиет туралы білім беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV. Жаңа сабаққа дайындық:
1. Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Әдебиет – ол да көркемөнер. Көркем өнердің сәулет, мүсінші, сурет, музыка сияқты түрлері болады.
Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл – күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз.
Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып – білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, роман повесть сияқты түрін білетін боламыз. Жанрдың ерекшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз.
Сондай – ақ әдебиеттің үлкен бір түрі – ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.

VІ. Түсінік тексеру:
1. Әдебиет не туралы ғылым?
2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?
3. Көркем әдебиет туралы А. Құнанбаев не деген?
4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?
5. 5 - сыныпта біз көркем әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?
6. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Топтастыру әдісі
Көркем әдебиет

Роман
өлең повесть
дастан
поэма
әңгіме

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.

1, 2, 3, 4, 5 сабақты жүктеу

6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау
21, 22, 23, 24, 25 сабақтарды қарау
26, 27, 28, 29, 30 сабақтарды қарау
31, 32, 33, 34, 35 сабақтарды қарау
36, 37, 38, 39, 40 сабақтарды қарау
41, 42, 43, 44, 45 сабақтарды қарау
46, 47, 48, 49, 50 сабақтарды қарау
51, 52, 53, 54, 55 сабақтарды қарау
51, 52, 53, 54, 55 сабақтарды қарау
56, 57, 58, 59, 60 сабақтарды қарау
61, 62 сабақтарды қарау
14 028
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлар (5 сынып) Тақырыптар: 1. Ана тілінің қызметі 2. Әдеби тіл туралы түсінік. 3. Әдеби тілдің ерекшеліктері. 4. Мәтін 5. Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 26. А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» 27. М. Өтемісұлы Соғыс 28. М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі туралы мәлімет. 29. Ы. Алтынсарин «Өзен» 30. Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты
Ертегілер оның түрлері (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ертегілер оның түрлері (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 6. Ертегілер оның түрлері 7. «Ер Төстік» ертегісі оның тақырыбы 8. «Аяз би» ертегісі, мазмұны 9. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі 10. «Сырттандар» ертегісі
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Халық ауыз әдебиеті. Тұрмыс-салт жырлары, түрлері, олардың ерешеліктері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×